«БАЛА – БІЗДІҢ БАҚЫТЫМЫЗ»

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала – біздің бақытымыз» атты әсерлі кеш өтті. Бұл кештің бір ерекшелігі бүлдіршін өнерпаздардың ән, билерін тамашалау болды. Алатау ауданындағы № 26 мектеп оқушылары  Мәдина мен Әйгерім Амангелдінің орындауындағы «Өрнек» биі, «Анашым-әкем», «Сыбызғы – сазсырнай», «Құмған алған» әндері тартымды шықты. № 169 мектеп-лицейдің оқушысы Үкі Ақантаева өзбек биі «Назлыгүлді» мың бұрала ұсынса,  төрт жастағы Тұмар Мұрат тақпақ оқыды. Кешке С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің профессоры, медицна ғылымдарының докторы, бала-оториноларингологі Амангелді Күлімбетов болашақ дәрігерлерді – студенттерді алып келіп қатысты. «Біз балалардың денсаулығын  да, өнерін де қорғауымыз керек» деді профессор. Мұражай кешенінің директоры Ә. Қайырбеков бүлдіршіндерге бақыт тілеп, қатысушыларға рахмет айтты.

Г. Құдабаева.

Поисковые слова:

ҒАЖАЙЫП ҒАБЕҢ

С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде  биылғы жылдың  13 сәуірінде  қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің туғанына 110 жыл толуына орай,  дәстүрлі «Ғабит оқулары» аясында    «Бояулы сөз, әсерлі сөз, үнді сөз» атты дөңгелек үстел және «Ғажайып Ғабең» арнау өлеңдер жинағының тұсаукесері өткізілді. Дөңгелек үстелді Мұражай кешенінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбеков ашып, жүргізіп отырды.

Қазақ сөз өнерінде өшпес қолтаңбасын қалдырған қаламгердің рухани мұрасын жинау, зерттеу, насихаттау, жас ұрпақ игілігіне жарату мәселелері негізгі әңгімеге арқау болды.  Ғабеңнің көзкөрген замандасы, қызметтес әріптесі, белгілі сатирик ақын Мыңбай Рәш айтқан естелік те әсерлі шықты. Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының бас редакторы, ғалым, ақын Бауыржан Жақып, Абай атындағы Алматы Ұлттық университетінің профессоры Темірхан  Тебегенұлы,  М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институының  бөлім меңгерушісі, ғалым Секікқазы Қорабай, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Амангелді Күлімбетов,  «Мұқағали» журналының бас редакторы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын  Батық Мәжитұлы, қалалық Мәдениет басқармасының жетекші маманы Манат Досжанова, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары          мұражайы директорының орынбасары Ерлік Әлімқұлов, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы  меншікті тілшісі, ақын Қорғанбек Аманжолов, жазушының қызы Гүлнәр Мүсірепова, жиені Сәуле,  інісінің қызы Жанат Махмұтова қатысып, өз ойларын ортаға салды. Алдағы уақытта көп кешеуілдетпей  «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясын шығару, жазушының үш томы ғана жарық көрген көптомдық еңбектерін жалғастыру мәселелері де сөз болды. Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерваторияның студенті, жас әнші Еркебұлан Қарапов әсерлі кешті әнмен өрнектеді.

«Ғажайып Ғабең» атты арнау өлеңдер жинағына қазақ ақындарының 1950-2011 жылдар  аралығындағы жүзден астам туындылары енген. Сөз зергерінің бейнесі өлеңмен сомдалған. Академик Зәки Ахметовтің «Арнау өлең – белгілі бір адамның бейнесін, мінез-сипатын суреттеу мақсатымен жазылған дербес поэзиялық туынды… бұл үлгідегі өлеңдердің негізгі ерекшелігі – олар жай біреуге құрмет сезімін білдіру үшін арналған өлең емес, сол адамды мінездеуге арналған шығарма» дегенін кітап құрастырушы басты назарда ұстаған. Кітап тұсаукесеріне қатысушы ақындар өздерінің Ғабеңе арнаған өлеңдерін оқып, кеш мазмұнын аша түсті. Дөңгелек үстелге қатысушылардың әңгімесін Қазақ Қыздар педагогикалық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері қатысты.

Г. Жетпісқызы, мұражай қызметкері

Поисковые слова:

Өзіміз өзгермесек, өмір де өзгермейді

2012 жылдың маусым айының 5-ші жұлдызында оториноларингология кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жалпы медицина және стоматология факультетері студенттерінің қатысуымен «Өзіміз өзгермесек, өмір де өзгермейді» атты конференция өтті.

Читать далее

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстар

Оториноларингология кафедрасы келесі тақырыптарды жүзеге асыруда бірнеше мәселелерді шешумен айналысады:

  • индустриялық қоғамның жағымсыз ықпалдарымен байланысты мәселелерді шешу, Азғыр, Тенгіз аймағындағы кен шығаратын жерлерде, Қызылордада, сонымен қатар Алматы қаласында жоғары тыныс алу жолдарына химиялық ластану және радиациялық орталықтардың әсерін зерттейтін бірқатар жұмыстар жүргізілуде;
  • медициналық микология мәселелері;
  • тонзилэктомия кезінде операция алдындағы дайындық пен операциядан кейінгі кезеңді оңтайландыру;
  • есті қабілетінің патологиясының белгілері ретінде, құлақтың субъективтік шулау мәселесі, диагностикасы мен емдеуі.
  • алапес ауруымен ауыратындарда мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың патологиясының емдік-қызметтік ерекшеліктері;
  • үстіңгі жақ қуыстарының патологиясындағы иммунологиялық және микробиологиялық аспектілер;
  • үстіңгі жақ қуыстарының іріңдеп ауруын ультрадыбыс қолдану арқылы хирургиялық жолмен емдеу;
  • полипоздық және кистоздық синуситтар кезінде төмен жиіліктегі ультрадыбыс, лазеротерапия арқылы остеопластикалық хирургия;
  • мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың іріңдеп қабыну патологиясының байланысты жұқпасының рөлін анықтау;
  • ЛОР-мүшелерінің ілеспелі патологиясымен аллергиялық ринитті диагностикалау және емдеу;
  • Перифериялық және орталық генездің тамырлық патологиясында вестибулярлық ауытқулар мәселелері.

Оториноларингология кафедрасының қызметкерлері практикалық денсаулық сақтау бөлімімен тығыз байланыста қызмет атқарады, Астана, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Тараз, Шымкент, Ақсай қалаларының дәрігерлері  үшін ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Жыл сайын, 7 жыл бойы, мастер-класстар өткізу үшін Германиядан профессор Э.Штайнбах арнайы шақырылады.

Поисковые слова:

Оториноларингология кафедрасы

Оториноларингология кафедрасы Қазақ медициналық институтында 1936 жылы, тумасынан ұйымдастырушы, ғалым, Ленинград қаласының  оториноларингологтар мектебінің өкілі Ермолаев Василий Гавриловичтің басшылығымен ашылды. Қазақстанда жұмыс істеген жылдарында ЛОР-ауруларының кафедрасын басқарғаннан басқа, ол қатарынан бірнеше міндеттерді атқарған:  халық комиссарлар Кеңесі емханасының бас дәрігері, №1 клиникалық емхананың бас дәрігері, ҚазМИ директорының орынбасары және ҚазКСР денсаулық сақтау халық комиссариатының орынбасары. Ол «Здравоохранение Казахстана» журналында табысты жұмыс атқарды. Еңбектегі жетістіктері үшін Қазақстан партиясы және үкіметімен ҚазКСР  ғылымына еңбегі сіңген қайраткер атағы берілген, Еңбек Қызыл Туы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Қазақстанның аудандық, облыстық комитеттерінің мүшесі болған.

1939 жылдан бастап, В.Г.Ермолаевтің Ленинградқа кеткенінен кейін, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., ал 1947 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы Борис Владимирович Еланцев болды. Ол  Томскідегі оториноларингология мектебінің өкілі, атақты, аса көрнекті ғалым, ұйымдастырушы, Қазақстандық оториноларингология мектебінің қалаушысы: 7 м.ғ.д., 37 м.ғ.к. дайындаған, ЛОР-мүшелерінің хирургиялық аурулары бойынша, қазіргі кезде де практикалық денсаулық сақтау саласында үлкен сұранысқа ие, монография жазған.

Ол құрметті демалысқа кеткен соң кафедраны 1973-2002 жж. профессор С.Е.Тайбогаров басқарды. Мамандықтың әр түрлі бөлімдері бойынша ғалымның 6 монографиясы жарық көрген. Оның  ғылыми мектебін 1 доктор және 11 медицина ғылымдарының кандидаттары құрады.

2002 жылдан бастап қазіргі кезге дейін оториноларингология курсын, кейін, 2005 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д. Д.Е.Жайсақова басқарады.

Д.Е.Жайсақова Алматыдағы ринологтар қоғамының төрайымы, 09.06.01 «Астана» ММУ ОП Диссертациялық Кеңесінің мүшесі, редакция алқасының мүшесі, №5 ҚКА Аурухана Кеңесінің мүшесі, КИЛИ мүшесі болып табылады. Оның жетекшілігімен 3 докторлық, 10 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертациялардың рецензенті мен оппоненті болған.

Ғылымға қосқан үлесі үшін профессор Д.Е.Жайсақова «Әл-Фараби» медалімен марапатталған. 2008 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігімен «ЖОО үздік оқытушысы» атағын иеленуге ұйымдастырылған Республикалық байқаудың нәтижелері бойынша, кафедра доценті Кулимбетов А.С. республикалық Грант иегері болды. Оған ҚР білім және ғылым Министрлігінің «2008 ж. ЖОО үздік оқытушысы» атты күәлігі мен төс белгісі берілді.

Оториноларингология кафедрасы іс-әрекеттерінің мақсаты:

Оториноларингология кафедрасының мақсаты болып, мамандарды даярлап шығару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кафедрада білім алушылардың арасында тәрбие жұмыстарын атқару, ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау, тұрғындарға емдеу-кеңестік көмек көрсету және практикалық денсаулық сақтауға  оториноларингологиялық мамандықтағы ғылыми-практикалық жетістіктерді енгізу саналады.

Оториноларингология кафедрасының міндеттері:

оқу-әдістемелік жұмыстар; ғылыми-зерттеу жұмыстары; тәрбие жұмысы; емдеу-кеңестік жұмыстар.

Оториноларингология пәнінің теориялық міндеттеріне төмендегілер жатады:

  1. қабыну ауруында көмейдің жүйке-бұлшықет аппаратының бұзылу механизмдерінің мәселелерін зерттеу.
  2. аурудың асқынған кезінде және резидуалдық жағдайда балалардың мұрын патологиясына және мұрын жанындағы қуыстарына цитокиндердің әсер ету механизмдерін зерттеу.
  3. аралық құлақтың созылмалы қабыну ауруларындағы ерекшеліктер және пластикалық операцияларды қолдану мүмкіндіктері.
  4. зақымдалу жағдайындағы  ішкі құлақтың имплантологиясы.
  5. Мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың қабыну аурулары, хронизация үрдісін реттеудегі ағзаның жүйке, эндокриндік және иммундық жүйесінің рөлін анықтау.
  6. ЛОР-мүшелерінің патологиясын хирургиялық жолмен емдеуде шамалы инвазиялық операциялардың рөлі.
  7. Мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың патологиялық жағдайының  оториноларингологиялық эндобейнехирургиясы.
  8. Құлақ патологиясының қазіргі жағдайындағы отоневрологиялық ауруларын емдеу диагностикасының мәселелері.

Поисковые слова: