Емдеу факультеті

ҚазҰМУ-дегі «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім беру үрдісі 1931 жылдан бастап іске асырыла бастады. Қазақ медицина институты ашылған жылы 125 қыз бен жігіт сол кездегі жалғыз факультет – емдеу факультетінің студенттері болып аталды. Сол кезеңнен бастап факультет – университеттің алдыңғы қатардағы факультеті болып келе жатыр. Алғашқы кезде студенттер 10 кафедрада: қалыпты анатомия, гистология, гигиена, химия, физика, биология, диалектикалық материализм, саяси экономия, қазақ тілі, дене тәрбиесі пәндерін оқыды.

Белгілі ғалымдар, профессор Н.С.Баккал, П.О.Исаев, А.М.Малинин, П.Т.Очкур, С.М.Сидоров, В.В.Зикеев, М.Н.Литвинов жаңа ашылған факультеттегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін барлық күш-жігерлерін жұмсады.

1936 жылы ең алғашқы түлектер білім ордасынан ұшты. Аталған мамандықтың қыр-сырын терең меңгерген 66 жас маман дәрігер дипломын алып, өмірге жолдама алды. Олардың көбі кейіннен медицина институтының кафедраларын басқарды. Олардың ішінде К.И.Ибраев, Х.М. Мусабаев, К.Д.Утегенова, Х.Н.Чуваковтар бар еді.

1936 және 1940 жылдар аралығында 534 студент дәрігер мамандығына ие болды. Ұлы Отан соғысы жылдары мамандарды дайындау жылдамдатылған қарқында жүргізіліп, осы кезеңде 2000 дәрігер дайындалып шығарылды. Олардың көпшілігі майдан даласына, тылдағы госпитальдар мен басқа да медициналық мекемелерге атанды.

1931 және 1940 жылдар аралығында факультетте білім берумен қатар көптеген ғылыми-зеттеу жұмыстары жүргізілді. Осы жылдарда 12 докторлық және 34 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Профессор А.П. Полосухин ойлап тапқан шокқа қарсы сұйықтық емдеу мемкемелерінде кеңінен қолданылып келеді, профессор Е.Н.Барташевич, В.Т.Кудряков, Н.П.Патрик бастаған жұқпалы аурулар кафедрасының ұжымы жасаған жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу мәселелерімен айналысты. Профессор В.В.Зикеев каузалгия кезіндегі ұйқылық емдеу әдісін ойлап тапты. Академик А.Н. Сызганов зақымданған аймақтық жүйке жүйесіне функциональдық диагностика жасаудың жаңа әдістерін ойлап шығарды.

Профессор П.П. Очкур оқ тигеннен болған ми абсцестерінің морфологиясын зерттеді.

Емдеу факультетінің майданнан қайтқан көптеген жауынгерлері ғылыммен айналысып, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушылары болды. Олардың ішінде Б.А.Атчабаров, Д.С.Архангельский, С.Р.Карынбаев, Ф.И.Гзуля, К.К.Макашев, Н.И.Кучин, А.А.Терликбаев, А.Р.Чокин, Е.Ф.Сидоренко, М.И.Брякин, И.П.Беклемишев т.б. бар.

1940 жылы Алматы медицина институты 600 студент оқитын ірі оқу орнына айналды. Ұжымның профессор-оқытушылар құрамының саны 120 адамға жетті. Исаев П.О. (анатомия каф.), Ильин-Какуев (биохимии каф.), Баккал И.С. (факультеттік терапия каф.), Барлыбаев Х.А. (жалпы хирургия каф.), Сидоров С.Н. (сот медицинасы каф.), Рощин В.П. (көз аурулары каф.), Полосухин А.П. (қалыпты физиология каф.), Малинин А.И. (акушерия және гинекология каф.), Телятников С.И. (терапия каф.), Вульпе И.Н. (ішкі аурулар пропедевтикасы каф.) кафедра меңгерушілері болып жұмыс атқарды.

Институтта білім алушылар арасынан Маншүк Маметова мен Владимир Иванилов Кеңес Одағының Батыры атағынына ие болды. Олардың есімдері емдеу факультеті студенттері қатарына мәңгілікке тіркелген. Оларды мәңгі еске сақтау мақсатында университетте Даңқ аллеясы орнатылды. Жыл сайын оларды еске алу мақсатында соғыс ардагерлері университетімізге жиналып, студенттермен кездесу өткізіп тұрады.

Факультеттің алғашқы деканы болып профессор Ш. Саметов (1931-1936) тағайындалды. 80 жыл ішінде емдеу факультетінде 20 адам декан қызметін атқарған, олардың әрқайсы факультеттің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Бұлар белгілі ғалымдар, дарынды ұйымдастырушылар және жоғарғы дәрежелі педагогтар: Ермолаев С.П. (1937-1942), Полосухин А.П. (1942-1946), Вознесенский Г.Е. (1946-1948), Рощин В.Г. (1948-1950), Верболович П.А. (1950-1954), Сидоров С.М. (1954-1958), Нугманов М.Н. (1958-1960), Кириличева А.В. (1960-1962), Чокин А.Р.(1962-1963), Сергазин А.Г. (1963-1968), Сатпаева Х.К. (1969-1981), Михайлов Б.С. (1981-1984), Кайшибаев С.К. (1984-1986), Тогайбаев А.А. (1986-1987), Плешкова С.М. (1987-1992), Казымбет П.К. (1992-1995), Есенкулов А.Б. (1995-2000), Урумбаева К.У. (2000- 2006).

2006 жылдың қаңтарынан бастап емдеу факультетінің деканы болып м.ғ.д., профессор А.В. Балмуханова тағайындалды. Жыл сайын емдеу факультетінде 3000 аса студент білім алады. Барлық оқу-әдістемелік жұмыс ОӘК бақылауымен, ал басшылық факультет Кеңесінің басшылығымен жүргізіледі. Оқу үрдісін бақылауды м.ғ.д., профессор А.В. Балмуханованың басшылығымен деканат қызметкерлері іске асырады.

Факультет терапевт, хирург, акушер-гинеколог мамандықтары бойынша дәрігерлер дайындап шығарады, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар білім алады. Жыл сайын оқу бітіруші 600-700 түлектің ішінен 30-40 оқу үздігі клиникалық ординатура және аспирантураға түседі.

Қазіргі таңда емдеу факультетінде оқу үрдісін 345 оқытушы жүзеге асырады, солардың ішінде ҚР Ғылымына Еңбек сіңірген профессорлар Даулетбекова М.И., Маскеев К.М., Идрисов А. А.

қызмет етеді. Емдеу факультетінің түлектері қазіргі кезде кафедра меңгерушілерсі қызметін атқаруда, олар: Турланов К.М., Идрисов А.А., Плешкова С.М., Соколов А.Д., Иржанов С.И., Полимбетов Д.С., Шортанбаев А.А., Оспанов А.О., Нургужаев Е.С., Ракишева А.С., Рамазанова Б.А., Токсанбаев А.Т және кафедра профессорлары болып: Сатпаева Х.К., Скипина Е.Г., Мезинова Н.Н., Мустафина Ж.Г., Маскеев К.Н., Котова А.Л., Семенова Р.И., Мусагалиева Г.М., Урумбаева К.У., Абишева З.С., Кудиярова Г.М., Кукеев Т.Т., Сейтжанова К.Ж., Есенкулов А.Е., Исмаилова Ю.С., кафедраларда доцент қызметінде 50-ден аса түлектер жұмыс істейді. Олар: Триполъская Г.И., Асанбаева Р.Д., Абитаева С.А., Биганова М.Б., Касымова Г.М., Мусабаева Ф.А., Карынбаев Ш.С., Альмухамбетова Р.К., Мустафина К.К., Енокян С.Т., Кушенбаев М.Н., Нокербекова Б.М., Капанова Г.Ж., Сариева З.А., Шумкова Э.Н., Жумакова Т.А., Махамбетова М.Б. және т.б.

Оқу әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын негізгі бөлімдер кафедра болып табылады. Қазіргі кезде емдеу факультетіне 18 кафедра кіреді, оларды Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген көрнекті ғалымдар басқарады.

Факультеттің қызметкерлері экология, туберкулез мәселесі бойынша ғылыми бағдарламалар, иновациялык техно­логия бойынша көпеген патологиялық, диагностикалық т.б. жағдайлар бойынша өзекті мәселелерді клиникалық және теориялық медицинаға енгізуге, қолдануға белсене қатысады.

Факультеттің кафедраларында білім алушылардың ғылыми-студенттік үйірмелері жұмыс істейді. Жылсайын олар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша студенттік конференцияларда баяндама жасайды.

80 жыл ішінде факультет 18 мың жоғары дәрежелі білікті мамандар дайындап шығарды. Олар Қазақстанда және Қазақстаннан тыс жерлерде еңбек етуде. Университет, факультет көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқан оқу озаттарына арнайы тағайындалатын шәкіртақы ұсынылады. Солардың ішінде емдеу факультеті бойынша 12 студент ҚР Президенті атындағы, 4 студент ректор атындығы шәкіртақы алады.

Факультет құрамы

Деканат жұмыстарын декан орынбасарлары Тойлыбаева Ғ. Ш., Хабдин Қ. Е., Сұлтанова М. Т., Рыспекова Ш. О., Джубанова Г. И., Стойлов В. В. жүзеге асыруда.

Емдеу факультеті деканаты құрамы 10 адамнан тұрады:

Емдеу факультеті деканы м.ғ.д., профессор А.В. Балмуханова.

3 курс бойынша декан орынбасары Рыспекова Ш.О.

4 курс бойынша декан орынбасары Тойлыбаева Ғ.Ш.

5 курс бойынша декан орынбасары Хабдин Қ. Е;

6 курс бойынша декан орынбасарлары Стойлов В.В., Сұлтанова М.Т.

«Емдеу ісі» мамандығының жеделдетілген және «Медицина-биология ісі» мамандығы бойынша бөлімдердің декан орынбасары Джубанова Г.И.;

Хатшылар: Нұржанова Ә.Б., Бауыржан Ә., Сыздықова Ә.

Емдеу факультеті деканатында Ғылыми кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына 26 адам кіреді. Факультет кеңесінің жылдық жоспары бойынша Ғылыми кеңестің мәжілісі ай сайын өткізіліп тұрады. Емдеу факультеті деканатында Ғылыми кеңесінің төрайымы м.ғ.д., профессор Балмуханова А.В., кеңестің хатшысы – м.ғ.к., доц. Рыспекова Ш.О.

Қазіргі уақытта емдеу факультетінің құрамына 18 кафедра кіреді. Оқу бітірткізуші кафедралар: акушерия және гинекология кафедрасы №2 (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., проф. Калиева Л.Г.), ішкі аурулар кафедрасы №3 (м.ғ.д., проф. Даулетбакова М.И.), хирургиялық аурулар № 2 және №3 (м.ғ.д., проф. Оспанов А.О. және м.ғ.д., проф. Ибадильдин А.С.).

Деканат жұмысы ҚР БҒМ және РҚ ДМ-нің бұйрығы мен ережелеріне, ҚазҰМУ-дің факультет және деканат туралы ережелеріне, деканатта атқарылатын жұмыс жоспары, қызметтік және атқарылатын жұмыстардың нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Деканаттың жоспар бойынша өтетін мәжілісінде кафедралардың жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселелер; студенттердің оқу үлгерімі және сабаққа қатысуы; сынақ-емтихан нәтижелері мен талдаулары; оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми-зерттеу; студенттердің тұрмыс-тіршілігіне және демалуына жасалған жағдайлар; студенттерді жатақханаға орналастыру, кураторлық және тәлімгерлік жұмыстар және т.б. талданады. Деканат қызметкерлері сабақты босатқан және үлгерімі нашар студенттермен үнемі жұмыс жүргізіп, себептерін анықтайды. Тәртіп бұзушылық жөнінде қабылданған шешімдер кафедра қызметкерлері мен студенттерге дер кезінде жеткізіліп тұрады.

2006 жылдың мамыр айында факультет «Емдеу ісі» мамандығы бойынша National Quality Assurance Limited өкілетті ұйымының BS EN ISO 9001:2000 стандартының талабына сәйкес баға алып, тіркеуден өтті.

2007 жылдың 27-28 желтоқсанында емдеу факультеті бақылау аудитінің қорытындысында сапа менеджменті жүйесі бойынша өз жұмысын растады.

2008-2009 жылдың қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік, емдеу, тәрбие және ғылыми жұмыстарда қол жеткізген жетістіктері үшін Емдеу факультеті университет бойынша І орын алды. Факультетке салтанаты түрде Хрустальді кубок тапсырылып, «Үздік факультет – 2009 ж.» деген сертификат берілді.

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігерлерді дайындауды тәжірибелі оқытушы-профессорлар құрамы іске асырады. Олардың қатарына Ұлттық ғылыми академия мүшелері, 45 медицина ғылымының докторы, 132 медицина ғылымының кандидаты кіреді. Қазіргі таңда «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім беру ҚР ЖМББС 3.07.436-2003, өзертулер мен толықтырулар енгізілген 2005 жылғы 3.07.438-2005 ҚР ЖМББС-ы негізінде іске асырылады. 2003-2005 жылғы ҚР ЖМББС бойынша білім беру мерзімі – 6 жыл.

6 курста 040100 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқу бітірген түлектерге 040100 – «Емдеу ісі»мамандығы бойынша жоғарғы кәсіби білім алғаны туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Мемлекеттік қорытынды аттестация тапсырған шетел студенттеріне 040100 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғарғы кәсіби білім алғаны туралы мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылып, «Дәрігер (медицина докторы)» біліктілгі беріледі.

Факультет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын қажетті көлемде жүргізеді. Оқу үрдісіне оқытудың жаңа әдістері белсенді түрде енгізіледі. Оқытушылар оқу-әдістемелік материалдарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындайды; осыған арналған оқулықтар сатылып алынған. Жыл сайын факультет студенттері алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚазҰМУ-дің ҒЗЖ жоспары бойынша жүргізіледі. Емдеу факультеті кафедраларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, ғылым докторларын, кандидаттарын дайындау, емдеудің жаңа әдістерін іздеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тәрбие жұмысын деканат, сонымен қатар емдеу факультеті кафедраларында ҚазҰМУ-дің ОӘжТЖ бойынша проректоры бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Емдеу факультетінің 4-6 курс студенттері, сонымен қатар жатақханаларда тұратын студенттерге тәлім беріледі. Алыстан келген және шетел студенттері жатақханамен жазған өтініштері бойынша қамтамасыз етіледі. Жыл сайын декан және декан орынбасарлары студеттерді университетіміздің Уставымен, студентердің құқықтары және міндеттерімен, жатақханада тұру ережелерімен, қолданыстағы бұйрықтар және нұсқаулармен таныстырады.

Емдеу факультетінің студенттері қалалық, республикалық, ғылыми және қоғамдық-саяси конференцияларға, «Тойбастар», «Көкпар», «Тіл тірегі» атты телеқойылымдарға қатысады. 4-5 курс студенттері және шетел студенттері «интеллектуальдық олимпиада» атты теледидар жобаларына қатысып, шетел студенттері екінші орын, ал С.Еспаев, В. Нехорошева ақтық іріктеу жарысына қатысты. Сонымен қатар студенттер үйірме отырысына қатысып, ҚазҰМУ-дің қорытынды ғылыми конференцияларында баяндама жасады. Г.Нигеметова, Е.Мусабаев студенттердің Республикалық ғылыми конкурсына қатысты. Г.Нигеметова ҚР Білім беру Министерлігінің ІІІ дәрежелі дипломына ие болды. Д. Аширова ҚазҰМУ-дің студенттердің ғылыми жұмысы бойынша өткен үшінші айналымында 3 орын алды.

Емдеу факультетінің студенттері университет, қала, республика көлемінде өткен спорттық жарыстарға, спартакиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар студенттер спорт секцияларына (волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, бодибилдинг) қатысады, осы үйірмелерге қатысу арқылы студенттер денелерін шынықтырып, өздерін жеке тұлға ретінде танытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар біршама жетістіктерге жетіп отырады. Мысалы: Э. Махпирова пауэрлифтенг бойынша Норвегияда өткен халықаралық жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болды. Г.Толепов пен Ж.Ибраев таеквандо бойынша өткен Алматы аймақтық турниріне қатысып, өз салмақтарында 1 орын алды. Н. Кезенбаев студенттер Универсиадасында грек-рим күресінен 3 орын алды.

Емдеу факультетінің студенттері КТК-ға, спартакиадаларға, әр түрлі конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Факультет қызметкерлері экология, туберкулез мәселелері бойынша ғылыми бағдарлама жасауға, клиникалық және тәжірибелік медицинада жаңа технологиялар енгізу және қолдануға белсенді түрде араласып жүр.

Балмуханова Айгуль Владимировна,

декан Лечебного факультета,

доктор медицинских наук, профессор

 

Сотрудники деканата Лечебного факультета