Анестезиология және реаниматология кафедрасы

Анестезиология және реаниматология кафедрасы 1974 жылы құрылған. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Асқар Ахметович Тоғайбаев тағайындалды (1974 – 2003 ж. ж.). 1998 ж. кафедра жалпы хирургия кафедрасының ішіндегі курс болып құралады. 2003 – 2006 жыл аралығында курс меңгерушісі қызметін м.ғ.к., доцент Бердалина Гулнар Садырбековна, ал 2006 – 2010 ж. курс меңгерушісі м.ғ.к., доцент Джолдыбеков Тимур Садвакасович атқарады.

2011 ж. курс жалпы хирургия кафедрасынан бөлініп, өз алдына анестезиология және реаниматология кафедрасы болып құралды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Исраилова Венера Карыпбековна (2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

Кафедрада 17 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды. Кафедраның жетекшілігімен алыс –  жақын шет елдерден профессорлар және жоғарғы деңгейдегі мамандар шақырылып 9 ғылыми – тәжірбиелік конференциялар өткізілді. 1995 ж. «Анестезиология жәнем қарқынды емдеу» журналы жарық көрді.

2006 ж. ҚР анестезиолог – рениматологтар федерациясы құрылып, редакция мүшесі құрамына м.ғ.д., профессор В. К. Исраилова енгізілген «Анестезиология и реаниматология Казахстана » журналы шыға бастады. Сонымен қатар сол жылы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша анестезиолог – рениматологтар федерециясыда құрылды. Кафедра қызметкерлері бірнеше мәрте халықаралық конференцияларға қатысты (Рим, Амстердам, Германия, Израиль, Стамбул, Кишенев).

Кафедраның барлық қызметкерлері базалық клиникаларда әртүрлі ауыр жағдайдағы науқастарға анестезиялық шаралар өткізіп, кеңестер беріп, консилиум және дәрігерлік конференцияларға қатысады. Қазіргі уақытта кафедра қызметкерлерімен заманауи технологияда абдоминальды сепсисті емдеудегі және инсульт кезіндегі нейромаркерлар деңгейін анықтаудың жаңа әдістерін енгізуде. Травматологиялық операциялар кезінде «Стимуплекс» аппараты арқылы ауырсынуды басудың жаңа әдісі қолданылуда. Студеттермен курсанттарға тәжірбиелік дағдылар орталығында компьютерлік бағдарламасы бар жаңа симуляторларда реанимациялық көмек көрсету сабақтары өткізіледі.

Поисковые слова: