№1 Акушерия және гинекология кафедрасы

17.07.2006 ж №269 бұйрығы бойынша кафедраның қайта құрылуына байланысты

image №1 акушерия және гинекология кафедрасы құрылды.

№1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Омарова Гулжахан Қашкынбай қызы.

Омарова Г.К. — педиатрия факультетінің Оқу кеңесінің мүшесі, ҚазҰМУ-ң этикалық комиссиясының мүшесі, ҚазҰМУ-нің Ғылым кеңесінің мүшесі, АГжәнеПҒО-ң Диссертациялық кеңестегі апробациялық комиссиясының мүшесі, акушериядан, гинекологиядан және перинатологиядан ҒМТК төрайымы.

№1 акушерия және гинекология кафедрасының ұжымы

image Кафедрада 2 профессор, 4 доцент, 10 ассистент, 4 аға лаборанттар жұмыс істейді.

Кафедрада дәрежесі бар қызметкерлер:

2 медицина ғылымының докторы

6 медицина ғылымының кандидаты

№1 акушерия және гинекология кафедрасының клиникалық базалары:

image №5 Перзентхана. Мекен – жайы: Маречека көшесі 28, №1 акушерлік және гинекология кафедрасының негізгі базасы болып табылады. 130 төсек орнына арналған.

image РҚЕ жоспарлы гинекология бөлімшесі «ҚР Президенті жұмысын басқаратын Орталық клиникалық аурухана». Клиника Панфилов көшесінде, № 139 үйде орналасқан.

image №1 Қалалық клиникалық аурухана, босану бөлімшесі, Қалқаман ықшам ауданында орналасқан

№7 Қалалық клиникалық аурухана, шұғыл гинекология бөлімшесі, Қалқаман ықшам ауданында орналасқан

№15 қалалық емханадағы әйелдер кеңесі, «Достық» ықшам ауданында, Весновка көшесінде орналасқан. №15 әйелдер кеңесі күніне 58 әйел қарауға арналған.

№ 17 қалалық емханадағы әйелдер кеңесі, Басенова көшесінде, № 2 үйде орналасқан, күніне 150 әйел қарауға арналған.

№1 акушерия және гинекология кафедрасы докторлық диссертацияларды қорғаудың жетекші ғылыми ұйымы болып табылады.

image

№1 акушерия және гинекология кафедрасында 3-4-ші курстың студенттері мен резиденттер оқиды.image

image

Студенттер акушерлік және гинекология мамандығы бойынша теориялық білімдер алады, ал

image тәжірибелік дағдыларын

киникадан және симуляциялық орталықтан алады. image

 

imageОқу кезеңінде студенттер теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларына қосымша студенттердің ғылыми үйірмесінің әдістемелік жұмыстарына да белсене қатысады.

 

image Кафедра қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымына imageкеңестік, емдік – диагностикалық, image

ғылыми – әдістемелік көмек көрсетеді.

image №1 акушерия және гинекология кафедрасы студенттер арасында тәрбие жұмысын белсенді жүргізеді. Жыл сайын image

КВН және жатақханаларда «Жанұяны жоспарлау» тақырыбына семинар өткізіледі, студенттер

оқытушыларымен бірге мұражайға, театрларға және кинотеатрларға барады.

Біздің мекен — жайымыз: негізгі база №5 перзентхана (Алматы қаласы, Маречека көшесі № 28 үй, №1 акушерлік және гинекология кафедрасы). Телефон: 224-97-98. Факс: 224-97-98.

19.03.2011 жыл. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің Кафедра меңгерушісі Омарова.Г.К.

Жалпы медицина факультетінің 4 курс студенттері арасында наурыз мерекесі қарсаңында Акушерия және гинекология пәнін өту барысында КВН ойыны өткізілді. Ойын тақырыбы Жыныс жолдарымен берілетін аурулардың алдын алу. Бұл іс-шараға осы пән циклін өтіп жатқан барлық студенттер, кафедра меңгерушісімен бірге ассистенттер, перзентхана ұжымы және деканттан Құрмет Елубайұлы қатысты. КВН ойнына студенттер Қалқаман 1 және 5 перзентхана комдалары болып 2 ге бөлініп өзара сайысқа түсті. Ойын әрі қызықты әрі тартысты өтті. Ойын барысында студенттер жыныстық жолмен жұғатын аурулар жайында өте жақсы талқылаулар өткізді.Әрбір адамға ойланарлықтай ой тастап, КВН ге келген адамдарды бірде күлкіге малындырса, бірде терең ойға батырады. Ойын 2 тілде өткізілді. Ойынның жақсы өтуіне актовый залдың гүлдермен көркемделуі, шарлармен әсемделуі, жанкүйерлердің өз командаларын жан-жақты плакат көтеріп қолдауы септігін тигізді. Ойын соңында наурыз мерекесіне байланысты қазақ салт дәстүрін насихаттайтын қойылымдар, ән-күйлер орындалды.Ойын соңында КВН қатысқан студенттерге көптеген бағалы сыйлықтар және сертификаттар тапсырылды.

КАФЕДРА тәрбие жұмысына жауапты: Имангалиева. М. К.


Поисковые слова: