Иммунология және аллергология кафедрасы

04.04.11ж. күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰМУ-нің Иммунология және аллергология кафедрасында «Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар» атты жалпыуниверситеттік мерекесі өтті.

Бұл мерекеге АҚ штабына жауапты Тасекеева Б.Ж., иммунология және аллергология, фармацевтикалық химия, токсикологиялық химия, фармакогнозия, ботаника, қалыпты физиология, жалпы фармакология, молекулярлы биология және генетика, патологиялық физиология, ортопедиялық стоматология кафедраларынан азаматтық қорғаныс жұмысына жауапты қызметкерлер Нурмуханбетова А.А., Исмагулова Т.М., Тажиева Қ.Н., Халықов М., Жандосов Қ. және емдеу факультетінің 6 курс, жалпы медицина факультетінің 2 курс, стоматология факультетнің 2 курс студенттері қатысты.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар» тақырыбының қойылымында бейбіт және соғыс уақыттарында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының қирату факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шараларды қалай жүзеге асыру керектігі туралы айтылды. Әсіресе, эвакуация жолдарына және алғашқы медициналық көмек көрсету мәселеріне ерекше мән берілді.

Кеште «Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс күні» атты баяндамасын фармацефтикалық химия, токсикологиялық химия, фармакогнозия, ботаника кафедрасының аға лаборанты Буркитбаева К. оқыды. «Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу» атты баяндамасын емдеу факультетнің 6 курс, 002-2 А топ студенті Имашева Б.И. оқыды. «Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы көмекті көрсету және эвакуация» атты көріністі емдеу факультетінің 6 курс, 003-2 Х, 20-04 Т, 20-03 Т топ студенттері көрсетті. «Хлормен улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету» атты көріністі емдеу факультетінің 6 курс, 002-2 А, 002-3 А топ студенттері көрсетті. «Қан кету кезіндегі алғашқы көмек» атты тақырыбында көріністі 2 курс, 09-032 А топ студенттері көрсетті. Денсаулық сақтаудағы экономика кафедрасының оқытушысы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жауапты Халықов М. домбырамен күй орындады.

Студенттер арасында «Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру» жайында пікір-сайыс өткізілді. Оған едеу факультетінің 6 курс студенттері Имашева Б., Данияров Н., Серикова Ж., Утемисов Ж., Идияева Ж., жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері Абыдынова А., Уразалиева К. белсене қатысты.

Мерекелік кештің соңында қорытынды сөз эпидемиология кафедрасының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жауапты профессоры Жандосов К. ағайға сөз берілді. Ол төтенше жағдайлар зардаптарынының алдын алу және жою жөніндегі күштер мен құралдарды жасауды, даярлауды және оларды қолдануға әзірлік жағдайында ұстауды, зардап шеккендерге көмек көрсету туралы мағызды мәселелрге көңіл аударды.