Өзіміз өзгермесек, өмір де өзгермейді

2012 жылдың маусым айының 5-ші жұлдызында оториноларингология кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жалпы медицина және стоматология факультетері студенттерінің қатысуымен «Өзіміз өзгермесек, өмір де өзгермейді» атты конференция өтті.

Бағдарлама бойынша конференцияда Қаз.ҰМУ ректорының кеңесшісі, профессор Мұстафина Жанар Ғабиденқызы «О коррупциях в ВУЗах», оториноларингология кафедрасының меңгерушісі, профессор Жайсақова Дәмелі Едігеқызы «Молодежь! Вопросы  их воспитания», жалпы медицина факультетінің 4-ші курс студенті Сағымбаева Әсел  «Коррупция», стоматология факультетінің 3 курс студенті Воевода Игорь – «Скажи коррупции: нет!» атты баяндамалар жасаса, жалпы медицина факультетінің 4-ші курс студенті Жанатаев Жасұлан  өзі жазған «Жемқорлық» өлеңін оқыды. Конференция соңында кафедра профессоры Күлімбетов Амангелді Сейітмағамбетұлы ұлт болашағы жастар болса, жемқорлықтың күре тамырына балта шабатын да жастар деп қорытындылады.