№2 Акушерия және гинекология кафедрасы

Акушериялық және гинекологиялық ғылымдардың және тәжірибенің Қазақстан Республикасында дамуы мен қалыптасуы Қазақ Мемлекеттік Медицина институтының (1931 жылы) емдеу факультетінің бірінші акушерия және гинекология кафедрасының (1934 жылы, қыркүйек айында) ашылуымен және Республикалық акушер-гинекологтарының ғылыми қоғамының(1935ж.) құрылуымен тығыз байланысты.

Кафедра дәрігерлерді дайындайтын орын ғана емес,сонымен қатар педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындайтын орын болды.

Кейінгі жылдары жаңадан ашылған институттардың акушерия және гинекология кафедраларына және Алматының дәрігерлер білімін жетілдіру институтының акушерия және гинекология кафедрасын осы Қазақ Мемлекеттік Медицина Институтының акушерия және гинекология кафедрасының қызметкерлерімен қамтамассыз етілді.

Кафедраның бірінші ұйымдастырушысы және 17 жыл (1934-1951) меңгерушісі болған, хирург, профессор Малинин Александр Иванұлы болды. А.И. Малинин кафедраны және акушерия мен гинеколгия клиникасын ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыс атқарды. Клиникалық базаны ұйымдастыру үшін қалалық аурухананың ескі 80 төсектік екі ғимараты бөлінді. Клиниканы ұйымдастырғанға дейін, акушериялық және гинекологиялық дайындығы бар тек қана бір дәрігер болған.

Клиникалық базаны ұйымдастыруда болған қиындықтармен қатар,педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға және өзінің емдеу жұмысын жақсы білетін бейімді дәрігерлер кадрларын дайындау қиындықтары болған.Бірақ профессор А.И. Малинин осы қойылған міндеттерді жоғары деңгейде тамаша орындап шықты.Егер ұйымдастыру кезінде кафедра штаты, кафедра меңгерушісі мен 2 ассистенттен(Е.М.Суханов,Н.П. Попов) тұрса,ал 1951 жылы кафедрада кафедра меңгерушісі,4 доцент (Т.А. Корякина, К.Д.Өтегенова,Х.Е. Мырзалиева,В.А. Румянцева)және 10 ассистент(М.А. Бульина, Л.А.Яхонтова, Р.С.Аманжолова, А.А. Корзун, И.И.Георгиевский, В.И.Афанасьев, С.Н.Нұғыманов, И.П.Мясоедов, В.П.Терентъева, Н.П. Попов, Н.А.Шилько) жұмыс істеді (доцент Б.И.Исатаеваның естелігінен).

1936 жылы кафедраға қалалық аурухананың 6 бөлімшесі, сонмен қатар хирургиялық ғимаратының бір жағы бөлініп берілді,онда профессор А.И.Малинин оперативтік гинекология бөлімшесін ашты.

1938 жылдан бастап кафедраның негізгі базасы №1 перзентхана болып есептелді. 1940 жылы №1 перзентхананың базасында толық емес түсініктер үшін гинеколгиялық бөлімше және 60 төсекті физиологиялық босанудың бөлімшесі ашылды. 1948 жылы №1перзентхана мен 2-ші әйелдер консультация біріктірілді.№1 перзентхананың 2 бөлімшесі,әйелдер консультациясы, сонмен қатар Республикалық онкологиялық диспансер кафедраның базалары ретінде пайдаланды. Осы уақыттан бастап№1 перзентханада оқу мұражайы, бактериалогоиялық және гистологиялық зертханалар, ал 1951 жылы рентгендиагностикалық кабинет ашылды.

Профессор А.И. Малинин және оның шәкірттері акушерия және гинеколгиның ұйымдастыру мәселелерімен, акушерияда қан құю мәселелерін ұйымдастырумен,босану жарақаттары, оперативті гинеколо.гины жетілдіру мәселерімен шұғылданады.Ол өзінің шәкірттеріне бүкіл акушериялық және гинеколгиялық жетілдіру мәселерімен шұғылданады.Ол өзінің шәкірттеріне бүкіл акушериялық және гинеколгиялық операциялардың техникасын үйреткен ұстаз.Республика ғылымына сіңірген еңбегі үшін оның есімі Институт тарихының Алтын кітабына жазылды және Қазақ энциклопедиясына енгізілді.

1951 жылдан 1958 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болып профессор Клинецкий Яков Савелийұлы (1902-1994) жұмыс істеді.Оның шәкіртінің көбісі (профессор Мезинова Н.Н.,профессор Аманжолова Р.С., профессор НұғымановС.Н., профессор Бульина М.А., доценттер Дрейзин Ю.В.,Каримова К.К.,Яхонтова Л.А.,Қарынбаева Л.И.,Григорьянц В.К. және тағы басқалары) кейінгі кездерде акушерия және гинекология кафедраларын, ғылыми –зерттеу институттарының бөлімдерінің меңгерушісі және кафедра доценттері болып жұмыс атқарды, ал профессор Сәкен Нұғыманұлы Нұғманов Қазақтың онколгия және Радиология Ғылыми-Зерттеу Институтының бірінші ұйымдастырушысы және директор болды.

Профессор Нұғыманов Сәкен Нұғыманұлы еліміздің ғалымы, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қазақстандағы онкологиялық жұмыстың негізін қалаушы және ұйымдастырушысы, КСРО-да бірінші студенттік онкология кафедрасын құрушы,1918жылы 17 қыркүйекте Семей облысы Аягөз ауданындағы Таңсық ауылында дүниеге келеді. Ата-анасынан ерте айрылған Сәкен Нұғыманұлы интернат үйінде тәрбиеленіп, онда толық емес орта білім алып,1934 жылы Талдықорған медицина раффагіне оқуға түседі. Соны бітіргеннен кейін,1936 жылы Қазақтың Мемлекеттік Медицина институтына түседі, оны Қызыл дипломмен бітіріп,1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады.Оңтүстік батыс және 1-ші Украина майданында және Австрия мен Венгриядағы Кеңес Армиясының орталық тобында полктің аға дәрігері,медсанроттаның командирі ретінде жауынгерлерді емдеуге қатысып, медицина қызметінің капитаны шаніне дейін көтеріледі.Кеңес Армиясының қатарынан 1947 жылы босанып өзінің бітірген Қазақтың Мемлекеттік Медицина Институна қайта оралады.Бұл институттың акушерия және гинекология кафедрасында әуелі ассистент(1947-1955),сосын доцент(1955-1960)болып жұмыс атқарды.

1960 жылы ҚКСР-і Үкіметінің үкімімен Нұғыманов Сәкен Нұғыманұлы Қазақ Онкология және Радиология институнының бірінші директоры болып сайланады.

Осы институтт 10 жылдай басқарып, институттың материалдық-техникалық базасын жақсартуда және ғылыми зерттеу жұмыстарының дәрежесін Бүкіл Одаққа, керек десең бүкіл әлем жүзіне танытуға барлық күш жігерін салды.

Профессор С.Н. Нұғыманов 197 жылы КСРО көлемінде бірінші рет Алматы Мемлекеттік Медицина Институтында онкология кафедрасын ұйымдастырып, өмірінің соңғы сәтіне дейін кафедра меңгерушісі болып ,барлық білімін жастарға беруге күш салды.

Профессор С.Н. Нұғымановтың жалпы басшылығымен 51 кандидаттық кандидаттық,7 докторлық диссертация қорғалды.200 астам ғылыми еңбектері жарық көрді, соның ішінде «Эпидемиология злокачественных опухолей в Казахстане» деген кітабы бүкіл онколог-дәрігерлердің қолынан тастамай оқитын кітабына айналды. С.Н. Нұғыманов Қазақста онкология ғылыми қоғамының төрағасы, «Вопросы онкологии», «Здровохранение Казахстана» журналдарының және «Малая медицинская энциклопедия» кітабының алқа мүшесі болды.

Профессор С.Н. Нұғыманов бірнеше мәрте кеңес Кеңес үкіметінің ордендерімен және медальдарымен мерепатталды.

Қазақстан халқының алдында сіңірген еңбегі үшін профессор С.Н. Нұғымановқа өзі тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш(мемориалдық) тақта орнатылды. Ол кісімен жұмыстас болған кезім, әлі есімнен кетпейді.Өте данышпан адам еді-дейді осы кітабтың иегері профессор Нұржанов Хамит Нұржанұлы.

Профессор С.Н. Нұғыманов туралы, оның шәкірті профессор Х.А. Абисатов қаралы жиында сөйлеген сөзін Сәкен аға! Сіз ұмытылмас із қалдырдыңыз, мәңгі есімізді сақталасыз» деп аяқтаған болатын.

Профессор Я.С.Кленицкийдың және оның шәкірттерінің ғылыми бағытының негізі, ол алыс жайлаудағы жүкті,босанатын және гинеколгиялық аурулары бар әйелдерге акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастырумен, босану әрекетінің әлсіздігінің емін, диагностикасын және әйелдер бедеулігінің емдеу жолдарын жетілдіру шаралары мен обрдың(рактың)дамуындағы жүйке жүйесінің рөлін зерттеумен айналысты.Қазақстанда жұмыс істеген кезінде Я.С.Клинецкий өзінің «Жатыр миомасы» деген кітабын жарыққа шығарды.Ол кітап көптеген акушер гинекологитардың сүйсініп оқитын кітабына айналды. Оның басшылығымен 2 докторлық,13 кандидаттық диссертациялар қорғалды. 80-нен астам ғылыми еңбектер жазды. «Отан соғысы» II –дәрежелі орденімен және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Қазақстанда акушерия және гинеколгия ғылымдарын дамытуда және өзінің тәжрибелі ісімен көзге түскен, профессор А.И.Малининнің дарынды шәкірті,жарқынды хирург, өзінің дәрігерлік, педагоктық, зерттеулік жұмыстарын ұйымдастырушылық қаблетімен ұштастыра білген қазақтың дарынды қыздарының бірі,профессор Өтегенова Кәмила Досқызы (1915-1993) 1958жылдан 1978 жылға дейін,20 жылдан астам, осы кафедраны басқарды.

Қазақ Мемлекеттік Медицина Институтының бірінші түлегі,1936 жылы осы институтты бітіргеннен кейін, Оңтүстік Қазақстанның Ащысай кең орнының 25 төсектік ауруханасында жұмыс істеген, ал 1937-1938 жылдары Қазақ Мемлекеттік Медицина Институтының акушерия және гинеколгия кафедрасының клиникалық ординатурасын бітіріп, кафедрада аға лаборанты болып жұмысқа қалады.1941 жылы кафедраға ассистент болып сайланады.1945 жылы « Аналық без обырының клиникалық және гистологиялық байланысы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап,ал 1946 жылы доцент атағына ие болды.

1952 жылы педиатрия факультетінің акушерия және гинекология кафедрасы құрылғаннан кейін, оның бірініш меңгерушісі болып доцент К.Д.Өтегенова 1958 жылға дейін жұмыс істейді. 1955 жылы Ленинград қаласында өзінің докторлық диссертациясын қорғап,ал 1956жылы профессор атағына ие болды.1954 жылдан бастап 1965 жылға дейін қазКСР-і Денсаулық сақтау Мнистрлігінің бас акушер гинекологы болып жұмыс істейді,сонмен қатар көптеген қоғамдық жұмыстар атқарады.

1958-1978 жылдары Қазақстанның акушерлер-гинекологтар қоғамының төрайымы, «Акушерство и гинекология»журналаның редакция алқасының мүшесі,Алматы облыстық Кеңесінің депутаты болған. Талай халқаралық акушер-гинеколгитардың съездеріне, форумдарына ,конференцияларына және конгрестеріне қатысқан. ҚазКСР-і еңбек сіңірген дәрігері,КСРО-ның Денсаулық Сақтау Министрлігінің үздігі, бірнеше мәрте Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған. Бұл кездегі кафедраның негізгі ғылыми бағыты «Перинаталдық және ана өлімінің алдын алу мен оларды төмендету шаралары»болды. Осы ғылыми бағытта ол 26 ғылым кандидатын дайындап,122-ден астам ғылыми еңбегін жарыққа шығарды. Профессор К.Д.Өтегенованы еске қалдыру үшін Алматы қалалық атқару комитетінің жарлығымен өмірбойы өзі істеген клиникалық№1 перзентхананың негізгі есігінің маңдайшасына ескерткіш (мемориальды) тақта орнатылды.Профессор К.Д. Өтегенованың шәкірттері (профессор Х.Н.Нұржанов,профессор Н.Ә.Қайыпова,профессор К.Б.Жаманаева, М.Г.Бейсебаева, А.А.Гофман, Г.Г.Стекольникова және тағы басқалары) ұстазының салған ақ жолымен әрі қарай акушерия мен гинекологияны дамытуда өздерінің үлестерін қосуды.

Профессор К.Д.Өтегенованың шәкірті,осы кітаптың бас иегері профессор Нұржанов Хамит Нұржанұлы 1957 жылы Орта қазақ мектебін бітіргеннен кейін, Гурьевтің ( қазіргі Атырау қаласы) кемелерді жөндейтін зауытта металл ісінң токары болып жұмыс істеді.1958 жылы әскер қатарына шақырылып 4,5 жылдай Соғыс-Теңіз Флотында сүңгуір қайықта қызмет атқарды. Сол жылдары Кариб дағдарысына (кризисіне) және су астына атом бомбасын жаруға қатысушылардың бірі болды.1962 жылы Қызылжұлдыз Солтүстік Флотының Саяси басқармасының ұсынысымен партия партия қатарына алынды, бір жылдық сырттан оқитын партия мектебін бітірді. Соғыс- Теңіз Флотының қатарынан қайтқаннан кейін Гурьев қаласының ауруханасында уқалаушы болып қызмет атқарды.1963 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина Институтына түсіп, оны 1969 жылы бітіргеннен кейін,Алматы қаласының №1 перзентханасына дәрігер акушер гинеколги болып орналасты.1977 жылы профессор К.Д.Өтегенованың шақыруымен акушерия және гинекология кафедрасыны ассистент болып орналасты.1977 жылы профессор К.Д.Өтегенованың басшылығымен «Фибромиома матки и беременность» деген тақырыпқа өзінің кандидаттық диссертациясын қорғады.1970 жылдан 2003 жылға дейін акушерия және гинекология кафедрасында,23 жыл ассистент,10 жыл доцент, ал 2003 жылдан бастап кафедрада профессор ертінде жұмыс атқарып келеді.

Кафедраның жүргізген ғылыми жұмыстарына байланысты өзінің 70 астам ғылыми жұмысын, соның ішінде қазақ тілінде акушерия және гинеколгия бойынша 7 кітабын жарыққа шығарды.Өзінің денсаулық сақтау мекемелерінде және Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде 35 жылдай жұмыс істеу кезінде, денсаулық сақтау органдарына тәжрибелік көмек көрсету, әсіресе республиканың шалғай жатқан аудандарының және ауылдарының тұрғын әйелдеріне акушерлік және гинекологиялық көмек көрсетуде 40 астам командировкаға шығып,15 мыңнан астам әйелдерге акушерлік және гинекологиялық көмек көрсеткен ғалым. Осы жұмыстары үшін талай рет ҚазҰМУ-нің,Алматы Көкшетау,Жамбыл Маңғыстау, Қызыл-Орда және тағы басқа облыстардың әкімшіліктердің мақтау грамоталарымен,ҚР-ы денсаулық сақтау үздігі белгісімен және еңбек ардагері медальімен марапатталды.

1978 жылдан 1993 жылға дейін акушерия және гинекология кафедрасын профессор Мезинова Надежда Никитақызы басқарды.

Н.Н. Мезинованың негізгі ғылыми жұмысы репродуктивті жүйенің гормон тәуелді ісіктерінің патогенезін,алдын алу және емдеу әдістерін жетілдіру, жүкті әйелдердің темір жетіспеушілігінің анемиясы, гинекологиялық аурулардың жыныс мүшелерінің қабыну үрдістері, қауіптілігі жоғарғы топтардағы жүкті әйелдердің асқынуларының алдын алу мәселелеріне бағытталды.

Осы бағытта профессор Н.Н. Мезинованың басшылығымен 22 кандидаттық,2 докторлық диссертациялар қорғалды.Көптеген ( 150) ғылыми жұмыстары соның ішінде 3 кітабы жарық көрді.Ол кісінің шәкірттері(доценттер Нұғыманова М.И.,Патрушева А.С., Аманжолова Б.К.,Омарова Г.К.,Локшин В.Н. және тағы басқалары)кафедрада ғылыми институтта және денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс атқаруда.Тәжрибелік жұмысын профессор Н.Н.Мезинова қоғамдық жұмыстарын сәтті үлестіре білді. Қазіргі кезде де профессор Н.Н.Мезинова өзінің 78 жасына қарамай спортмен шұғылданып, еңбекті жұмысын кафедраның профессоры ретінде жалғастыруда.

Келесі 5 жыл арасында (1993-1998 жылдары) кафедраны профессор Раисова Әдебиет Темирбулатқызы басқарды.Бұл кезеңде кафедраның негізгі ғылыми бағыты-жүктілікті көтере алмаушылықтың патогенезінің эндокриндық факторларының рөлін зерттеу болды.

Профессор Ә.Т. Раисова басқаруымен осы ғылыми бағытта 3 кандидаттық диссертация (доцент Бищекова Б.Н., ассистенттер Айсабаева Н.К.,Ан ИП.) қорғалды және 90 астам ғылыми еңбектері мен 3 кітабы жарыққа шықты.

Поисковые слова: