75 жас туған күнімен 50 жыл ғылыми- тәжірибелік — ұстаздық еңбегіне

 

Қырғызстанға еңбегі сіңген дәрігер, медицина және онкология саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі Халықаралық Ақпараттану Академиясының академигі, профессор Игісінов Сағынбек Иманқұлұлы, 1937 жылдың 16 наурызында, Жамбыл облысына қарасты Луговой (қазіргі Т. Рысқұлов) ауданындағы Алғабас ауылында  дүниеге келген. Алғабас бастауыш мектебін, Подгорный жетіжылдығын мақтау грамотасымен, ал Ақыртөбе орта мектебін 1954 жылы күміс медальмен бітіріп, сол жылы  Қазақтың мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1958 жылы Қырғыздың мемлекеттік медицина институтына ауысып, оның емдеу факультетін  1961 жылы тамамдаған.

Сол жылы Қырғыздың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтына онкология саласы бойынша клиникалық ординатураға, одан соң аспирантураға  қабылданған. 1966 жылы «Қырғыз ССР –дағы терінің рак алды ауруларының  өлкелік ерекшелігі мен оның ағымы» атты тақырып бойынша Алма-Ата қаласында кандидаттық диссертацияны, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алексей Ильич Саенконың  ғылыми жетекшілігімен қорғаған.

1966-1968 жылдары Қырғыздың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтындағы кеуде мен іш қуысы ісіктерінің секторында аға ғылыми қызметкер болып, 1968 -1970 жылдары  Қаз. ССР –ның  Денсаулық сақтау міністірлігінің 4- бас басқармасына қарасты Республикалық емханада онколог, ал 1970-1974 жылдары  Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтындағы «Қатерлі ісіктердің эпидемиологиясы зертханасында» — аға ғылыми қызметкер, одан соң оның меңгерушісі қызметін атқарған.

1974-1978 жылдары Қарағандының мемлекеттік медицина институтының онкология кафедрасында ассистент болып, студенттердің ғылыми үйірмесін басқарып, 1976 жылы Республикалық конкурста бірінші орын алып, «Коммунистік еңбектің озаты» атымен марапатталған.

1978-2002 жылдары Қырғызстанның Ұлттық Онкология Орталығындағы «Рактың эпидемиологиясы және статистика» бөлімінің меңгерушісі, ал 1992-2000 жылдары Қырғызстанның  мемлекеттік медицина академиясындағы онкология кафедрасының  профессоры болып жұмыс істеген.

Осы жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде 1000 аса әртүрлі қатерлі ісіктерге операция жасап. көп жыл өңеш хирургиясы бойынша  еңбектеніп, алғаш рет «Инвагинациялық гастростома» жасауды ойлап тапқан (өнертапқыш №4906823/14.0102242).

Қырғызстан мен Қазақстан территориясында экспедициялық әдіспен ел арасындағы қатерлі ісіктердің (предрак пен рактың) таралуын анықтау жолындағы жұмыстарды басқарып, осы істелген жұмыстардың нәтижесінде 1992 жылы Санкт –Петербургта, «Өңеш рагінің пайда болуына  биік таудың, этностық құрамның және тұрмыстық жағдайлардың әсері (Қырғызстандық модель)»  атты тақырыпта докторлық диссертациясын  қорғаған.

Аға ғылыми қызметкер атағын 1986 жылы,

«Саламаттык сактоонун ардактуу кызматкери» -1993 жылы,

Жоғарғы категориядағы онкологты -1997 жылы,

Профессорлық атақты – 2000 жылы,

Қырғызстан Республикасына еңбек сіңірген дәрігерді – 2000 жылы,

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтеріндегі Халықаралық Ақпараттану Академиясының академигін – 2006 жылы, алған.

2002– 2009 жылдары Алматы Медицина колледжінде «Хирургиядағы мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі және Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институтында —  бас ғылыми маман болып жұмыс істеген, осы көрсетілген жылдары  1600 жуық мейірбике тәрбиелеп шығарған.

2009 жылан бастап С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ің онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедрасының профессоры.

Жоғарыда көрсетілген ұжымдардың атынан бірнеше алғыс және онкология саласындағы көп жылдық ғылыми-тәжірибелік жұмысының нәтижесін ескере отырып, сонымен қоса Жамбыл облысына қарасты Луговой, Мерке және Қордай аудандарының халқына  жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған медициналық (онкологиялық) көмек көрсетуіне байланысты, туған жеріне көрсеткен    ерен еңбектері үшін  1997 жылы, өзінің туған аулындағы бір көшеге оның есімі беріліп, аталған ауданның құрмет грамотасымен, ал 2007 жылы – Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Жалпы  240-тан аса  ғылыми еңбек жариалап, барлығы – медицина ғылымдарының  2 доктор, 4 кандидат, соның үшеуін тарихи отанына келгенде дайындаған.

Осы жылдары «Эпидемиология рака пищевода среди жителей горной местности», «Тарих, шежіре және ойлар» атты еңбек жазса, одан кейін хирургия саласы бойынша «Хирургиялық аурулар туралы дәрісбаяндама» (2009),  «Хирургиялық аурулардың тәжірибелік сабақтары» (2010) және  «Онкологидан таңдамалы дәрістер жинағы» (2010)  атты оқулық қазақ тілінде алғаш рет жарық көрсе, енді өзінің өмірбаяны іспетті «Мәре» деген естелікті (2012) және  туған жері туралы «Алғабасым» деген өлең мен «Туған жер алтын бесік»  атты арнау жазған.

Қазіргі кезде «Asian pacific journal of Cancer prevention» (Жапония) және халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Eurasian Jornal of Epidemiology and Health management» (Қазахстан) журналдарының  редакция алқасының мүшесі және де «Central Asian Cancer Inistitute» қоғамдық ұйым директорының орынбасары.

Онкология саласы бойынша көп жылдық жиналған клиникалық және ғылыми тәжірибесін ұстаздық жұмыспан ұштастырып, Қазақстанның болашақ дәрігерлер мен мейірбикелерін дайындауда өзінің елеулі үлесін қосуда.

Сонымен бірге академик С.И. Игісінов тек Қазақстанда ғана емес жақын және алыс шет мемлекеттер арасында теория мен тәжірибелік медицинаның жетістіктерін, бүгінгісі мен ертеңгі болашағын насихаттаушы, оған қоса жоғары дәрежелі ақпараттанушы ретінде  де белгілі ғалым.

Осы 50 жыл ішінде ғылыми-ағартушылық жұмыспен айналасуының нәтижесінде көптеген  халықаралық мәжілістерге, симпозиумдарға және құрылтайларға  ат салысып қатынасуда (Тайланд, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікистан, Рессей т. б.).

Екі ұлы ғылым докторы, профессор, екі ұлы бизнесімен (президент), қызы — ғылым кандидаты, ал кішісі – мұғалима (биолог), немерелері өсіп өнген тұлғалы атпал азамат.

ҚазҰМУ дың  онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедра қызметкерлері академикті 75

жастық туған күнімен және  50 жылдық ғылыми-тәжірибелік-ұстаздық еңбегімен құттықтайды; әлі де ұзақ өмір сүруіне тілектестігін білдіреді.

Кафедра қызметкерлері

Поисковые слова: