№1 Хирургиялық аурулар кафедрасы

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы (бұрынғы факультеттік хирургия) 1933 жылы ұйымдастырылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясының түлегі, профессор Илья Симович  Баккал (1878ж.т.) тағайындалды.

Баккал И.С.

1951 жылдан кафедраны Одесса медицина институтын тәмамдаған, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, м.ғ.д., профессор Аркадий Борисович Райз басқарды.

Райз А.Б.

А. Б. Райз 25 жыл бойы үздіксіз кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Оның басшылығымен кафедрда оқу, ғылыми жұмыстары алға басты. Кафедра қызметкерлері кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғап өзалды  үлкен хирургтер мектебі құрылды.   Олардың арасында елімізге танымал хирургтар–академик М.Ә.Әлиев, профессорлар А.А.Сүлейменов, И.И.Володько, Э.А.Апсатаров, доценттер Н.С. Әлмұхамедова, К.И. Ибраев, М.С.Сәбитов, Қ.Т. Қалиев және т.б. бар.

1966 жылы факультеттік хирургия кафедрасынан стоматология факультетінің хирургиялық аурулар кафедрасы жеке шаңырақ құрды. Жаңа кафедраны А.Б. Райздың шәкірті, әйгілі хирург, ғалым және педагог, проф. А.А. Сүлейменов басқарды.

профессор Сүлейменов А.А.

 

Ол 1976 ж. онкология және радиология ҒЗИ-нің директоры етіп тағайындалған соң, аталмыш кафедра факультеттік хирургия кафедрасына қайта қосылды.

Оның меңгерушісі қызметін 1976 жылдан 1980 жылға дейін профессор М.А.

Алиев атқарды.

профессор Алиев М.А.

Ол 1980 ж. акад. А.Н. Сызганов атындағы клиникалық және экспериментальді хирургия ҒЗИ-не директоры қызметіне ауысқан соң, кафедраны профессор М.Қ. Құланбаев (1980-1985жж.),

профессор Құланбаев М.Қ.

ал онан соң профессор Ш.Н. Абдуллаев (1985-1995 жж.) басқарды.

профессор Абдуллаев Ш.Н.

1995 ж. конкурс арқылы кафедра меңгерушісі болып ҚР ПМА академигі, м.ғ.д., профессор Аман Жәмелұлы Нұрмақов сайланды.

профессор Нұрмақов А.Ж

Нұрмақов А.Ж. 1965 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын ауылдық учаскелік ауруханадан бастаған. Ол 1967-71 жылдар аралығында Алматы ММИ (қазіргі С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ) хирургиялық аурулар кафедрасының аспиранты болды. 1971 ж. кандидаттық диссертация қорғаған соң, кафедра ассистентті болып қалдырылды, ал 1976 жылы аталған кафедраның доценті болып сайланды. Ол 1986–1989жж.–акад. И.П.Павлов атындағы №1 Ленинград медицина институты (қазіргі И.П.Павлов ат. Санкт-Петербург медицина университеті) жалпы хирургия кафедрасының докторанты. 1989 жылы сол жерде докторлық диссертацияны сәтті қорғаған соң, ол өзі қызмет еткен  кафедрасына оралып, кафедра профессоры қызметін атқарады (1990-95жж.). Бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі болып  қызметін атқарып келеді. Нұрмақов А.Ж. ҚР Профилактикалық медицина Академиясының академигі (1996) және Н.И. Пирогов атындағы ТМД хирургтар Ассоциациясының толық мүшесі (1997). Ғылыми Кеңестің мүшесі, хирургиялық пәндер бойынша НППК төрағасы, ҚР ДСМ жанындағы терминологиялық комитеттің және медицина жөніндегі «Қазақстан» энциклопедиясының редколлегия мүшесі және т.б.

140-тан аса ғылыми еңбектердің авторы. Олардың ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарық көрген 5 монография, 4 оқулық және бірнеше оқу құралдары бар.

1995 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедра А.Н. Баймаханов, Е.Ш. Қалиасқаров, Д.А. Нұрмақов, Г.А. Ахмеджанова сында жаңа толқын өкілдерімен толықты. Олар кандидаттық диссертация қорғап, кафедра доценттері атанды. Доценттер Е.Ш. Қалиасқаров пен Д.А. Нұрмақов 2010ж докторлық диссертацияларын қорғап, медицина ғылымдарының токторы атағына ие болды. Кафедра коллективі кейінгі кезде жастармен толықтырылды. Солардың ішінде м.ғ.к. Ж.С. Әлжанова,  Қ.О Сабиров, А.М. Еликбаев, М.Т. Надыров, Е.А. Аубакиров, Д.Т. Джуматаев, Б. К. Мұқашевтарды атап өту керек.

Кафедрада проф. А.Ж.Нұрмақовтың жетекшілігімен ана тілімізде жазылған тұңғыш кандидаттық диссертациялар қорғалды (ҚХР келген қандасымыз Жасан Зекей және доцент Баймаханов А.Н.). Олар бүгінгі таңда елімізге танымал білікті маман, ғалым болып отыр. Ж. Зекей бүгінгі күні Қазақстан Республикасының азаматы, шығыс медицинасы Халықаралық академиясының академигі, қазіргі кезде Алматы қаласындағы «Жасай» Шығыс-Тибет медицина орталығының бас дәрігері. Оған 2009 жылдың желтоқсан айында Вена университетінің құрметті профессоры мантиясы мен медалі табысталды.

А.Н Баймаханов  кафедра доценті, белгілі педагог, хирург.

Кафедра ассистенттері А.Қ. Қалиев және М.Т. Надыров кандидаттық диссертация ғылыми жұмыстарын жемісті орындау үстінде. Кафедра жалпы хирургиялық инфекцияның патогенетикалық негізі, соның ішінде нашақор науқастардағы хирургиялық инфекциялық аурулардың клиникалық ағымының ерекшеліктері, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Кафедра қызметкерлері күшімен мемлекеттік және орыс тілдерінде монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, 200 астам ғылыми мақалалар мен тезистер баспа беттерінен жарық көрді. Соның ішінде 10 астам патент және өнертапқыштық ұсыныстары бар. Ғылыми жетістіктердің нәтижелері денсаулық сақтау саласында тәжірибеге кеңінен енгізілді (патенттер, әдістемелік нұсқаулар, енгізу актілері).

Кафедрада емдеу, педиатрия, стоматология және жалпы медицина факультеттерінің студенттері хирургиялық аурулар пәні бойынша білім алады, сонымен қатар клиникалық ординаторлар, резиденттер хирургия саласы бойынша дайындықтан өтуде, олардың арасында бүгінгі күні өз елдерінде табысты еңбек етіп жатқан Индия, Пакістан, Жапония және т.б. елдердің азаматтары бар. (сурет с Девом)

Алматы қаласының №4 ҚКА  (бас дәрігер м.ғ.к. А.Т. Аманов) хирургиялық бөлімшесі кафедраның негізгі клиникалық базасы болып табылады. Бөлімше Алматы қаласының Жетісу және Түркісіб аудандарының тұрғындарына жедел және жоспарлы хирургиялық емдік-кеңестік көмек көрсетеді. Бөлімшеде осы заманға сай хирургиялық операциялардың барлық түрлері, соның ішінде жаңа технологиялар қолданылатын (эндовидеохирургия) операциялар да жасалады. (сурет лапараск. операция)

Кафедра тәжірибелік медицинаға патенттермен, методикалық нұсқаулармен бекітілген бірнеше жаңалықтарды тұрақты енгізуде.

Кафедра ұжымы

 

Кафедра ұжымы Халықаралық конференцияда 

ортасында проф. Гальперин Э.И. және проф. Нұрмақов А.Ж.

 

Кафедра меңгерушісі проф. Нурмақов А.Ж. Кафедра ұжымы мен студенттермен науқастатрды қарауы

Кафедра доценті Ахмеджанова Г.А. және ассистент Надыров М.Т. Лапароскопиялық холецистэктомии операциясы үстінде.

 

С.Ж. Асфендияров ат. Қаз ҰМУ №1 хирургиялық аурулар кафедрасы қызметкерлерінің құрамы

  

р/р

Аты жөні

қызметі

Ғылыми дәрежесі

1.

Нұрмақов А.Ж.

Кафедра меңгерушісі,

профессор

м.ғ.д.

2.

Нұрмақов Д.А.

доцент

м.ғ.д.

3.

Баймаханов А.Н.

доцент

м.ғ.к.

4.

Ахмеджанова Г.А.

доцент

м.ғ.к.

5.

Қалиасқаров Е.Ш.

доцент

м.ғ.д.

6.

Қалиев Ә.Қ.

ассистент

7.

Надыров М.Т.

ассистент

8.

Елікбаев А.М.

ассистент

9.

Әлжанова Ж.С.

ассистент

м.ғ.к.

10.

Сабыров Қ.О.

ассистент

м.ғ.к.

11.

Мұқашев Б.К.

аға лаборант

12.

Извозчикова Н.А.

лаборант

13.

Аубакиров Е.А.

резидент

14

Джуматаев Д.Т

резидент

№1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор                                                                           Нұрмақов А.Ж.

Поисковые слова: