Фтизиопульмонология кафедрасы

Алғаш рет туберкулез курсы өз алдына 1935 жылы бөлініп шықты (1935 жылдың 25-қазанындағы № 109 бұйрық) және де «үлгілі ұстаз және ғылыми қызметкер» ретінде приват-доцент қызметіне Байгурин Әлжан Махмұдұлы ұсынылды. Ол кісі қазақ және орыс тілдерін әдеби-ғылыми деңгейде меңгерген, еңбектері екі тілде басылып шыққан. Медицина институтында жас ғалым білімділігі мен еңбекқорлығы үшін жоғары бағаланды, бірақ 1938 жылы қуғынға түсіп, қайтыс болды.  1956 жылы толық ақталды.

Қазақ Ұлттық медицина университетінің туберкулез кафедрасы 1941 жылдың 12-қарашасында КСРО ХКК жоғарғы мектеп істері бойынша Комитетінің 1941 жылғы 4-қарашасындағы № 137 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.  Кафедраның бірінші меңгерушісі — Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинград қаласынан көшіп келген профессор М.Р.Борок, доценті – С.Е.Незлин, ассистенттері – Е.А.Трейлих және М.Е.Морозов болды. Кейінгі жылдардағы кафедра меңгерушілері:

  • ҚР еңбегі сіңген дәрігер және ғылым қайраткері профессор Василий Иванович Зюзин (1943-1964).
  • Доцент Қасенов Әдікен Нұркейұлы (1964-1975).
  • Профессор Маскеев Қуаныш Мүбәрәкұлы (1975-1996)  м.ғ.д., ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Жаратылыстану ғылымдары Академиясының Академигі және Вице-президенті.
  • Профессор Момынов Талғат Әшірұлы (1996-2002),  РМҒА академигі, Гамбургтік медицина және алдын алу академиясының академигі, Польша медицина академиясының академигі, Халықаралық туберкулез және өкпе ауруларына қарсы  күресу Одағының мүшесі, Қазақстан фтизиатрлары Ассоциациясының президенті.
  • 2002 жылдан бастап фтизиопульмонология кафедрасының меңгерушісі – медицина ғылымдарының докторы, профессор Рақышева Анар Садуақасқызы

 

Қазіргі таңда кафедрада:  меңгеруші  — профессор А.С. Ракишева; академик Т.А. Муминов; ҚР ғылымына еңбек сінірген қайраткер профессор К.М. Маскеев; медицина ғылымының докторы Н.А. Бейсебаев; доценттер: Б.С. Дюсенбекова Н.С. Сыздыкова, Б.Т., Кумисбаева, С.С.Салимова,  Л.Ш.Касенова, Ф.А. Искакова, А.Г. Исаева, ассистенттер   медицина ғылымының кандидаттары : В.В. Шацких, Ч.Т. Нуркабаев, Г.У.Есетова, Еркенова Г.С., Макулбаева У.Т., ассистенттер: Г.А. Ауельбекова, Ш.К. Жумабаева, Х.М. Даутова, Н.Р.Сейтханова, стажер-оқытушылар Костюкевич Ю.В., Алгазиева Г.Д., резиденттер А.Я. Абубакиров, Г.Д.  Рыскулов, аға лаборант А.Х. Ишингалиева, лаборант Г.Байжанова.

 

Олар тек оқу педагогикалық үрдісте ғана емес, сонымен қатар халықаралық ғылыми өмірде деүлестері бар; халықаралық конгрестермен симпозиумдарда баяндамаларымен жәнемәлімдемелерімен шығуда, шетел басылымдарында жариялануда. Оқу үрдісінде білім беруде белсенді әдістер қолдануда: аз топтағы жұмыстар, «дөңгелек стол», «ми шабуыл», қиын жағдайларды сараптау.  Білім беру үрдісінің нәтижелігін арттыру үшін педагогикалық  ақпараттануды қолдануда- ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін пайдалануда көпшілігін кафедра оқытушыларыларымен жасалған: электронды оқулықтар «Туберкулезді диагностика және емінің халықаралық стандарттары», Момынов Т.А. клинико рентгенологиялық атлас «Өкпе туберкулезі және оның салыстырмалы диагностикасы», видеофильмдер, сонымен қатар  «CD дискте Туберкулездің әр түрлі клиникалық түрлерінің рентгенограммасын көрсететін оқу бағдарласмасы», «Балалардағы туберкулезді алдын алу», «Қышқылға төзімді микобактериялардың микроскопиясы», «Бронх демікпесі- глобальді стратегия», «ӨСОА-  диагностикасы және емі», «Торакоскопия диагностика және емі» тәжірибелік дағдыларды меңгеруді жақсартады, білім деңгейн және сапасын жоғарылатады. Кафедраның барлық қызметкерлері «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар», «Айғақты медицина», «компьютерлік біліктілікке» оқытылған. Кафедра сонымен қатар дипломнан кейінгі фтизиатр дәрігерлердің біліктілігін жоғарлату, ЖТД интерн дәрігерлер, терапевтер, педиаторлар және резиденттерді оқытуда.

Кафедра ғылыми зерттеу жұмыстарын әр түрлі бағытта теориялық және тәжірибелік фтизиатрияда жүргізуде. ҚР Туберкулез Мәселелерінің Ұлттық Орталығымен бірлесе отырып кафедра ҚР ДМ НТП «Әр түрлі дәріге тұрақты туберкулезді алдын алу шараларын дайындауда». ҚР Бірінші Президент қорының грант қолдауымен ҒЗЖ жүргізілуде «Студенттер-  туберкулезбен ауруда қауіп қатер тобы». Ғылыми жетістіктер қала маңында, облыста, Қазақстанның әр аймақтарында енгізілген.  Соңғы жыл ішінде 2 өнертабысқа патент алынды және 2 мақала рецензияланған журналдарға шықты.

Фтизиопульмонология кафедрасының оқу клиникалық базаларына: ҚР Туберкулез Мәселелерінің Ұлттық Орталығы және АОА МСТ Теміржол ауруханасы жатады

Кафедраның актілі күндеріне ойластырылып келесі конференциялар өткізілді:

  • профессор Маскеев К.М. 80-жылдығына арналған(14.02.12),
  • профессор Иоффе Л.Ц еске алуға арналған., (30.03.12),
  • туберкулез қоздырғышының ашылуының 130-жылдығына арналған ғылыми-студенттік конференция (29.03.12),
  • жауынгер ауғандықтарға арналған, студенттік  патриоттық конференция,  (17.02.12).

Кафедра қызметкерлері 6 курс студенттерін дайындап, олармен бірлесе қаламыздың басқа да ЖОО ((КазҰТУ  (12.04.12),  КазҰПУ  (11.04.12), КазЖЕНПУ (21.04.12) туберкулезді алдын алу және анықтау сұрақтары бойынша конференциялар өткізілді.

 

Кафедраның негізгі міндеттері – оқыту әдістерін оңтайландыру және қарқындату арқылы оқу үрдісін жетілдіру,  туберкулез және өкпенің бейспецификалық  ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу бойынша тиімді технологияларды өңдеп, тәжірибеге енгізу,  сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.