№3 Хирургиялық аурулар кафедрасы

1954 ж санитарлы-гигиеналық және педиатрия факультетінің факультеттік хирургия кафедрасы болып құрылған. 2004 жылдан бастап, осы күнге дейін кафедра меңгерушісі проф А.С.Ибадильдин.

Кафедра құрылғалы бері жедел іш, торакальді, жүрек-қантамырлар хирургиясы, порталды гипертензияның көкейкесті мәселелерімен айналысып келеді. Хирургтер мектебін құрды. Қазірде кафедра дәстүрлі істерімен, оның ішінде  оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды, оқу барысында жаңа инновациялық технологияларды, кеуде, құрсақ, жамбас ағзаларына миниинвазивті шараларды енгізу барысында ерен еңбек етуде.  Кафедрада   осы  кезде  14  қызметкер  жұмыс  атқарады,  оның  ішінде –м.ғ.д. 4, м.ғ.к. —  6.

Хирургтардың   сьезінде,  конгресстерде,  конференцияларда   кафедра   профессорлары, доценттері  мен  ассистенттері өздерінің   шұрайлы  да  бағалы баяндамаларымен  ҚазҰМУ  беделін  көтеріп жүр.  Тек  қана   көтеріп  қоймай  осындай   форумдарды   ұйымдастырып отырады. 2009 ж ҚазҰМУ  күніне  арналған «Перитониттер»  тақырыбына  халықаралық  конференция   өткізді.  Жыл сайын өткізілетін   РФ  мен  ТМД  елдерінің   халықаралық хирург-гепатологтарының  Конгресіне  кафедра   меңгерушісі проф. А.С.Ибадильдин   қатысып  Университетіміздің мәртебесін  көтеруде.  Ғылыми қоры монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік ұсыныстар шығарылумен қатар, Халықаралық және Республикалық басылымдарда жарық көріп, ғылыми педогогикалық және дәрігерлік қызметкерлерді дайындауға септігін тигізіп отыр.

Поисковые слова: