Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы

Топографиялық анатомия және оперативті хирургиясының меңгерушісі әрі профессор болып 1934 жылы доцент А.Н.Сызғанов тағайындалды. Ол кафедра негізігнің қалануы мен қалыптасуына айтарлықтай маңызды рөл атқарды.

Кафедраның дамуына, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау ісіне зор ықпал еткен басшылар: профессори З.И.Рахман (1938-1944 жж.), Г.Е.Вознесенский (1946-1965 жж.), В.В.Александрович (1944-1946, 1965-1984 жж.), А.А.Идрисов (1984 жылдан қазіргі кезге дейін).

Көп жылдар бойы кафедра жоғары білікті оқытушылар, тәжірибелі доценттер М.Н.Сырлыбаева, И.Н.Демин, К.А.Кленов, А.В.Вагапова, З.Х.Казакова, С.Ш.Сарыбекова, М.М.Мырзабеков, Н.Г.Маргунова, медицина ғылымдарының кандидаттары, ассистенттер  Б.Т.Крыгин, Т.В.Успенская, В.П.Ким, А.У.Рысқұлбеков жұмыс істеді.

Қазіргі таңда клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы білім берудің сапасын арттыру үшін оқу үдерісінде инновациялық технологияны енгізу, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, оқыту жүйесін дамыту міндеттерін айқындайды.

Кафедра оқыту бағдарламасының электрондық нұсқасы бар, серверге қосылған 8 кампьютері бар интерактивті компьютерлік бөлме жұмыс істейді. Студенттердің оқу үлгерімі жеке тест түрінде тексеріледі, операция туралы фильмдерді көруге, пән бойынша әртүрлі электрондық оқулықтарды оқуға, интерактивті атластарды пайдалануға мүмкінідік жасалған. Серверде оқыту үдерісіне қажетті мультимелдиялық бағдарламалар жиналған. И. Литман редакциясымен шығарылған «Оперативная хирургия»  3 CD-дискінің электронды нұсқасы бар. электрондық бағдарлама қажетті ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. «Абдоминальды электроскопиялық хирургия» сериялық басылымы оқулық, көрнекілік сипатына ие. Осы серияның негізін билиар жолы мен ұйқы безінің эндохирургиясы мәселелері құрайды. Сонымен бірге қалыпты, топографиялық антомия, бауыр, өт, бүйректен тыс өт жолдары, ұйқы безінің гистологиясы туралы очерктер де бар. Асқазан, он екі елі ішек, көкбауыр диагностикасы кезіндегі типтік эндохирургия техникасы баяндалады. Сызба, көрнекілік, сурет және дыбысты бейнетүсірімдер арқылы эндохирургия техникасы ұсынылған.

Франк Неттердің адам анатомиясы бойынша көрнекті интерактивті атласы практикалық сабақтар мен студенттердің өз бетімен семинарға дайындығы үшін зор мәнге ие.

Студенттер үшін DVD жинақтар мен, оқыту бейнетақталары бар қазіргі заманға сай классикалық және ондоскопиялық операцияларды көрсететін DVD-плеерлермен, теледидарлармен жабдықталған оқу бөлмелері бар.

РФ Ғылымына еңбек сіңірген, РМҒА СҚ Президиумының мүшесі, РМҒА Лимфология Институтының директоры, академик Ю.И.Бородин кафедра қызметіне жоғары баға берді: «Сүйікті университеттің анатомиялық институттың Еуропала және Америкада абройын асқақтатып тұрған жұмыстың ұйымдастырылуына, тамаша мұражайына, заманауи техникалық және медициналық жабдықтарға ризашалығымды білдіремін».

Қазақстан морфологтар ассоциациясының президенті профессор А.А.Идрисовтың басшылығымен кафедра қызметкерлері I,II,III  және IV,V халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларды өткізді. Соңғы 10 жылда кафедра қызметкерлерінің бірқатар монографиялары жарық көрді: «Макро-микроциркуляторное русло органов живота в условиях регионарной внутриартериальной и системной химиотерапии» (Ә.А.Идрисов), «Профессор Акрам Идрисов» (С.Г.Азербаев, А.А. Идрисов), «Хромды улану кезіндегі лимфа жүйесі» (Т.Ж.Үмбетов, А.А.Идрисов, Т.А.Адайбаев). 20-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік құрал, «Клиникалық анатомия» пәнінен  медициналық ЖОО студенттерінет арналған оқулық-атлас, А.А.Идрисовтың жалпы редакциясымен «Адам анатомиясының» үштомдығы жарық көрді.

Кафедра қызметкерлері Қазақстанда, ТМД елдерінде және алыс шет мемлекеттерде өткен конгресстерде, симпозиумдар мен съездерде бағдарламалық баяндамалар жасады (АҚШ, Түркия, Үндістан, Африка, Германия, Ресей, Украйна, Қырғызстан, Өзбекстан).

Профессор А.А.Идрисов – «Морфология және клиника мәселелері» атты республикалық ғылыми жинақтың 25 шығарылымының редакторы.

Кафедра 10 докторлық, 40-тан аса кандидаттық диссертация қорғалып, 2000-ға жуық ғылыми еңбектер жарияланған, 14 патентпен авторлық куәлікке қол жеткізілген.

2010 жылдан бастап тоқсан сайын «Морфология және дәлелді медицина» халықаралық ғылыми-практикалық журналы шығарылды  (Бас редакторы-профессор Ә.А. Идрисов).

 

ДЕМЕУШІ: Профессор Идрисов А.А. атындағы жеке фонды

Президумның төрағасы және мүшелері солдан оңға қарай: 1. Идрисов Алим Акрамұлы – конференция төрасғасы, ҚР еңбек сңірген қайраткері, ҚазҰМу клиникалық  анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының меңгерушісі; 2. Акрамов Эрик Хошимович – Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының директоры. 3. Ибадильдин Аманкелды Сейтказиевич — №3 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор. 4. Габитов Валерий Хасанович — Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының директорының орынбасары.

Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының директорының«Клиническая концепция патогенеза геморрагического панкреонекроза» атты баяндамасы: Конференцияға қатысушылар және конференция қонақтары: Кулбачаев Бахтияр Кожанович — Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының  бас хирургі

Конференцияға қатысушылар «Портальная гипертензия: Морфофункциональное состояние внутренних органов, особенности клиники и лечения; хирургия гепатодуоденальной зоны»

09.12.2010ж конференция аяқталысымен конференция резолюциясы бірдауыстан қабылданды және Қазақстан Республикасының морфологтары ассоциасиясының президентімен, профессор Идрисов А.А., қол қойылды.

Конференция РезолюциясыКонференция материалдары, АМНК академигі Идрисов А.А. редакциясымен басылып шығарылатын  «Морфология және дәлелдемелі медицина» 2010ж. №3 және №4 журналдарында басылым көрді.

Сонымен қатар конференция материалдары 2010ж Ресейлік «Морфология» журналының №4 санында жарияланды.

«Морфофункциональное состояние внутренних органов, особенности клиники и лечения; хирургия гепато-дуоденальной зоны» атты Қаз ҰМУ 80-жылдығының мерейтойына арналған конференциясында екі монография шығарылды.

  1. «Хирургическая анатомия ободочной кишки и варианты оперативных вмешательств» Акрамов Э.Х., Габитов В.Х., Идрисов А.А., Бишкек-2010.
  2. «Хирургическая анатомия гепато-дуоденальной зоны и резекция желудка» Акрамов Э.Х., Габитов В.Х., Идрисов А.А., Бишкек-2010.

 

 

Поисковые слова: