№3 Хирургиялық аурулар кафедрасы

1954 ж санитарлы-гигиеналық және педиатрия факультетінің факультеттік хирургия кафедрасы болып құрылған. 2004 жылдан бастап, осы күнге дейін кафедра меңгерушісі проф А.С.Ибадильдин.

Кафедра құрылғалы бері жедел іш, торакальді, жүрек-қантамырлар хирургиясы, порталды гипертензияның көкейкесті мәселелерімен айналысып келеді. Хирургтер мектебін құрды. Қазірде кафедра дәстүрлі істерімен, оның ішінде  оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды, оқу барысында жаңа инновациялық технологияларды, кеуде, құрсақ, жамбас ағзаларына миниинвазивті шараларды енгізу барысында ерен еңбек етуде.  Кафедрада   осы  кезде  14  қызметкер  жұмыс  атқарады,  оның  ішінде –м.ғ.д. 4, м.ғ.к. —  6.

Хирургтардың   сьезінде,  конгресстерде,  конференцияларда   кафедра   профессорлары, доценттері  мен  ассистенттері өздерінің   шұрайлы  да  бағалы баяндамаларымен  ҚазҰМУ  беделін  көтеріп жүр.  Тек  қана   көтеріп  қоймай  осындай   форумдарды   ұйымдастырып отырады. 2009 ж ҚазҰМУ  күніне  арналған «Перитониттер»  тақырыбына  халықаралық  конференция   өткізді.  Жыл сайын өткізілетін   РФ  мен  ТМД  елдерінің   халықаралық хирург-гепатологтарының  Конгресіне  кафедра   меңгерушісі проф. А.С.Ибадильдин   қатысып  Университетіміздің мәртебесін  көтеруде.  Ғылыми қоры монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік ұсыныстар шығарылумен қатар, Халықаралық және Республикалық басылымдарда жарық көріп, ғылыми педогогикалық және дәрігерлік қызметкерлерді дайындауға септігін тигізіп отыр.

Поисковые слова:

№3 Хирургиялық аурулар кафедрасы

Кафедра тарихы

1954 ж санитарлы-гигиеналық және педиатрия факультетінің факультеттік хирургия кафедрасы болып құрылған. Кафедраның меңгерушісі ғылымға еңбегі сіңген профессор и.ғ.д Брякин М.И. болды. Кафедраларды біріктіру нәтижесінде 1959-1976 жж аралығында кафедраны ғылымға еңбегі сіңген профессор А.Б.Райз басқарды. 1976-1980 жж аралығанда ҚР ҰҒА академигі проф. М.А.Алиев жетекшілік етті. 1980-1998 жж «ҚР профилактикалық медицина» академигі, м.ғ.д. проф М.К.Куланбаев басқарды. 1994-1998 жж кафедра мемлекеттік тілде сабақ беретін «Хирургиялық аурулары» курсы болып өзгертілді. 1998-2000жж «Хирургиялық аурулары» курсының меңгерушісі болып м.ғ.д, профессор А.С.Ибадильдин тағайындалды, ал 2000ж бастап курс кафедраға дейін кеңейіп кафедра меңгерушісі проф А.С.Ибадильдин басқарды. 2000-2004жж аралығында кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.к, доцент Б.М.Нокербекова атқарды. 2004 жылдан бастап осы күнге дейін кафедра меңгерушісі проф А.С.Ибадильдин. Кафедра құрылғалы бері жедел іш, торакальді, жүрек-қантамырлар хирургиясы, порталді гипертензияның көке»тесті мәселелерімен айналысып келеді. Хирургтер мектебін құрды. Кафедра қызметкерлері Қазақстан, Орталық Азия, КСРО хирургтері съезін ұйымдастыруға белсене қатысып, бағдарламалы баяндамалар жасады. Қазірде кафедра дәстүрлі істерімен, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды, оқу барысында жаңа инновациялық технологияларды, кеуде, құрсақ, жанбас ағзаларына миниинвазивті шараларды енгізу барысында ерен еңбек етуде. Қазіргі таңда кафедрада гепатохирургтер проф А.С.Ибадильдин, доц К.К.Амантаева, М.М.Масалин, асс Н.Е.Сарманов, жүрек-қантамырлар хирургтары проф Т.Ж.Егембердиев, Г.К.Айтхожин, колопроктолог доц Б.М.Нокербекова, ангиохирург доц Б.Ж.Нурахманов, абдоминалді хирургтер доц Г.И.Трипольская, В.К.Шегай, асс Д.К.Бердибаев, Н.С. Досжанов, А.П.Байзакова, Д.Ю.Кузьмин жұмыс істейді. Резидентурада Н.Байжигитов, А.Медетбекова оқып жүр. Барлық қызметкерлер поливалентті хирургтер, эндовидеохирургиялық операцияларды жасайды. Кафедраның ардагерлері м.ғ.к, доц Г.И.Трипольская, доц Б.М.Нокербекова, М.М.Масалин жас қызметкерлер мен студенттерге өздерінің бай тәлім тәрбиесін осы күнге дейін беруде. ҚР Хирургтар Конгрессі, съезі, конференцияларында профессор, доцент, ассистенттер ҚазҰМУ атынан баяндамалар жасап ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатынасады. 2009 ж ҚазҰМУ күніне қарсаңында кафедра «Перитонит» тақырыбына байланысты конференция өткізді. Ғылыми қоры монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік ұсыныстар шығарылумен қатар Халықаралық және Республикалық басылымдарда жарық көріп ғылыми педогогикалық және дәрігерлік қызметкерлерді дайындауға септігін тигізіп отыр.

Емдеу жұмысы


№3 «Хирургиялық аурулар» кафедрасының келесі клиникалық ауруханаларда базасы бар:

1. №7 ҚКА, 85 төсектік хирургиялық орын, оның құрамына жалпы хирургия, инфекциялық хирургия, реанимация және интенсивті терапия бөлімшелері кіреді.

2. ҚР ҚМ әскери клиникалық госпиталі 50 төсектік хирургиялық орын.

3. ҰОСАГ 30 хирургиялық және 3 төсек реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі

4. Іле аудандық ауруханасы, 60 төсектік хирургиялық орын, онда Алматы облысының Іле ауданының науқастарына жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық медициналық көмек көрсетеді.

Кафедра қызметкерлерінің хирургиялық қызығушылықтары кеуде клеткасы мен құрсақ қуысы ағзаларының ауруларын, магистралді артерия және вена ауруларын қамтиды. Кафедрада гепатохирургтер, панкреатологтар жұмыс істейді: м.ғ.д., профессор А.С.Ибадильдин, м.ғ.к., доцент К.К.Амантаева, жүрек-қантамырлар хирургтері: м.ғ.д., профессор Т.Ж.Егембердиев, доцент Б.Ж.Нурахманов, профессор Г.К.Айтхожин, колопроктолог хирург м.ғ.к., доцент Б.М.Нокербекова, абдоминалді хирургтер м.ғ.к., доцент М.М.Масалин, доцент Г.И.Трипольская, ассистенттер А.П.Байзакова, Д.К.Бердибаев, Н.Е.Сарманов Н.Е, Кузьмин Д.Ю, Досжанов Н.С.

Операция жасау көлемі жоспарлы, шұғыл хирургияны, кеуде клеткасы және құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттық зақымдалуын, магистралді қантамырлар және вена ауруларын, қосарланған жарақаттарды, ішкі ағзалардың паразитарлы ауруларын қамтиды. Аурухананың таңертеңгілік конференциясын қабылдап, паталогоанатомиялық конференциясын өткізеді, бөлімшелерде науқастарға кеңес беріп, консилиумдар жүргіземіз. Кафедра қызметкерлерінің басым бөлігі жоғары және бірінші категориялы хирургтер, тек Алматы қаласында емес сонымен қатар Қазақстанның шеткі аймақтарына барып ФПК өткізіп тұрамыз. Осылармен қатар кафедра қызметкерлері Ресейдің басқа қалаларында, айта кетсек Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан қалаларының жетекші ғылыми институттарында өздерінің білімдерін жетілдіріп тұрады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

«№3 Хирургические болезни» кафедрасы порталды гипертензия синдромы, жедел құрсақ қуысы аурулары, қосарланған жарақаттар мәселесімен айналысады. Осы тақырыптар бойынша халықаралық, қалалық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп, баяндамалар жасалды.


Ғылыми- тәжірибелік конференциялар:

1) Научно-практическая конференция «Новые аспекты диагностики и лечения сочетанной травмы мирного времени», 2007 ж

2)Научно-практическая конференция «Актуальные вопросы геронтологии», 2007 ж

3)Международная научно-практическая конференция «Перитониты» 2009 ж.

Алматы және Алматы облысы бойынша дәрігер–хирургтардың ғылыми қоғамының отырыстары жыл сайын өткізіледі, оның ішінде: 2006ж. 21 желтоқсанда мемлекеттік тілде бірінші рет біздің кафедра ұйымдастырды.

2007 ж Т.Ж. Егембердиев «Қолқа және магистралды артериялардың окклюзиялық жарақаттануында жасанды тамыр алмастырғыштарды қолдану»

Соңғы 5 жыл аралығында кафедра қызметкерлерінің шығарған ғылыми еңбектері

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымының 2005-2010 жж аралығындағы

ЕСЕБІ


Кафедрада студенттердің ғылыми ұйымы 1998 жылдан бастап жұмыс істейді, оның құрамында 4,5,6,7 курс емдеу факультетінің 20-25 студенті бар.Алғашқы ғылыми жиналыс дәстүр бойынша оқу жылының басында ұйымдастырудан басталады, онда ұйымның бір жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылып бекітіледі. Ұйым мүшелері кафедра оқытушыларымен бірлесе отырып өздеріне ғылыми жұмыстарының тақырыптарын таңдайды. Ғылыми жұмыстар баяндама және клиникалық материалдарды өңдеу нәтижесінде алынған ғылыми – зерттеу жұмыстары болып екіге бөлінеді. Студенттердің ғылыми ұйымы айына бір рет өткізіледі, көбіне бір отырыста екі баяндама қазақ және орыс тілдерінде тыңдалып, ауыр және сирек кездесетін хирургиялық патологиясы бар науқастарды демонстрациялаумен аяқталады. 2005 жылы ҚазҰМУ Ғылым Күніне арналған ғылыми конференциясының ІІ-ІІІ турында біздің студенттер қатысып «Мақтау қағазымен» марапатталды. Олар 616 топтың студенттері Сулейменов, А. Тұғамбаев- «Өте сирек кездесетін құрсақ қабырғасының жарықтары», Рахадилов Е 612 топ – «Сирек кездесетін бүйрек үсті безінің артериалды гипертензиясы»«2005 жылғы университетті үздік бітіруші түлек» конкурсында келесі баяндамалар ұсынылды: 739 топтан Султангазиев Т., мемлекеттік тілде «Миниинвазивные методы хирургического лечения осложненного цирроза печени»; 740 топтан Ағашов Нурлан – «Применение алловенозных трансплантатов в хирургии окклюзирующих заболеваний сосудов нижних конечностей»; 740 топтан Асубаев Азамат – «Пути улучшения хир2006 жылы интерн-хирургтер Кожахметов Т., Джувашев А. Ғылым Күніне арналған ҚазҰМУ қортынды ғылыми конференциясында баяндама жасап «Коронаропластика әдістері, стенттеу түрлері», «Диагностика и лечение узловых образований щитовидной железы» (ғылыми жетекшісі доц Б.М.Нокербекова) ІІІ орынды иемденді. Олардың да ғылыми жұмыстары ҚазҰМУ студенттердің ғылыми жұмысы басылымында жарық көрді. 2007 жылғы Ғылым Күні конференциясында 2 студент баяндама жасап алғыс алды. ІІ турына Мансурова А қатысып «Консервативная терапия тромбофлебитов глубоких вен в условиях ЦРБ» тақырыбына арналған жұмысы КазҰМУ студенттердің ғылыми жұмысы жиынтығында басылып шықты.2008 жылғы университетті үздік бітіруші түлек конкурсында интерн-хирургтердің 3 жұмысы ұсынылды, олар Мансурова А, Саукимбаева М,

Н. Захарованың жұмыстары. Мансурова А., баяндамасын ағылшын тілінде оқып ІІІ турында шет ел тіліндегі баяндамалардың ішінен 3 орын алды. ургического лечения желчно-каменной болезни».

2009 жылы интерн-хирург Байжигитов Нурлан кезекті университетті үздік бітіруші түлек конкурсына қатысты. Сол жылы ҚР ғылым және білім министрлігінің басқаруымен өткен Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсында б ірінші орын алды. 3.07.2009 жылы ол жүрек-қантамырлар хирургиясына арналған Астана қаласында өткен ІІІ съездінде баяндама жасады. Баяндаманың тақырыбы «Қолқа аневризмасының хирургиясы». Осы тақырыпқа байланысты 2009 жылдың 6-9 желтоқсанда өткен Бүкіл Ресейлік жүрек – қантамырлар хирургиясының 15 съезінде стендтік баяндама жасады. 3.09.2009 жылы Байжигитов Н., «Топографиялық патология және оперативті хирургия» кафедрасының 75 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық деңгейде өткен 5 Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында «Морфологическая характеристика атеросклероза у больных с окклюзирующими поражениями брюшной аорты и магистральных артерий нижних конечностей» атты тақырыбына баяндама жасады. 2010 жылы кафедра студенттердің ғылыми конференциясының І турына 3 баяндама ұсынды.

Кафедра біздің университет студенттерінің ғылыми және тәжірибелік қалыптасуына ҚР денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ғылыми және педагогикалық қызметкерлер дайындау барысында студенттік ұйымының маңызды екенін ескертеді.

Тәрбие жұмысы 2005-2010 жж аралығындағы есебі


Университетте ҚазҰМУ дамытудың жаңа концепсиясына сәйкес ҚР денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және ҚазҰМУ ректоры А.А.Акановпен бекітілген даму стратегиясы бойынша жұмыс істейміз. Кафедрада жыл басында тәрбие жұмысы бойынша жоспар құрылып төменде көрсетілген тәрбиелік жұмыстар өткізіледі: Кафедраға сабаққа келген әр топқа жауапты ассистенттер клиниканың жұмыс тәртіптерімен, ереже құқықтарымен таныстырып, ауруханадағы бөлімше қызметкерлерімен және клиникадағы жатқан науқастармен қандай қарым-қатынаста болуы, медициналық этика және деонтологиямен таныстырамын. Кафедра емдеу факультетiнiң 5-6 курс студенттерiне жетекшілік етіп, тәрбие жұмысын жүргіземіз.

2005 жылы қазан айында өткізілген Сызганов атындағы «Хирургия Орталығының» 60 жыл мерей тойына кафедра қызметкерлері түгелдей қатынасты. Студенттердің хирургиялық үйірмесінде профессор Егембердиев Т.Ж., кафедра қызметкерлеріне және студенттерге осы орталықтың жалпы тарихымен және сонда қызмет атқарған атақты хирургтардың, ғалымдардың өмір баянымен таныстырып қысқаша баяндама жасады.

Жыл сайын 25 қазанда ҚР Конституциясын қабылдау күніне байланысты жауапты кураторлар сабақта жүрген топтармен әңгіме жүргізіп талқыланып, пікір алысып ой – пікірлерін ортаға салады.

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысында өткізген денсаулық сақтау активінде қаралған денсаулық сақтау ісінің кейбір актуалды мәселелеріне арналған кездесудегі іс-шаралар туралы студенттер және кафедра қызметкерлері арасында әңгіме өткізілді.

Емдеу факультетiнiң 6 курс студенттері арасында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған әлемдік дағдарысқа байланысты жолдауын талдадым. Негізгі сұрақтары:

1. Әлемдік дағдарысқа Қазақстанның қарсы шаралары – мұнайдың экспортынан түскен қаражат тікелей халықтың мүқтаждығына жұмсалатыны туралы Президент өз жолдауында баса айтты.

2. Қазіргі заман талабына сай жұмыссыз қалғандарды кәсібін ауыстырып жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу.

3. Ипотекалық құрылыстарға қаржылай көмек көрсету, жоспарланған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын уақытша тоқтата тұру.

4. КР Президенті коррупциямен күресу туралы көп көңіл бөлді.

5. Білім беру саласын жақсарту ретінде: студенттік кредит жүйесін енгізу- төмен пайыздық немесе пайызсыз еліміздің жастарына ұзақ мерзімге кредит беру.

Президенттің жолдауында келтірілген көкейтесті мәселелерін кафедра қызметкерлері бір ауыздан дұрыс мақұлдап, оң баға берілді. Бұл жолдау КР халқына әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп мүмкіндіктер береді.

Осы тақырыпқа байланысты асс А.П.Байзакова кафедра қызметкерлері және сол кезде сабақ өтіп жүрген студенттерге баяндаманы 2008 жылдың 6 ақпанында жасалды. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылғы стратегиясына байланысты Қазақстанның дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін біздің, яғни медицина саласындағы жүрген қызметкерлер мен еліміздің студент жастарының қосар еңбектері туралы доцент М.М.Масалин кафедра қызметкерлері мен студенттер арасында әңгіме жүргізіп ой-пікір алмастырды. Бұл істе саналы тәрбие, сапалы білім алып бәсекеге төтеп беретін медицина саласының маманы болуына жастарды тәбиелеуіміз абзал. Патриоттық іс-әрекет көрінісінің бірі, қазіргі кезде коррупцияға қарсы пәрменді күрес жүргізу. Осы салада оқытушылар жастардың санасына жемқорлыққа деген жеркенішті сезімді оятып және оны бекітуге қажет. ҚР демографиялық жағдайын жақсарту жолында не iстеу керек екенi туралы 5 курс (акушер) студенттерi өз пiкiрлерiн ортаға салып талқылап, көпшiлiктiң пiкiрi экономикалық жағдайды жақсарту, соның ішінде болашақ аналарға деген қазіргі мемлекеттің жасап жатқан көмектері туралы және де «Нұр Отан» партиясының алға қойған жоспарлары туралы пікірлерді құптап бір ауыздан мақұлдады. ҚР 2005-2010 жылғы медицина саласына арналған мемлекеттік дамытудағы заңдарына сәйкес дәрігірлер мен оқытушылардың еңбек ақысын жоғарылату нәтижесінде кафедра қызметткерлерінің еңбек өрлеуін туғызды.

Осы мәселелер төңірегінде кафедра қызметкерлерi бiрлесе отырып талдап өздерiнiң пiкiрлерiн айтты.