ЖМ 5 курсына «Клиникалық электрокардиография» элективті пәні бойынша емтихан тестілері 2012-13

ЭКГ-дан экзамен тест сұрақтары қазақша 2012-13

Поисковые слова:

№2 Ішкі аурулар кафедрасы

Биография

Айдаргалиева Назипа Ермухамбетқызы — казақ, 1955 жылы туылған, 14.00.06 – кардиология мамандығы бойынша медицина ғылымының докторы, профессор, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі.

Айдаргалиева Н.Е 1977 жылы Семипалатинскінің Мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірді. Москва қаласының ССРО ҒМА-ның Бүкілодақтық Кардиологиялық Ғылыми Орталығында «кардиология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада және клиникалық аспирантурада оқудан өткеннен кейін 1987 жылы «Оценка клинической и гемодинамической эффективности и некоторых показателей водно-солевого обмена у больных с рефрактерной сердечной недостаточностью при применении метода изолированной ультрафильтрации (ИУФ)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шықты.clip_image002

 

1994 жылдары Москва қаласының ССРО ҒМА-ның Бүкілодақтық Кардиологиялық Ғылыми Орталығында «кардиология» мамандығы бойынша клиникалық доктарантурада оқып, 1994 жылы «Оценка функционального состояния сердечно-сосудистой системы у больных с хронической сердечной недостаточностью по данным различных тестов с физической нагрузкой» тақырыбында докторлық диссертация қорғап шықты.

1994-2003 жылдары Москва қаласының Батыс Административті округінің Диагностикалық Орталығында кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, кардиолог дәрігер, Ресей Федерациясы Президент Ісін Басқару Медициналық Орталығының № 1 Клиникалық ауруханасында бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары болып қызмет атқарды. 2003 жылы Қазақстан Мемлекетіне көшіп келгеннен кейін Астана қаласының Мемлекеттік Клиникалық Ауруханасының VIP – терапия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2003 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-інде № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

М.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е Университетте ғылыми атақ тағайындаушы квалификациялық комиссияның төрайымы, ішкі аурулар және қосалқы мамандықтар бойынша Ғылыми-мәселелік Жоспарлы Комиссияның төрайымы, терапиялық профильдегі Циклді Әдістемелеік Комиссияның мүшесі, емдеу факультеті Кеңесінің мүшесі, ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің мүшесі, «Клиникалық медицина –ішкі аурулар және қосалқы мамандықтар» Эксперттік Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Мемлекетінің білім беру және ғылым Министрлігінің ғылым және білім беру аумағындағы Комитеттің мүшесі.

ҚР, жақын және алыс шет ел баспаларында 40-тан аса ғылыми жұмыс шығарды; созылмалы жүрек жетіспеушілігі және жүрек ырғағы бұзылыстары бойынша оқу құралдарын баспадан шығарды және оқу үрдісіне енгізді, дәрігерлерге арнап жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларының алдын алу және емдеу мәселесі бойынша әдістемелік нұсқауларды жазып баспадан шығарды.

М.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е оқу — әдістемелік және кафедраның басшылығын ұйымдастыру жұмысын оқытушылық жұмыспен ұштастырады: дәрістер оқиды, емдеу факультетінің 5, 6 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізеді. «Кардиология» және «Ішкі аурулар» бойынша 4 кандидаттық диссертацияның ғылыми жетекшісі, оның жетекшелігімен кардиология бойынша 2 резидент оқытылуда.

Айдаргалиева Н.Е – Еуропалық кардиологиялық конгресстерге, Халықаралық және республикалық кардиологиялық және терапиялық конференциялар мен съездерге үнемі қатысып жүреді.

М.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е жоғары дәрежелі дәрігер-кардиолог, кафедраның негізгі клиникалық базасы 7ҚКА–да реанимация және анестезиология бөлімдерінде, терапиялық және хирургиялық профильді бөлімдердегі ауыр халдегі науқастарға кеңес береді, аурухананың консилиумдары мен патолого-анатомиялық конференцияларына қатысады, керегінше 7 ҚКА бөлімшелеріндегі емдік-диагностикалық көмек көрсетудің сапасына эксперттік баға береді. Алматы қаласының және ҚР-ң шалғай аудандарындағы тәжірибелік дәрігерлерге ғылыми тәжірибелік конференцияларда үнемі дәрістер оқиды.

Кафедра тарихы:

№2 ішкі аурулар кафедрасы (2003-07 жж. – №3 ішкі аурулар кафедрасы) бұрын госпитальді терапия кафедрасы болып аталған, Университеттің жасы үлкен кафедраларының бірі болып есептеледі.

Краснова С.А со студентами проводит осмотр больного. Ассистент Алмаханова А.О проводит кураторский час. Доцент Шарипова С.Т со студентами на практическом занятии по нарушениям ритма сердца.

1938 жылы құрылған. Кафедраның негізін құрушы және алғаш меңгерушісі болған Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген қайраткер — әйгілі терапевт – дәрігер, профессор Телятников Сергей Иванұлы.

С 2003 года заведующая кафедрой — доктор медицинских наук, профессор Айдаргалиева Назипа Ермухамбетовна.

1952 жылдан бастап және көп жылдар бойы госпитальді терапия кафедрасына профессор — терапевт – медицина ғылымының докторы атағын алған алғаш қазақ әйелі, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген қайраткер Сатпаева Райхан Абикейқызы меңгерушілік қызметін атқарды. 1980 жылдан 1995 жылға дейін кафедраға Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, профессор, медицина ғылымының докторы Даулетбакова Мариям Ильясқызы меңгерушілік етті. Кейінірек болған кафедраның меңгерушілері профессор, медицина ғылымының докторы Пальгова Людмила Константинқызы, сосын — профессор, медицина ғылымының докторы Изатуллаев Ельдос Абдыкалықұлы және доцент, медицина ғылымының докторы Ташенова Ляля Ғазизқызы болды.

2003 жылдан бері №3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі — медицина ғылымының докторы, профессор Айдаргалиева Назипа Ермухамбетқызы.

2003 жылдан 2007 жылға дейін кафедрада емдеу факультетінің келісім шарт және шет ел бөлімінің 4, 5 және 6 курс студенттері «Ішкі аурулар», «Кәсіптік тәжірибе», «Кәсіптік аурулар», «Әскери — дала терапиясы» пәндері бойынша оқытылды. 2007 жылдан бері кафедрада жеделдетіп оқыту бөлімінің 4 курс студенттері және емдеу факультетінің бюджет және келісім шарт бөлімдерінің студенттері орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде «Ішкі аурулар», «Кәсіптік тәжірибе», «Кәсіптік аурулар» пәндері бойынша, және жеделдетіп оқыту бөлімінің 5 курс студенттері «Ішкі аурулар» пәні бойынша оқытылады, оның құрамында жалпы терапия мен ревматология, гастроэнтерология, гематология, кардиология, эндокринология, нефрология және ЭКГ циклдері бар.

Знание механизма возникновения заболевания – важное условие понимания патологии (студент 5 курса Абуов Т.,  ассистент Нукутова Б.Т). Воспитательная работа со студентами (ассистент Джубанова Г.И) Работа научно-студенческого кружка (Ассистент Камалова Б.Б)

Терапия пәнінен білімі бойынша ерекшеленген және кафедрада үнемі белсенді түрде жұмыс атқаратын ғылыми студенттік ұйымға қатысқан университеттің түлектері кафедрадағы клиникалық ординатурада қазіргі кезде резидентурада оқытылуда. Ғылыми студенттік ұйым жұмысына қатысушы студенттер үнемі Бүкілодақтық, Республикалық және Университеттік студенттік ғылыми конференцияларда жүлделі орындарға иеленеді. 2007 жылы студент Аширова Дильнараның «Влияние бета-адреноблокатора карведилола на почечную гемодинамику у больных с артериальной гипертонией в сочетании с сахарным диабетом 2 типа» атты ғылыми жұмысы студенттік ғылыми жұмыстар конференциясының 3 турында 3 орынға ие болып мақтау қағазы мен бағалы сыйлық алды. ҒСЖ Республикалық конкурсында Нигиметова Гульжанның «Особенности течения тяжелых внебольничных пневмоний у жителей г. Алматы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ҚР Білім беру Министрлігінің 3-ші дәрежелі дипломымен мадақталды

Рабочий момент в учебной комнате (ассистент Мусаева Г.А) Лекцию читает зав. кафедрой внутренних болезней №2, д.м.н., профессор Айдаргалиева Н.Е Клинический разбор проводит зав. кафедрой внутренних болезней №2, д.м.н., профессор Айдаргалиева Н.Е

Кафедра қызметкерлері мемлекеттік және орыс тілдерінде студенттер мен тәжірибелік дәрігерлерге арналған оқулықтар және әдістемелік нұсқауларды үнемі жазып шығарады.

Кафедра негізделгеннен және осы күнге дейін терапияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кафедра ғалымдары ішкі аурулар патологиялары бойынша көптеген ғылыми еңбектер жазып жарыққа шығарған. Олардың нәтижелері халықаралық, республикалық конференциялар мен съездерде баяндалаып жүр. Ішкі ағза ауруларының кең спектрі бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер арқасында кафедрада көптеген медицина ғылымының кандидаттары мен докторлары дайындалып шығарылды. 2003 жылдан бері кафедрада гастроэнтерология және гематология мамандықтары бойынша 2 докторлық диссертация, және ішкі аурулар мамандығы бойынша 5 кандидаттық диссертация қорғалды.

Обсуждение комплексного плана работы кафедры Доцент Жданов В.В – опытный педагог Знание ЭКГ-данных – непременное условие квалификации будущего врача (Ассистент Махмудова А.К)

Кафедраның клиникалық базалары 7 ҚКА терапия бөлімі, ҚКО және Кардиология және ІА ҒЗИ клиникалық бөлімдері.

Қазіргі уақытта кафедрада м.ғ.д., профессор Айдаргалиева Н.Е.; доценттер, медицина ғылымының кандидаттары Шарипова С.Т., Краснова С.А., Жданов В.В. және білікті педагогтар – ассистенттер, м.ғ.к.: Яковлева Н.А., Джубанова Г.И., Нукутова Б.Т., Камалова Б.Б.; ассистенттер Махмудова А.К., Алмаханова А.О., Мусаева Г.А. жұмыс атқарады.

Кафедраның тіршілік барысында мыңдаған студенттер оның түлктері болып шықты, олардың қатарында көптеген – жоғары білікті дәрігерлер мен әйгілі ғалымдар да бар.

заведующая кафедрой внутренних болезней №2, д.м.н., профессор Айдаргалиева Н.Е на очередном Европейском конгрессе кардиологов в Барселоне (2009 г.)Полугодовая аттестация студентов по этапам ОСКЭ (ассистент Яковлева Н.А) рабочий момент в отделении реанимации и интенсивной терапии ГКБ №7 (заведующая кафедрой внутренних болезней №2, д.м.н., профессор Айдаргалиева Н.Е).

Ман нав ОСКЭ (дыхание) каз

Ман нав ОСКЭ (живот) каз

Ман нав ОСКЭ (ССС) каз

Тесттер:

Аритмия

Созылмалы лейкоз

Рев

Нефрология

Кардипатия

Жедел лейкоз

Гем. диатез

ВПС

Анемия

 

Ярмарка интегр Заб внутр орг у беременных, Бер и почки 2012-13 КАЗ

Ярмарка электив Клин ЭКГ 2012-13 қаз

Поисковые слова: