№ 2 Хирургиялық аурулар кафедрасы

№ 2 Хирургиялық аурулар  кафедрасы (2000 жылдың қыркүйек айына дейін Госпиталдық хирургия кафедрасы) 1935 жылдың  қыркүйек  айында құрылған.

Осы кафедраның  алғашқы меңгерушісі қызметін Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген дәрігері және ғылымға еңбегі сіңген қайраткері  Зикеев Виктор Васильевич  20 жыл бойы атқарды. Оның (1935-1955 жж.) басшылығымен 18 кан­ди­дат­тық,  2 докторлық диссертация жазылып, қорғалған.

 

 

1956-1957 жылдары  кафедра  меңгерушісі  қызметін  Николай Семенович Народецкий  атқарды. Ол 1917 жылы МГУ-дің дәрігерлік факультетін бітірген. 30 жыл бойы Қызыл Армияда болып, жай полк дәрігерінен үлкен соғыс госпиталының хирургия бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтерілген. 1946 жылдан госпиталдық хирургия кафедрасының доценті  қызметін  атқарып, соғыс кезінің хирургиясына арналған 13 ғылыми жұмыс жариялаған.

1957-1958 жылдары кафедра меңгерушісі болып  Валентин Сергеевич Гамов сайланды. Ол 1905 жылы туып, Ленинградтың Әскери-дәрігерлік академиясын бітірген.

 

 

1959 жылдан бастап,  21 жыл бойы,   Михаил Иванович Брякин кафедра меңгерушісі  болды.  1927 жылы Томск университетінің дәрігерлік факультетін бітірген. Ол 1947 жылы республикада бірінші рет өңештің  қатерлі ісігін емдеуде пластика қолданды. М.И.Брякин басшылығымен 3 доктор, 32 ғылым кандидаты диссертация қорғады.

 

1980-1986 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін  Көкеев Тұрар Қойшығараұлы атқарды. 1959 жылы Алматы дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін,  кафедрада аспирантурада қалдырылған.  Ол 155 ғылыми ең­бек­тің авторы, Қазақстан жоғарғы оқу орындарының құрметті қызметкері. Оның басқаруымен бір ғылым кандидаты дайындалып, қорғады. Қазіргі кез­­де осы  кафедрада  профессор  қызметін атқарады.

 

1986-2003 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор  Еділ Айдарханұлы Апсатаров атқарды. Ол Қазақстанда қантамырлары хирургиясының негізін қалаушы. Алматы дәрігерлік институтын 1962 жылы бітірген. Е.А.Апсатаров баспадан шыққан 450-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде бесеуі монография  түрінде.  Көп­теген  халықаралық конгресстер мен  кон­фе­рен­цияларға қатысқан. Е.А.Ап­са­та­ров­тың басшылығымен 8 доктор,  26 ғылым кандидаты дайындалды.

 

2003 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның меңгерушісі қызметін профессор Әбдірәлі Оспанов атқарып жүр. Ұлты – қазақ. 1950 жылы Шымкент облысының Шаян селосында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 1977 жылдан бері жұмыс істейді. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Гемосорбция в комплексном лечении облите­рирующих заболеваний нижних конечностей» (1985 ж.). Докторлық диссертация тақырыбы: «Озонотерапия в ком­плексном лечении разлитого гнойного перитонита» (1998 ж.). Ол баспадан шыққан 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде 1 монография және 5 өнертапқыштық патент бар. Оның басшылығымен 2 ғылым кандидаты және 2 ғылым докторы дайындалды. Ол жылына 130 жуық асқазан-ішек және өт жолдарына күрделі операциялар жасайды.

Қазіргі кезде кафедрада 9 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 2 профессор (Ә.Оспанов, Т.Қ.Көкеев), 4 доцент (Б.Р.Балмағамбетов, Нам Ч.Е., М.У.Жуловчинов, А.Б.Атантаев) және 3 ассистент (Н.Х.Мұсабаев,  Б.И.Айбергенов, Н.С.Досжанов) бар. Барлығыныңда ғылыми дәрежелері бар.

БАЛМАҒАМБЕТОВ БАҚЫТ РЫСМАҒАМБЕТҰЛЫ. Медицина ғылымының кандидаты (1993 ж.). Медицина доценті (1999 ж.). 1952 жылы Қызылорда облысының Қазалы поселкесінде туған. Ұлты — қазақ. 1975 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Жоғарғы санатты жүрек-қантамырлар хирургі.  Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Синдром грудного выхода». ҚазҰМУ-де 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 125 ғылыми еңбектің иегері. Оның ішінде қазақ тіліндегі  бір «Хирургиялық аурулар» оқулығы, 1 оқу құралы, 10 оқу-әдістемелік ұсыныстар және 12 өнертабыс авторлық куәліктер бар.

Нам Чун Ель. 1954 жылы Ресей Федерациясы, Сахалин аралының Корсаков қаласында туған. Ұлты – корей. Медицина ғылымының кандидаты (1993 ж.). Медицина доценті (2005 ж.).  1977 жылы №2 Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Профилактика нагноений послеоперационных ран при деструктивных аппендицитах». Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 24 ғылыми еңбектің иегері. Оның ішінде 1 оқу құралы, 3 өнертабыс авторлық куәліктер бар.

Жуловчинов Марат УразайҰлы. 1953 жылы Мәскеу қаласында туған. Ұлты — қазақ. 1980 жылы Новосибирлік мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымының кандидаты (1991 ж.). Медицина доценті. 1977 жылы №2 Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Оптимизация хирургической тактики лечения ущемленных грыж у больных старшей возрастной группы». Жоғарғы санатты хирург. ҚазҰМУ-де 1991 жылдан бері. Ол 48 ғылыми еңбектің және 6 рационализаторлық үсыныстардың иегері.

КӨкеев   ТҰрар   КойшЫҒАРАҰЛЫ. 1933 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үш-Арал селосында туған. 1958 жылы ҚазММИ  үздік бітірген. Содан бері осы кафедрада қызмет істеп келеді. 1981 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» деген құрметті атағы берілді, 1997 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургиялық орталығының «Құрметті профессоры» болып сайланды. Ол 155 ғылыми мақалалардың, 2 оқулықтың, 2 оқу құралының авторы.

МҰсабаев НҰрлан ХалыҚҰЛЫ. 1953 жылы Алматы қаласында туған.  Ұлты — қазақ. Медицина ғылымының кандидаты (1987 ж.). 1976 жылы Алматы  мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Отдаленные результаты селективной проксимальной ваготомии». Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 1997 жылдан бері. Ол 60 ғылыми еңбектің иегері. Оның ішінде 6 рационализаторлық ұсыныстар пен 1 өнертабыс авторлық куәлік бар.

Атантаев алибек БалабекҰЛЫ. 1964 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының Мирный поселкесінде туған. Ұлты — қазақ. Медицина ғылымының кандидаты (2003 ж.). Медицина доценті. 1991 жылы Алматы  мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Озонотерапия в комплексном лечении панариция».  Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 2004 жылдан бері кафедрада жұмыс істейді. Ол 15 ғылыми еңбектің иегері.

Айбергенов Бахытжан Ильясұлы. 1960 жылы туған. Ұлты — қазақ. 1991 ж.  Ақтөбе  мемлекеттік  медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Медицина ғылымының кандидаты (2007 ж.). Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Құрсақтың қысылған қайталама жарығына аллотрансплантант қолдану арқылы хирургиялық емдеуді жетілдіру».  Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 2006 жылдан бері кафедра ассистенті болып жұмыс істейді. Ол 19 ғылыми еңбектердің иегері. Оның ішінде  1 өнертабыс авторлық куәлік бар.

Досжанов Нариман Сапараліұлы. Семей мемлекеттік медицина институтын 1994 жылы бітірген.

Лауазымы – ассистент. Педагогикалық өтілі — 11 жыл. Ол 9 ғылыми еңбектердің иегері.

 

 

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ

«Іш қуысының жедел  хирургиялық ауруларының оңтайландыруы, диагностикасы және емдеуі».

Кафедрада 15 докторлық, 67 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Шығарылымдар: 18 монография, хирургия пәнінен 3 оқулық,  14 ғылыми еңбектер жинағы, 30 оқу-әдістемелік ұсынылымдар.

Поисковые слова: