Клиникалық фармакология, ЕДШ мен физиотерапия кафедрасы

Университетте «Клиникалық  фармакология» пәні 1983 жылы емдеу факультетінде цикл ретінде  енгізіліп, 1985  жылдан  бастап доцент Түзелбаев Н.К. басқаруындағы  курсқа  алмастырылды. 1999 жылы Қазақстанда тұңғыш рет клиникалық фармакалогия кафедрасы құрылып, оны 2000 жылғы дейін кафедра меңгерушісі  м.ғ.д., профессор И.Р. Құлмағамбетов  болды.  2001-2002 жылдар аралығында кафедра фармакология кафедрасы жанындағы курс болып қайта құрылды (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Г.М. Пичхадзе), 2003 жылы ішкі аурулар кафедрасының құрамына кіргізілді (м.ғ.д. профессор Е.А. Изатуллаев, онан кейін, м.ғ.к., доцент Л.К. Ташенова).  Клиникалық  фармакология, ЕДШ мен физиотерапия  кафедрасы 2003 жылы қыркүйек  айында  қайта құрылып, кафедраны университетте  29 жылдан  бері  қызмет  істеп  келе  жатқан  м.ғ.д. профессор А.А.  Жанпеисова басқарады, кафедра оқу орынбасары – доцент М.М. Қалиева. Кафедра құрамында 4 профессор, 4 доцент, 7 ассистент қызмет етеді.

«ЕДШ және физиотерапия» пәні АММИ 1970 жылдан бастап, курс ретінде оқытылып келді (доцент Н.К. Колесникова). 1980 жылы курс кафедра болып өзгертілді (м.ғ.д. А.Б. Буркашов), курс ретінде 2003 жылғы дейін терапиялық профильді кафедралардың құрамында болды.

Кафедрада университеттің барлық факультетінің студенттеріне «емдеу ісі», «педиатрия», «шығыс медицинасы», «стоматология», «фармация», «мейірбике ісі» мамандықтары бойынша оқытылады.

Кафедрада оқытуға қажетті барлық әдістемелік құжаттар бар. Профессор, м.ғ.д.

А.А. Жанпеисова клиникалық фармакология пәнінің типтік бағдарламасының авторы болып табылады (МЖМББС 2006ж.), сондай – ақ, “Клиникалық фармакология және фармакотерапия” оқулығының; “Клиникалық фармакологияның тестік тапсырмаларының”; “Науқасты емдеудің клинико-фармакологиялық тұрғыдан сараптамалық бағалау”т.б. әдістемелік нұсқаулардың авторы болып табылады. Қызметкерлермен кафедра жұмыс жасаған жылдардан бергі (2003ж) студенттер мен дәрігерлерге арналған 9 оқу — әдістемелік нұсқаулықтары шығарылды.

Кафедрада жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәрілік заттардың әсер етуін зерттеу, тиімді және қауіпсіз  емді  қамтамасыз ету,  жаңа дәрілік  заттардың клиникалық  апробациясын, жүргізілген  емнің тиімділігін бағалаудың  жаңа  әдістерін   ойластыру бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кафедрада профессорлары

А.А. Жанпеисова, А.Қ. Қайырбековтың  жетекшілігімен  кандидаттық диссертациялар (Боранбаева Г.С., Ералиева Б.А., Киекова Б.Х.) және  жаңа ғылыми бағыт – фармакогенетикалық зерттеу (З.Б. Исина) орындалуда.

Кафедра  қызметкерлері СҒЗЖ  студенттерді белсенді  түрде  тартып отырады, жыл  сайын  студенттердің  жүргізген  жұмыстары университетте грамоталармен және  сыйдықтармен  марапатталып отырады, студенттердің  жүргізген  жұмыстары  жарияланған.

Кафедраның  ПОҚ әртүрлі  базалық клиникаларда  емдеу-косультативті  жұмыстары  жүргізіліп отырады  (№1ҚКА, ҚПКО, №4 ҚЕ, Университет Клиникасы АҚ, №5 ҚЕ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, ҚКО); ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дәрігерлер арасында дәрілік заттарды тиімді қолдану бойынша семинарлар, циклді дәрістер, тұрғындар арасында санитарлы ағарту жұмыстары  өткізіліп  отырады.

Кафедрада барлық  пәндерден білім  жетілдіру  факультетінің  бағдарламасы  бойынша  ҚР  барлық медициналық ЖОО  оқытушылары келіп білім  алады.

Кафедра қызметкерлерімен студенттер арасында тәрибелік жұмыстарға баса назар аударылады.

Д.А.Қонаев пен оның құрдас достары жайында жылжымалы мұражайды ұйымдастырғаны үшін кафедра мұражайдың мақтау қағазымен марапатталған.

Байланыс:

Адрес – Қалкаман 1,  қалалық клиникалық аурухана, 4 қабат (ҰОСҚ бөлімшесі)

Телефон: (727)270 87 33 (ішкі телефон — 292)

E-mail: [email protected]

Поисковые слова: