Оториноларингология кафедрасы

Оториноларингология кафедрасы Қазақ медициналық институтында 1936 жылы, тумасынан ұйымдастырушы, ғалым, Ленинград қаласының  оториноларингологтар мектебінің өкілі Ермолаев Василий Гавриловичтің басшылығымен ашылды. Қазақстанда жұмыс істеген жылдарында ЛОР-ауруларының кафедрасын басқарғаннан басқа, ол қатарынан бірнеше міндеттерді атқарған:  халық комиссарлар Кеңесі емханасының бас дәрігері, №1 клиникалық емхананың бас дәрігері, ҚазМИ директорының орынбасары және ҚазКСР денсаулық сақтау халық комиссариатының орынбасары. Ол «Здравоохранение Казахстана» журналында табысты жұмыс атқарды. Еңбектегі жетістіктері үшін Қазақстан партиясы және үкіметімен ҚазКСР  ғылымына еңбегі сіңген қайраткер атағы берілген, Еңбек Қызыл Туы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Қазақстанның аудандық, облыстық комитеттерінің мүшесі болған.

1939 жылдан бастап, В.Г.Ермолаевтің Ленинградқа кеткенінен кейін, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., ал 1947 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы Борис Владимирович Еланцев болды. Ол  Томскідегі оториноларингология мектебінің өкілі, атақты, аса көрнекті ғалым, ұйымдастырушы, Қазақстандық оториноларингология мектебінің қалаушысы: 7 м.ғ.д., 37 м.ғ.к. дайындаған, ЛОР-мүшелерінің хирургиялық аурулары бойынша, қазіргі кезде де практикалық денсаулық сақтау саласында үлкен сұранысқа ие, монография жазған.

Ол құрметті демалысқа кеткен соң кафедраны 1973-2002 жж. профессор С.Е.Тайбогаров басқарды. Мамандықтың әр түрлі бөлімдері бойынша ғалымның 6 монографиясы жарық көрген. Оның  ғылыми мектебін 1 доктор және 11 медицина ғылымдарының кандидаттары құрады.

2002 жылдан бастап қазіргі кезге дейін оториноларингология курсын, кейін, 2005 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д. Д.Е.Жайсақова басқарады.

Д.Е.Жайсақова Алматыдағы ринологтар қоғамының төрайымы, 09.06.01 «Астана» ММУ ОП Диссертациялық Кеңесінің мүшесі, редакция алқасының мүшесі, №5 ҚКА Аурухана Кеңесінің мүшесі, КИЛИ мүшесі болып табылады. Оның жетекшілігімен 3 докторлық, 10 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертациялардың рецензенті мен оппоненті болған.

Ғылымға қосқан үлесі үшін профессор Д.Е.Жайсақова «Әл-Фараби» медалімен марапатталған. 2008 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігімен «ЖОО үздік оқытушысы» атағын иеленуге ұйымдастырылған Республикалық байқаудың нәтижелері бойынша, кафедра доценті Кулимбетов А.С. республикалық Грант иегері болды. Оған ҚР білім және ғылым Министрлігінің «2008 ж. ЖОО үздік оқытушысы» атты күәлігі мен төс белгісі берілді.

Оториноларингология кафедрасы іс-әрекеттерінің мақсаты:

Оториноларингология кафедрасының мақсаты болып, мамандарды даярлап шығару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кафедрада білім алушылардың арасында тәрбие жұмыстарын атқару, ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау, тұрғындарға емдеу-кеңестік көмек көрсету және практикалық денсаулық сақтауға  оториноларингологиялық мамандықтағы ғылыми-практикалық жетістіктерді енгізу саналады.

Оториноларингология кафедрасының міндеттері:

оқу-әдістемелік жұмыстар; ғылыми-зерттеу жұмыстары; тәрбие жұмысы; емдеу-кеңестік жұмыстар.

Оториноларингология пәнінің теориялық міндеттеріне төмендегілер жатады:

  1. қабыну ауруында көмейдің жүйке-бұлшықет аппаратының бұзылу механизмдерінің мәселелерін зерттеу.
  2. аурудың асқынған кезінде және резидуалдық жағдайда балалардың мұрын патологиясына және мұрын жанындағы қуыстарына цитокиндердің әсер ету механизмдерін зерттеу.
  3. аралық құлақтың созылмалы қабыну ауруларындағы ерекшеліктер және пластикалық операцияларды қолдану мүмкіндіктері.
  4. зақымдалу жағдайындағы  ішкі құлақтың имплантологиясы.
  5. Мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың қабыну аурулары, хронизация үрдісін реттеудегі ағзаның жүйке, эндокриндік және иммундық жүйесінің рөлін анықтау.
  6. ЛОР-мүшелерінің патологиясын хирургиялық жолмен емдеуде шамалы инвазиялық операциялардың рөлі.
  7. Мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың патологиялық жағдайының  оториноларингологиялық эндобейнехирургиясы.
  8. Құлақ патологиясының қазіргі жағдайындағы отоневрологиялық ауруларын емдеу диагностикасының мәселелері.

Поисковые слова: