Онкология кафедрасы

1953 жылы рентгенологи және радиология кафедрасы ұйымдастырылды. Онкология кафедрасы 1972 жылы құрылды. 1995 онкология кафедрасында маммология курсы ашылды. Қазіргі кезде онкология кафедрасы құрамында онкология, маммология  және сәулемен емдеу пәндерінен сабақ беріледі. Емдеу факультетінің және жалпы медицина факультетінің 2,3,4,5 курс студенттеріне, интерн-хирург, акушер-гинекологтарға; резидент-онкологтарға, акушер-гинекологтарға, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, офтальмологтарға және  урологтарға сабақ жүргізіледі.

Кафедра қызметінің мақсатымен міндеттері: онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедрасының оқытушы профессорлық құрамы онкологияның жан-жақты даму бағытының саясатын жүргізуде.

  • Емдеу факультетінің және жалпы медицина факультетінің 2,3,4,5 курс студенттеріне, интерн-хирург, акушер-гинекологтарға; резидент-онкологтарға, акушер-гинекологтарға, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, офтальмологтарға және  урологтарға онкология, маммология және сәулелік терапия пәнінен сабақ жүргізіледі.
  • «Онкологиялық аурулардың диагностикасы мен алдын-алудың жаңаша тәсілдерін ендіру» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы  атқарылады.
  • Сонымен қатар саяси — тәрбие жұмысы өткізіледі.
  • Кафедра қызметкерлері емдеу- кеңес беру жұмысына көмектеседі.

Штат бойынша ақпарат: кафедрада онкология, маммология және сәулелік терапия пәнінен сабақ жүргізіледі. Кафедра меңгерушісі проф. Қайдаров Б.Қ. 2011-2012 жылғы оқу жылында штат бойынша 7 профессор (Б.Қ. Қайдаров, А.Е. Есенқұлов, Б.В. Монахов, С.И. Игисинов, С.С. Садықов, С.А. Есенқұлова, А.А. Хожаев), 3 доцент (С.Д.Тәжібаева, У.Қ. Жұмашев, А.К. Джакипбаева), 4 ассистент (Т.Т. Садыкова, Ж.А. Аманғалиев, Н.А. Аманбеков, А.Б. Қайдарова), 1- стажер оқытушы (Г.А. Афонин), қосымша: 2 м.ғ.д. (Д.Р. Қайдарова – қалалық онкодиспансердің бас дәрігері, Н.Т. Балтабеков – Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ директорының орынбасары ) Н.А. Балтаев – қалалық онкодиспансерінің бас дәрігерінің орынбасары, лаборанттар: Филимонова Н.П., Спатаева Л.Р., Утелиева Д., Гомонова Л.В., Самбетов.

Клиникалық база және оқу бөлмелері.

Клиниалық база – Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ, Алматы қалалық онкодиспансер, облыстық онкодиспансер.

Онкология, маммология және сәулелік терапия кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 5 жылда 3 докторлық (Есенқұлова С.Ә., Хожаев А.А., Балтабеков Н.Т.) және 1 кандидаттық (Садықова Т.Т.) диссертация жоғарғы оқу мемлекет ішілік грант тақырыбында қорғалынды.

Сол сияқты осы 5 жылда 7 оқулық, 3-монография, 3 – оқу құралы, 2- әдістемелік құралы, 2 – әдістемелік нұсқау жазылды. Ғылыми студенттік үйірмелер белсенді түрде өткізілуде, студенттердің мақалалары ғылыми жұмысының жинағында (  Ақтөбе қаласында) жарияланды, оқытушы-профессорлар құрамы жиі-жиі теледидардың, радионың денсаулыққа қатысты бағдарламаларында  сұхбат береді. Кафедра қызметкерлері қалалық онкодиспансерде өткізілетін «Ашық есік» күніне  белсенді қатысып, науқастарға  кеңес береді.

Қатерлі ісік ауруларының алдын-алу мақсатында кафедра қызметкерлері Алматы қаласының көптеген мекемелерінде: колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының арасында сонымен қатар қаланың басқада мекемелерінің қызметкерлерінің арасында белсенді түрде дәрістер оқиды.

Кафедра меңгерушісі, профессор                                                            Қайдаров Б.Қ.