«Жасөспірім жастағы жүктілік» атты студенттердің КТК

Тәрбие жұмысының жоспарына сай, сонымен қатар интерактивті әдісін енгізу мақсатында ҚазҰМУ-нің  №1 акушерия  және гинекология кафедрасы 2012 жылдың 30-наурызында «Жасөспірім жастағы жүктілік» тақырыбына КТК жүргізді.   Сайысқа «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттері арасынан 2 жиналған топ қатысты: 001-12,3; 002-1,3; 003-1,2; 018-2,3; 020-1,2; 021-1-3;041-1,2, топтардың атауы «Бес жұлдыз» және  «Тоғыз ай».

«Бес жұлдыз» командасы,                                                 «Тоғыз ай» командасы,

капитан Олжас Ермурат (студент 020-1к)               капитан Д. Мусабаева(студент 048-1р)

Жасөспірім жастағы жүктіліктің өзекті мәселелерін, асқынуыларын, жасөспірімдердің контрацепциясын қолдану шараларын және де кіріспе сөздермен кафедрамыздың меңгерушісі, м.ғ.д. Г.К.Омарова сөз сөйледі. КТК бағдарламасы 6 тараудан тұрды: командалардың танысуы, үй тапсырмасы «Өз жүктілігі жайында әлемге хабарлау», топтардың интеллектуалды сергітуі «Жасөспірімдер контрацепциясы», жасөспірімдер гинекологиясы жайында топ басылардың сайысы, музыкалық сайыс және де «Дефиле: Жас жүктілерге арналған киім» сайысы.

Әділ-қазылар алқасы құрамында: «Жалпы медицина» факультетінің деканының орынбасары К.Е. Хабдин, кафедра доценттер Г.Ж. Жатканбаева, Ш.М. Садуакасова, ассистенттері Р.Ж. Юлдашева, М.К. Имангалиева, резидент В.А. Мукашева, студент 019-1к А. Абсалихова. Есептеу комиссиясының құрамында: резиденттер Азирханова Г., Ахметова Ж., 004-3 және  002-2 топ студенттері: С. Найманбаева және  Кемелов Н .

КТК екі мемлекеттік тілде жүргізілді. Интеллектуалды сергітуде, топ басылар сайысында көңілді де, тапқыр «Бес жұлдыз» командасы болса, үй тапсырмасы «Өз жүктілігі жайында әлемге хабарлау» мен «Дефиле: Жас жүктілерге арналған киім» сайысында «Тоғыз ай» командасында қызықты болды.

Жасөспірім жастағы жүктілік медицина тұрғысынан қарағанда да, әлеуметтік жағынан да шектен тыс мәселе болғанына қарамастан, КТК қатысушылар тапқырлылығымен және де пысықтығымен оң жағынан, көңілді  тақырыпқа сай көрсете білді. Қорыта келгенде, «Бес жұлдыз» командасы 175 балл, ал «Тоғыз ай» командасы 174 балға ие болды.  Залда отырған жанкүйерлердің эмоционалды қолдауын ескере отырып, әділ-қазылар алқасы «Тоғыз ай» командасына 1 балл «көрермендер көзайымы» қосып берді. Нәтижесінде екі команда да 175 балдан болып, достық жеңді!

КТК соңында Наурыз мерекесіне байланысты 020-2 к тобының студенттері көңіл жібітетін ұлттық  «Қыз ұзату» дәстүріне қойылым қойды.

«Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары  К.Е. Хабдин және әділ-қазылар төрайымы доцент Г.Ж. Жатканбаева студенттердің үй тапсырмасын орындауда  белсенділігіне, әртістік өнеріне, өнертапқыштықтарына, білуге деген құмарлықтарына рахмет айта отырып, КТК  жүргізіп жатқан тақырыбы жастар үшін де, ересектер үшінде өнегелі болғанын айтты.

Команда қатысушыларына естелік ұтыстары мен сыйлықтары табысталды. Командаларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасының контрацепциялық заттарымен негізгі, оның ішінде жасөспірімдерді  қамтамасыз ететін фармацевтикалық компаниялар  «Bayer  Schering Pharma», «Гедеон Рихтер» және «Abbot» өкілдері қатысты.

Осы шараларды ұйымдастыруда өзінің кәсіптік білімділігін, педагогикалық шеберлілігін салған доценттер Сармулдаева Ш.К., Аманжолова Б.К., ассистенттер Галиева Ж.Т. Алиева Ш.У., Бержанова А.Т. және Сексенова А.Б. үлкен алғысымызды білдіреміз.

№ 1 акушерия және гинекология кафедасының тәрбие жұмысына жауапты –ассистент  М.Д.  Хасенова.

Поисковые слова: