Эндокринология кафедрасы

Эндокринология кафедрасының тарихы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми кеңесінің шешімімен және ҚазҰМУ ректоры А.А.Ақановтың 2009 жылдың 25 тамызындағы бұйрығы бойынша алғаш рет эндокринология кафедрасы құрылды. Кафедраның клиникалық базасы кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ болып табылады.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д, профессор Абылайұлы Жангентхан. Оның ғылыми жұмысы кең спектрлі актуальді эндокринология проблемаларын шешуге арналған: диабетология, тиреоидология, метаболикалық синдром, радиационды экология және медицина. Кафедра қызметкерлері – ұзақ жылдар бойы педагогикалық және ғылыми стажы бар балалар және үлкендер эндокринологиясының жоғарғы сапалы мамандары жұмыс жасайды.

Эндокринология кафедрасы құрылғалы штатта 2 м.ғ.д, профессор, 4 м.ғ.к, доцент, 5 ассистент олардың ішінде 2 медицина ғылымының кандидаттары, 1 аға лаборант,1 лаборант бар. 3 докторлық және 1 кандидаттық диссертация қорғауға дайындалуда және аяқталды.

Кафедраның мақсаты

Эндокринология саласы бойынша студенттерге, резиденттерге сапалы білім беру. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру реформасына орай кафедра қызметкерлері мына семинарларда білім алды: «Медициналық білім беруде инновациялық технология», «Тестология негіздері». «Тест сұрақтарын дұрыс құрастыру және олардың нәтижесі», «Бағдарламалар, сабақ беру және студентті бағалау үрдісін ұйымдастырудағы заманауи қағидалар мен тәсілдер». Сонымен қатар Республика дәрігерлерінің білімін қайта жетілдіру біліктілігі бойынша кезең құрылды.

Осы жылы эндокринология мамандығы бойынша 14 дәрігер біріншілік мамандандырудан және 10 дәрігер білімін жетілдіру кезеңінен өтті.

Кафедраның ғылыми жұмыстары дәстүрлік фундаментальді бағытта ғана емес (диабетология, тиреоидология, репродуктивті эндокринология), сонымен қатар жаңа актуальді проблемаларды: АПУД жүйесінің гормондарын зерттеу, цитокинотерапия және цитокинодиагностика, геронтология, эндокринология ауруларын емдеудегі бағаналық жасушалардың технологиясы.

Кардиолгия және ішкі аурулар ҒЗИ қызметкерлерімен бірге халықаралық конференцияларды ұйымдастыруға қатысты: «Геронтологияның актуальді проблемасы» (сәуір 2010 ж.), «Ортаазиялық гастроэнтерологиялық апта» (мамыр 2010 ж.).

Кафедра Университетпен 2007 ж. (Жапония) Нагасаки қаласымен Халықаралық байланыс жасауда. Бірігей зерттеу жұмыстары бағаналық жасушалардың технологиясы аймағында, сонымен қатар эндокринді аурулардың емдеудегі инновациялық әдістері.

Кафедраның халықаралық қызметтестігі

  • Абылайұлы Ж — кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
  • Нурбекова А. А — м.ғ.д. профессор;
  • Даньярова Л.Б — м.ғ.к. доцент;
  • Молдабек Г.Қ — ассистент;
  • Алипова А.Т — ассистент;
  • Бөгенбаева Г.А — ассистент.

 

Жангентхан Абылайұлы

1949 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туылған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор.

1972 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 1980 жылы Москва қаласында кандидаттық диссертациясын, 1990 жылы докторлық диссертациясын қорғап, медицина ғылымдарының докторы дәрежесін иеленді. 1998 жылы профессор ғылыми атағы берілді. 1992 жылдан бастап қант диабетін зерттейтін Халықаралық Федерацияның Американдық Ассоциациясының мүшесі.

1994-1998 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Гигиена және кәсіптік аурулар» ҒЗИ-ның директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2001 жылдан бастап «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ-ның директорының орынбасары.

2003 жылдың ғылыми қайраткері номинациясы бойынша «Алтын адам- 2003» сыйлығының лауреаты, «Алтын стетоскоп» премиясының лауреаты. Қазақстанда Сент-Винсен декларациясын ДДҰ-на ендіруші координатор.

Ол 310 ғылыми мақалалардың, 6 монографиялық зерттеулердің авторы, 22 патенті бар. Жангентхан Абылайұлының жетекшілігімен 3 медицина ғылымдарының докторы және 30 ғылым кандидаттары дайындалды. Бүгінгі таңда ғалымның жетекшілігімен 3 гранттық ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде Жапон ғалымдарымен де жүргізілуде.

Методикалық жұмыс

1. Оқытушыларға арналған орыс және қазақ тіліндегі методикалық кеңес:

1) Гипоталамо – гипофизарлы жүйенің аурулары

2) Қантты диабет (1 тип)

3) Қантты диабет (2 тип)

4) Қалқанша безінің аурулары

5) Семіздік

6) Бүйрек үсті безінің аурулары

 

2. Студенттерге арналған орыс және қазақ тіліндегі 6 тақырып бойынша методикалық нұсқау.

 

3. Студенттерге арналған орыс және қазақ тілінде 6 тақырып бойынша СӨЖ методикалық нұсқаулар.

 

1) Гипоталамо – гипофизарлық жүйенің аурулары

2) Қантты диабет

3) Қалқанша безінің аурулары

4) Семіздік

5) Бүйрек үсті безінің аурулары

6) Қалқанша маңы безінің аурулары

2008 жылы басқада «Қалқанша бездің аурулары» тақырыбына қазақ тілінде методикалық кеңестер басып шығарылды.

Поисковые слова: