№3 Ішкі аурулар кафедрасы

Алматы, Толе би 93, Қалалық кардиологиялық орталық. Тел. 9(727)2331809

 

Қалалық кардиологиялық орталық (ҚКО) кафедраның негізгі клиникалық базасы болып табылады. 6-курстың оқу жоспарында кардиология сұрақтары жалпы сағаттардың 24-25,6% құрайды. Арнайы төсек саны бойынша да, көрсетілген емдеу-диагностикалық көмек бойынша да ҚКО толығымен базалық емдеу-диагностикалық мекеме талабына сай келеді.

№7 клиникалық ауруханада қаладағы жалғыз гематологиялық бөлім орналасқан, мұнда гематологиялық саладағы науқастарға арнайы заманагөй деңгейдегі емдеу-диагностикалық көмек көрсетіледі.

Гематология бөлімінің базасында кафедра қызметкерлері проф. А.К. Косанованың басшылығымен тек студенттерді ғана оқытпай, сонымен қатар жас мамандарды қан ауруларының диагностика және емдеуінің заманауи әдістеріне, сонымен қатар кеміктің пункциясы және трепанобиопсиясына үйретеді.

№ 1 қалалық клиникалық ауруханада база кураторы

доц.А.С.Бекишеваның жетекшілігімен арнайы бөлімдерде «Жалпы терапиямен», «Гастроэнтерология», «Кардиология» циклдерінен сабақ өткізіледі.

«Ішкі аурулар» пәні кафедрада циклдік принципке негізделіп өтеді:

ЭКГциклі бойынша тәжірибелік сабақ 6 тақырып, 9 –күн; «Кардиология» циклі 10 тақырып, 12-күн; «Жалпы терапия» циклі 5- тақырып 8-күн; «Гематология» циклі 5 тақырып 9- күн; «Нефрология» циклі 3- тақырып 4-күн; «Эндокринология» циклі — 3 тақырып 4- күн; «Гастроэнтерология» циклі — 5 тақырып 9- күн.

Барлығы 37 тақырып, оған 54 күн бөлінген.

№3 ішкі аурулар кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмысы «Аса ауыр аурулардың жаңа диагностикасы және емдеуінің ғылыми негіздерін құрастыру, оларды Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтарында анықтау», мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі, ҚР мемлекеттік тіркеу № 01030039, шифр Ф-ГННТ И 87.21. «Экологиялық қолайсыз ірі қалаларда жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастыру» фрагменті бойынша докторлық диссертациялар жоспарында 5 тақырып бойынша жұмыс жүргізілуде. Орындаушылар: доц. Исинова Г.Н., доц. Альмухамбетова Р.К., доц. Жангелова Ш.Б., доц. Сембаева Д.А., м.ғ.к. Аяпова Г.К., ғылыми кеңесші – ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ Білім Академиясының корреспондент-мүшесі м.ғ.д., профессор – М.И. Даулетбакова.

№3 ішікі аурулар кафедрасының дамуының

2010-2012 жылдардағы стратегиясы.

Кафедрада компетентті білім үлгісі арқылы сапалы білім беру үрдісін қамтамасыз ету жүйесі саналы және кезеңді түрде өткізіледі, ол маманнан әрдайым жаңартылып отырылатын білімді және автоматизмге дейін жеткізілген тәжірибелік машықты талап етеді; оқушыларда патриотизмді тәрбиелейді, отанына деген тәуелділікті, тіліне, мәдениетіне деген құрметті тәрбиелейді.

Даму стратегиясы келесі жағдайлардың шешілуін біріктіреді.

1. Білім үрдісі

Тек құжатты-білуден жеке тұлғаға-бағытталған (компетентті) білім парадигмасына өту; білім үдерісіне имитациялы-үлгілі рөлдік ойындар, клиникалық талдауларды кеңінен енгізу; оқу үдерісіне кафедрада құрастырылған силлабусты енгізіп, барлық студенттерді оның электронды вариантымен қамтамасыз ету; оқу үдерісінің сапасын бағалау әдістерін әрі-қарай жетілдіру.

2. Клиникалық жұмыс

Науқастардың диагностикасы және емдеуі саласындағы жаңа технологияларды базалық ауруханалардың тәжірибесіне енгізу және бейімдеу; ҚКО кардиологияның өзекті мәселеллері бойынша дәрігерлерге арналған ғылыми-практикалық конференциялар және семинарлар ұйымдастыру және өткізу; Қызметкерлерді базалық аурухананың жұмыс сапасын талдауға қатыстыру арқылы, медициналық көмекке баға бере отырып, түзету шараларын қабылдау.

3. Кемеңгерлік жұмыс

Қазақстанның дамуының ұзақмерзімді жоспарларының ішінде ҚР Президентінің халыққа жолдауында көрсетілген: ұлттық қауіпсіздік, егемендік және тәуелсіздік тұр. Бұл студенттерде қазақстандық патриотизм және азаматтықты тәрбиелеуде алға қойылады.

Қазақстанның саяси өмірінің демократизация үдерісі ел азаматтарының елді басқаруға тікелей немесе ерікті сайлаған өкілдері арқылы белсенді қатысуы және қоғамдық қатынастарды құқықты реттеуі арқылы көрінеді. Бұл жағдай студенттерде құқықты және саяси мәдениетті тәрбиелеуді талап етеді.

Қазақстанның экономикасының әрі қарай дамуы үшін кәсіби мамандарды дайындау маңызды. Осыған байланысты кемеңгерлік жұмыстың барлық түрлерінің ішінде кәсіби бағыттау – жоғары білікті дәрігер дайындау ең негізгісі болып табылады.

Негізгі мақсаттардың бірі — ішкі жан-дүниені тәрбиелеу, себебі қоғамның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі жан-дүниесіне байланысты.

Қазақстан көпұлтты ел, басты тірегі қазақстан қоғамының тұрақтылығы, шыдамдылығы,адамдар арасындағы достық қатынастар. Осыдан қоғамның, ЖОО негізгі мақсаты – ұлтаралық мәдениетті және төзімділікті тәрбиелеу.

Біздің мемлекетіміздің күшті жақтарының бірі жоғары деңгейлі ғылыми және творчествалық потенциалы бар тұрғындары. Бұл капиталдың дамуы бізден оқушыларда білуге қызығушылықты тәрбиелеуді талап етеді.

Артып келе жатқан ақпараттардың ағынында болашақ дәрігерлердің интеллектуальді мәдениетін дамытудың қажеттілігі туындайды. Интеллектуальді тәрбиелеу- студентке тек дайын білімді алумен шектелмей, оны өз бетінше іздеуді үйрету.

4. Ғылыми-зерттеу жұмысы:

— «Жүректің ишемиялық ауруының өзекті мәселелері», тақырыбында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 80-жылдық мерей тойына арналған халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысу ;

-Кафедра ізденушілерімен 4 докторлық және 2 кандидаттық диссертацияларды қорғау; 30 ғылыми мақаланы баспаға беру;

— Ғылыми зерттеулер қорытындысы бойынша өнертапқыштыққа 3 патентке тапсырыс беру;

-Денсаулықсақтау тәжірибесіне және оқу үдерісіне 10 ұсыныс енгізу;

— Кафедрада ғылыми-зерттеу тақырыптарының фрагменттерін орындауда студент-үйірмешілерді қатыстыру.

№ 3 ішкі аурулар кафедрасының кадрлық құрамы

Кафедрада 16 штаттық қызметкер, 4 медицина ғылымының докторы:

■ кафедра меңгерушісі ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ Білім Академиясының корреспондент-мүшесі м.ғ.д., профессор –

М.И. Даулетбакова

■ медицина ғылымының докторы, профессор – Р.И. Семенова

■ медицина ғылымының докторы, профессор – А.К. Косанова

■ медицина ғылымының докторы, профессор – Г.С. Зиманова.

медицина

Штат құрамында – 4 доцент бар:

■ мед. ғыл. канд., доцент Альмухамбетова Р.К.

■ мед. ғыл. канд., доцент Енокян С.Г.

■ мед. ғыл. канд., доцент Жангелова Ш.Б.

■ мед. ғыл. канд., доцент Бекишева А.С.

Кафедрада 8 ассистент, соның ішінде 4-де медицина ғылымының кандидаты дәрежесі бар:

■ мед. ғыл. канд., ассистент Габбасова Э.З.

■ мед. ғыл. канд., ассистент Куланчиева Ж.А.

■ мед. ғыл. канд., ассистент Сабырбаева Г.А.

■ мед. ғыл.канд.,ассистент Сайланова Д.К.

Ғылыми атағы жоқ ассистенттер:

■ жоғары дәрежелі дәрігер-терапевт Попельная Л.А.

■ жоғары дәрежелі дәрігер-терапевт Шерияздан Ж.С.

■ жоғары дәрежелі дәрігер-терапевт Токсанбаева Г.Т.

■ дәрігер-терапевт Чумбалова А.С.

clip_image002 Даулетбакова Марьям Ильясовна – ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім Академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымының докторы, профессор, № 3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, жоғары категориялы дәрігер-терапевт.Қазақ медициналық институтының емдеу факультетін 1949 жылы бітірген соң, ҚазКСР ҒА аймақтық патология ҒЗИ аспирантураға түсті. 1952 жылы аспирантураны бітірген соң 1954 жылға дейін сол институтта кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Сонан соң 21 жыл бойы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында жұмыс істеді. Еңбек жолында ассистенттен ішкі аурулардың пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісіне, ғылыми жұмыс бойынша проректор деңгейіне дейін (1967-1975 жж..) жетті. 1976-1980 жылдары онкология және радиология ҚазҒЗИ ісікалды аурулар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.1980 жылдан бастап Даулетбакова М.И. АММИ № 2 ішкі аурулар кафедрасын меңгерді (кейіннен госпитальді терапия кафедрасы). 1980-1983 жылдары АММИ ғылыми жұмыс бойынша проректоры болды. 1983-1985 жылдары –Ғылыми Медициналық Кеңесінің төрайымы, ҚазКСР денсаулық сақтау Министрлігінің колегиясының мүшесі. 1997 жылдан бастап ҚазҰМУ ректорының кеңесшісі.

Қазіргі уақытта № 3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушусі. Ақмола, Қарағанды және Оңтүстік-Қазақстан медициналық университеттерінің құрметті профессоры. Марьям Ильясовна — Қазақстан терапевтерінің Ассоциациясының Президенті, аймақаралық гастроэнтерологтор Ассоциациясының Президиумының мүшесі (Москва), Орталық Азия пульмонологтар Ассоциациясының Президиумының мүшесі (Ташкент) болған, «Гастроэнтерология мәселеллері» журналының редакциялық коллегиясының мүшесі (Душанбе), “The Turkish Journal of Gastroenterology” журналының редакциялық кеңесінің мүшесі (Анкара) болып табылады.

М.И.Даулетбакова –ішкі аурулар медицинасының саласындағы ірі ғалым, 1993 ж. ҚР ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін оған ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. М.И.Даулетбакова 7 ғылым докторын және 17 кандидаттарды дайындап шығарды. 346 мақаланың, соның ішінде 3 монографияның, 2 оқулықтың, 5 оқу құралының авторы, 11 әдістемелік нұсқаулардың, 7 өнертапқыштық иесі.

М.И.Даулетбакова бірнеше рет Қазақстан медициналық ғылымын халықаралық және бүкілкеңестік съездерде және конференцияларда (Москва, Санкт-Петербург, Париж, Барселона, Стамбул) танытқан. Қазақстан терапевттерінің IV және V съездінің ұйымдастырушысы болған.

Ол кісі жетекшілік еткен кафедрада алғашқы рет студенттердің білімінің және іскерлігінің бағалауының рейтингтік жүйесі құрастырылып, енгізілген. М.И.Даулетбакова – ҚР негізгі жоғары медициналық білімінің Мемлекеттік стандарт Концепциясының авторы, (1996 ж.), сонымен қатар республиканың медициналық ЖОО алты медициналық мамандықтар бойынша Мемлекеттік стандарттар және оқу жоспарларының құрастырған; «ішкі аурулар» және «жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша Типтік бағдарламаның авторы. М.И.Даулетбакова ҚазҰМУ терапевттік саласының кафедраларының Циклдік әдістемелік комиссиясын басқарады.

ҚР денсаулықсақтау саласына және медицинаның тәжірибесімен теориясына қосқан үлесі үшін М.И.Даулетбакова «Құрмет Белгісі» орденімен (1971 ж.), Октябрь революциясының орденімен (1986 ж.), ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен (екі рет), денсаулықсақтау Министрлігінің Құрмет грамоталарымен (үш рет), «Денсаулықсақтау үздігі» значогымен (екі рет), КСРО медальдарымен және «КСРО өнертапқышы» значогымен марапатталды. ҚазММУ 70-жылдығына орай университеттің жоғары марапаты «Алтын стетоскоп» иегері болды.

М.И.Даулетбакова – жоғары білікті оқытушы. М.И.Даулетбақованың дәрістері, тәжірибелік сабақтары терең мазмұны, ерекше жеткізу түрімен айрықшаланады, бұл- ол кісінің үлкен клиникалық тәжірибесі. М.И Даулетбакова өткізетін клиникалық талдаулар, тәлім алуға, жас дәрігерлермен студенттерде клиникалық ойлауды жетілдіруге ықпал етеді.

clip_image004 Семёнова Раиса Ивановна — медицина ғылымының докторы, № 3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, жоғары категориялы дәрігер-терапевт.Қазақ мемлекеттік медицина институтын 1964 ж бітірген соң Алматы қаласында учаскелік-терапевт болып жұмыс істеді. 1967 — 1970 жылдары аймақтық патология ҚазҒЗИ аспирантурада оқып, «Алматы қаласындағы Бронх демікпесінің ағымының аймақтық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1970 жылдан Қазақ мемлекеттік медицина институтында жұмыс істеді, бастапқыда факультеттік терапия кафедрасында ассистент қызметінде, сонан соң пульмонология курсында меңгеруші болды. Бұл курс алғашқы рет ҚазҰМУ 1979 жылы Р.И. Семёнованың профессор К.М.Маскеевпен бірге қатысуымен құралды. 1979 жылдан бастап доцент, сонан соң фтизиопульмонология кафедрасының профессоры болды. 1990 жылы Ленинградта: «Қолайсыз экологиялық жағдаймен ірі қаладағы өкпенің бейспецификалық ауруларының таралуы және созылмалы обструктивті бронхиттің ағымы» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.1994 жылдан 2004 жыл аралығында № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі болды. Профессор Р.И.Семенованың және кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы респираторлық медицинаны зерттеу айналысында болды. Ол кісі 250-ден аса ғылыми мақалалардың, соның ішінде 7 өнертапқыштықтың, ПОҚ біліктілігін жоғарлатуы бойынша 4 типтік бағдарламаның, әдістемелік нұсқаулармен құралдардың авторы.

Негізгі ғылыми зерттеулері бронх демікпесі, өкпенің обструктивті аурулары, пневмониялармен науқастардың мониторинг, диагностика, емдеу, реабилитациясы мәселелеріне арналған. Оқушыларымен бірге геронтологиялық аспекттер, гомеостаздың биохимиялық маркерлері, емнің медикаментозды емес әдістерін құрастыруда.

Профессор Р.И.Семенова 2 докторлық және 8 кандидаттық диссертацияға жетекшілік етті. Алматы қаласында профессор Р.И.Семенованың басшылығымен алғаш рет ӨСОА және өкпенің интерстициальдік ауруларымен науқастарға үйде демеушілік көрсету ұйымдастырылған.

Соңғы 5 жылда ол Алматы қаласында ӨСОА күресу күніне орай дәрігерлерге семинарлар өткізеді (ДДҰ).

Профессор Р.И.Семенова тыныс ағзаларының ауруларының ауруханалық және амбулаторлы-емханалық кезеңдегі диагностикасы және емі бойынша дәрігерлерге арналған стандарттарды (хаттамаларды) құрастырған.

Ол кісінің тікелей қатысуымен республикада Халықаралық және республикалық Конгресстер, съездер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізіледі. Ол 1996 жылы Алматы қаласында өткен Орталық Азия пульмонологтарының 2-ші Халықаралық Конгрессінің Президенті болған.

15 жыл бойы (1993 -2008 жж.), өзі алғашқы рет құрған оқытушылардың және дәрігерлердің біліктілігін жоғарлату факультетінің деканы болған. Мұнда ол, Қазақстан пульмонологтарын дайындау және біліктілігін жоғарлату циклін өткізеді .

Профессор Семенова Р.И. 12 жыл бойы ҚР денсаулық сақтау Министрлігінң бас штаттан тыс пульмонологы болған, қазіргі уақытта Алматы қаласының бас пульмонологы.

clip_image006 Косанова Алия Капаркановна – № 3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы, жоғары категориялы дәрігер-терапевт.Алматы мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1989 жылы үздік аяқтаған.Сонан соң 1989-1991 жж. «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды, 1991-1994 жж. – ҚазММУ госпитальді терапия кафедрасында аспирантурада оқыды. 1995 ж. «Фосфор өндірісінде істейтін сау жұмысшылардың және фосфор қосылыстарымен созылмалы уланған науқастардың иммунды жүйесінің жағдайы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1995 — 1997 жылдары сол кафедрада. ассистент, сонан соң доцент болып қызмет етті. 2004 ж. докторантурадан соң «Алматы қаласының тұрғындарындағы миелодисплазиялық синдромдар» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2007 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін № 3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры қызметінде.

90 аса ғылыми мақаланың авторы, соныің ішінде біреуі 1 оқу-әдістемелік құрал, 4 әдістемелік нұсқау, 1 өнертапқыштыққа патенттің иесі.

ҚазҰМУ терапевттік саласының кафедраларының Циклдік әдістемелік комиссиясын хатшысы, жоғары дәрігерлік категорияны беру бойынша Аттестациялық комиссияның мүшесі.

clip_image008 Зиманова Гульжамал Салыковна –медицина ғылымының докторы, № 3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры,жоғары категориялы дәрігер-терапевт.Алматы мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1973 жылы аяқтаған. 1974 — 1976 жылдары Алматы облысының ауылдық учаскелік ауруханасында жұмыс істеген. 1976 -1979 жж. «Ішкі аурулар» бойынша аспирантурада оқыған. 1982 жылы «ЖИА науқастардағы гемостаз және микроэлементтердің алмасуының жағдайы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.С 1979-1988 ж. АММИ пульмонология курсында ассистент болып қызмет етті 1988-2003 ж. – ҚР ПІБ орталық клиникалық ауруханасында дәрігер және меңгеруші болып қызмет етті. 2004 — 2009 жж. доцент, сонан соң ҚазҰМУ № 4 ішкі аурулар кафедрасының профессоры болып жұмыс істеді.

2006 ж. «Егде жастағы науқастардағы ауруханадан тыс пневмонияның клиника-диагностикалық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2009 ж. наурызынан С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ № 3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры болып қызмет етеді.

48 мақаланың авторы, соның ішінде ҚР өнертапқыштығы патентінің иегері.

№ 3 ішкі аурулар кафедрасында профорг.

clip_image010 Альмухамбетова Рауза Кадыровна – доцент, медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер-терапевт, жоғары категориялы дәрігер –кардиолог.Алматы мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1974 жылы үздік аяқтаған. 1977 жылдан — госпитальді терапия кафедрасында «кардиология» бойынша аспирантурада оқыған.1984 жылы кандидаттық диссертация қорғады, сонан соң АММИ № 1 ішкі аурулар кафедрасында ассистент болып, ал 1990 жылдан доцент болып қызмет етті.

2001 жылдан – №2 ішкі аурулар және ЖШМК кафедрасының доценті, ал 2007 ж. — №3 ішкі аурулар кафедрасының доценті. 166 аса ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде 10 әдістемелік нұсқау, 4 өнертапқыштыққа патентке ие.

Кафедрада студентердің ғылыми үйірмесіне жауапты.

clip_image012 Енокян Сергей Георгиевич – доцент, медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер-нефролог.Алматы мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1971 жылы үздік аяқтаған.Сонан соң 1972 — 1981 жылдары №2 ҚКА 1 урологиялық бөлімінде дәрігер-уролог болып, кейін бөлім меңгерушісі болып қызмет етті.

1980 жылы кандидаттық диссертациясын Киевтегі А.А. Богомольцтің физиология институында қорғады.

1982 ж. АММИ Ғылыми-ұйымдастыру бөліміне аға ғылыми қызметкер болып тағайындалды, кейін патент бөлімінің жетекшісі болды.

1986 жылдан ассистент, кейін доцент болып АММИ госпитальді терапия кафедрасында қызмет етті. 2001 ж. №2 ішкі аурулар және ЖШМК кафедрасының доценті, ал 2007 ж. — №3 ішкі аурулар кафедрасының доценті.

130 аса ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде 4 әдістемелік нұсқау, 12 өнертапқыштыққа патентке ие.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты.

clip_image014 Бекишева Алия Сабировна – №3 ішкі аурулар кафедрасының доценті, медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер- терапевт.Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1974 жылы үздік аяқтағаннан соң, Алматы қаласының 2-ші қалалық ауруханасында терапевт дәрігер-ординатор болып, сонан соң Республикалық клиникалық аурухананың гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1982-1984 жж. академиялық клиникалық ординатурада оқыды. 1985-1990 жж. КСРО ҒАМ аймақтық тамақтану мәселелері институтының гастроэнтерология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарды. 1989 жылы «Локомотивтік бригадалардың жұмысшыларындағы ойық жара ауруы, қауіп факторларын бағалау және алдын-алу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1990 ж. ҚазҰМУ факультеттік терапия кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді, 1993 ж. доцент болып сайланды. 2000 ж. – № 2 ішкі аурулар кафедрасының доценті, ал 2008 жылдың қыркүйегінен — №3 ішкі аурулар кафедрасының доценті. Кафедрада әдістемелік жұмысқа жауапты.Бекишева А.С. — 67 ғылыми жұмыстың авторы, «Медициналық ЖОО-ң студенттеріне арналған ішкі аурулар бойынша тесттер» оқу құралының авторлар ұжымына кіреді және 4 дәрігерлерге арналған нұсқаулар құрастырған.
clip_image016 Жангелова Шолпан Болатовна – доцент, медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер. Семей мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1988 жылы үздік аяқтаған.Сонан соң «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатураға түсті. Ординатурада оқып жүргенде «Семей облысының тұрғындарындағы созылмалы гломерулонефриттің иммуногенетикалық сипаттамасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы бойынша жұмыс істей бастады. 1990 жылдан — госпитальді терапия кафедрасында күндізгі аспирантурада оқыды.1995 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, сонан соң СММИ педиатриялық және стоматологиялық факультеттер үшін ішкі аурулар кафедрасында ассистент болып қызмет етті.

2001 жылдан — ассистент, 2006 жылдан №2 ішкі аурулар және ЖШМК кафедрасының доценті, ал 2007 ж. — №3 ішкі аурулар кафедрасының доценті.

130 аса ғылыми мақаланың авторы, соның ішінде 1 монография, 2 әдістемелік нұсқау, 6 өнертапқыштыққа патентке ие.

Кафедраның клиникалық жұмысына жауапты.

clip_image018 Попельная Людмила Александровна – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, жоғары категориялы дәрігер- терапевт.Алматы мемлекеттік медициналық институтының, емдеу факультетін 1963 жылы үздік аяқтаған.Сонан соң «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатураға түсіп, оны 1970 жылы бітірді.

1973 жылдан госпитальді терапия кафедрасының ассистенті, ал 2007 ж.- ҚазҰМУ №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті.

40-тан аса ғылыми мақаланың авторы. Кафедрада тәрбие жұмысына жауапты.

clip_image020 Габбасова Эльмира Закиевна – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер- терапевт.Қазақ мемлекеттік медицина университетін 1995 жылы үздік аяқтады. 1995-1997 жылдары ҚазММУ госпитальді терапия кафедрасында «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті қызметін атқарады.2005 жылы «Алматы қаласының тұрғындарындағы Шенляйн-Генох пурпурасының патогенезі, клиникасының ерекшеліктері және ағымын болжау ауруының» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

40 ғылыми мақаласы жарық көрген. Кафедраның оқу ісіне жауапты.

clip_image022 Куланчиева Жанна Арапбаевна — №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, медицина ғылымының кандидаты.Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1994 жылы бітірді. Сонан соң 1998 жылға дейін Алматы қаласында № 12 емханада учаскелік дәрігер болып жұмыс істеді.1998-2000 жылдары ҚазММУ факультеттік терапия кафедрасында «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 2000-2002 жылдары «Медеу» МО бас дәрігері болып қызмет етті, сонан соң Алматы қаласының № 14 емханасының бас дәрігерінің орынбасары болды.

2003-2006 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ патологиялық физиология кафедрасында аспирантурада оқыды. 2007 жылы «Тәжірибеде ванадидің гемо- және нейротоксикалық әсерін түзету жолдары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

18 ғылыми мақаланың авторы. Кафедрада КІБ және СБЖ (сапаны басқару жүйесі) жауапты.

clip_image024 Сабырбаева Гульжан Амангельдыевна – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер- гематолог.АММИ емдеу факультетін 1996 жылы бітірген соң Алматы қаласының № 7 ҚКА ересектер гематологиясы бөлімінде дәрігер-ординатор болып қызмет етті. 2003-2005 жылдары С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №2 ішкі аурулар және ЖШМК кафедрасында «Гематология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 2005 жылдан №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті.2009 жылы «Созылмалы миелолейкоздың миелолейкоза клиника-цитогенетикалық ерекшелігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Кафедрада шаруашылық-ассистенті болып табылады.

clip_image026 Шерияздан Жадыра Сіләмқызы – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, жоғары категориялы дәрігер- терапевт.Қазақ мемлекеттік медицина университетін 1995 жылы үздік аяқтады. 1995-1997 жылдары ҚазММУ госпитальді терапия кафедрасында «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті қызметін атқарады.«Қосарланған патологияның ерекшеліктері: вирусты гепатиттер және гемобластоздар» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс жүргізуде. 34 ғылыми мақаласы жарық көрген. Кафедраның қазақ бөлімінде оқу ісіне жауапты.
clip_image028 Сайланова Даме Койшыбаевна – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, медицина ғылымының кандидаты.1985 жылы акад. И.П.Павлов атындағы Самарқанд Мемлекеттік Медицина Институтын бітірген.1985-1986 жж. дәрігер-инфекционист мамандығы бойынша интернатура өткен. 1986 — 1992 жж инфекционист болып Қарақалпақ АКСР Ленинабад ауданының ОАА жұмыс істеді. 1992-2000 Өзбекстан Республикасында балалардың тамақтануы Приаралье ҒЗО-да ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.2000 — 2006 жж. — Ташкент Педиатриялық Медицина Институтының Нукустегі филиалындағы (Қарақалпақстан Республикасы) жалпы гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының ассистенті. 2006- 2008 жж. — Алматы Медициналық колледжінде оқытушы. 2008 ж. қазанынан қазіргі уақытқа дейін №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті қызметін атқарады.

2004 жылы кандидаттық диссертация қорғады, дәрігер-гастроэнтерологтың сертификатына ие. 17 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 2 әдістемелік нұсқау бар.

Кафедрада азаматтық қорғанысқа жауапты.

clip_image030 Токсанбаева Гульжан Тынышбековна – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, жоғары категориялы дәрігер- терапевт.Қазақ мемлекеттік медицина университетін 1996 жылы үздік аяқтады. 1996-1998 жылдары ҚазММУ госпитальді терапия кафедрасында «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті қызметін атқарады.«Қант диабетінің 2 типімен науқастардағы ЖИА ерекшеліктері» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыс жүргізуде..

15 ғылыми мақаласы жарық көрген, соның ішінде 3 әдістемелік нұсқау бар.

clip_image032 Чумбалова Аян Санжаровна – №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті.2005 жылы Қырғыз-Ресей Славян Университетін (ҚРСУ) «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді.2005-2007 жылдары «Терапия» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды.

2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті қызметін атқарады. Кафедрада іс-жүргізуші.

clip_image034 Бобкина Эра Павловна — № 3 ішкі аурулар кафедрасының аға лаборанты.1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі – орыс тілі және әдебиеті пәнінен филолог-оқытушы.Партия, кеңестік және кәсіподақтық жұмыстарда (Қазақстан Компартиясының ОК ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, кадр бөлімінің методисті).

1996 жылдан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің клиникалық бөлімінің методисті болды. 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ Ұлттық медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасының. аға лаборанты болып табылады.

Оқытушылардың құрамының 75% ғылыми атағы және лауазымы бар. Барлық оқытушыларда базалық білімі бар, ғылыми-педагогикалық стажы 10 жыл және одан аса 87 % құрайды. Сонынмен, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР жоғарғы мектебінің талаптарына сай.

Қосымша ақпарат