Аллергология курсы

Аллергология курсы С: Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 8.09.2011 жылғы №45 бұйрығы бойынша құрылды.

Курстың штаттық құрамына кіреді: 2 медицина ғылымының докторы, 5 ассистенттер, 2 лаборант. Ашылған уақыттан бастап курс меңгерушісі медицина ғылымының докторы – Испаева Жанат Бақытқызы.

Испаева Жанат Бақытқызы

Испаева Жанат Бақытқызы – Медицина ғылымының докторы, профессор. Клиникалық аллергология кафедрасының меңгерушісі. ҚР ДМ бас штаттан тыс балалар аллергологы

150 жуық республиканың барлық өлкелерінде жұмыс істейтін тәжірибелік аллергологтар дайындалған. Менің белсенді араласуыммен Алматы қаласында, аллергологиялық орталық, сонымен қатар Өскеменде, Қарағандыда, Ақтөбеде, Шымкентте және республиканың басқа да өлкелерінде аллергологиялық орындар ашылды. 150 жариялаулардың, аллергологияның негізгі сұрақтары бойынша 10 әдістемелік нұсқаулықтардың және мемлекеттік тілде балалар аллергологиясы бойынша 1 оқулықтың авторы. Аллергология төңірегіндегі әлемдік атымен жақын және алыс шетелдегі жетекші мамандардың қатысуымен он бір халқаралық «Демікпе және аллергия» конференциясының ұйымдастырушысы.

«Демікпе және аллергия» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бес жинақ тезисінің бас редакторы.

GINA, ARIA, ICCAD халықаралық ұсыныстарына сәйкес қосып жасалған тыныс демiкпесi, аллергиялық ринитке және атопикалық дерматитке бойынша ұлттық ғылыми-практикалық бағдарламалардың жетекшi және координаторы (1999, 2004, 2005, 2007 жылда)

Европадағы аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының мүшесі. (EAACI) 1997 жылдан бастап —  WAO (бүкіләлемдік аллергологиялық конгресс). EAACI және WAO 20-ға жуық сертификаттары бар. Дәрігерлердің дәрежесін көтеру мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сактау ісінің ұздігіне» белгісімен марапатталған, Бірнеше рет С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мақтау қағазымен және ҚазҰМУ 80-жылдығына орай күміс медальімен марапатталған.

Қазіргі таңда аллергология курсының құрамында 3 клиникалық база жұмыс атқаруда.

МКҚК «№7 Қалалық балалар емханасы» - Ш. Қалдаяқов к-сі, 74 үйде орналасқан. Аллергология курсының негізгі базасы болып табылады.

«Ақсай» Республикалық балалар клиникалық емханасы - орналасқан мекен-жайы: Карасай ауданы, Тастыбұлақ ауылы.

МКК «№1 Қалалық клиникалық емхана» - орналасқан мекен-жайы: Қалкаман-2 ы/а, Әуезов к-сі 2.

Бұл базаларда 5 және 6 курс студенттері білім алады. Клиникалық базаларда біздің білікті тәжірибелі педагогтар, медицина білімінде жоғарғы және бірінші дәрежелі теориялық және тәжірибелік біліктілікке өте бай дәрігер-аллерголог мамандар отырады. Осыған қосымша аллергиялық аурулары бар науқастарға емдік мағлұматтар береді. Также ведут лечебно консультативную помощь аллергологическим больным. «№7 ҚБЕ» ішіндегі Қалалық аллергоорталықта (ҚБАО) бүкіл қалалық балалар қауымына емдік-консультациялық көмек көрсетіледі. «Аксай» РБКЕ клиникалық базасы Республикалық ауқымдағы аллергетик балалар мен олардың ата-аналарына емдік көмек көрсетіледі. «№1 ҚКЕ» аллерго бөлімінде алматы қаласының ересектер қаумына емдік көмек көрсетеді.