Жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы

2007 жылы № 770 ректордың бұйрығы бойынша оқу үрдісін жетілдіру үшін жанұялық медицина және емханалық оқыту кафедрасының базасында 2 кафедра құралды: №1 және №2 жанұялық медицина және емханалық оқыту кафедралары. 2008 жылы №2 жанұялық медицина және емханалық оқыту кафедрасы амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасына ауыстырылды.

Соңғы жылдары халықаралық ұйымдарының қатысуымен бірге жүзеге асырылған, денсаулық сақтау реформалары денсаулық сақтаудың бірінші звеносына қолдау көрсетуге бағытталып, медициналық көмектің эффективтілігін жоғарылатуға және денсаулық сақтау жүйесін рационализациялауға мақсатталған (оның ішінде стационарлық емдеу көлемінің қысқаруы) госпитализацияны қажет ететін аурулар санының қысқаруы.

Қайта құралған кафедра ұжымы медициналық білім саласында бай теориялық және тәжірибелік тәжірибесі бар тәжірибелі оқытушылардан, маман-дәрігерлерден құралған. Жұмыс ұйымдастырушылдық пен кафедраны меңгерушілдік денсаулық сақтаудың үздігі, жоғары категориялы терапевт, 30 жылдан аса С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ішкі аурулар мен терапия бойынша интернатура кафедрасында жұмыс істеген, м.ғ.д., профессор Исаева Б.Г. тапсырылды, 2010жылдан бастап ҚазҰМУ емдеу ісі фекультетінің департаменті қызметін атқарады. Кафедраның ұйымдастырушылары мен алғашқы қызметкерлері: доцент, м.ғ.к. Калиева Г.А., доцент, м.ғ.к. Хабижанова В.Б., доцент, м.ғ.к. Якущенко Е.С. (денсаулық сақтаудың үздігі); ассистенттер: Абдрахманова Н.М., Дильманова Д.С., Сапарбаева М.М., Аманжолова А.С., Кайыргали Ш.М.

Кафедра құрамына, сонымен қатар аспирант Ногаева М.Г. және клиникалық ординатор Нежданова С.А. есепке алынды. Қазіргі таңда кафедрада 1 профессор, медицина ғылымының докторы; 4 доцент, медицина ғылымының кандидаттары, тізімді Габдулина Г.Х. толықтырды;

6 ассистенттер, 2 аға лаборанттар мен 2 лаборанттар бар. Кафедрада резидентураны «Ревматология» мамандығы бойынша Ахметтаева А.Б., Борзова С.А; «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша Асылтаева А.Б, Ким А.Н. өтті. Жыл сайын көпшілігінде бюджеттік негізде резиндетураға талапкерлерді қабылдау жүргізіледі.

Кафедрада амбулаторлы-емханалық терапия бойынша 4 және 5 жеделдетілген, 5 және 6 емдеу факультетінің, «Шығыс медицинасы» педиатрия факультетінің 5, 6 курстарына дәрістер оқытылады және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі, 4 курстарына ішкі ауруларды оқыту ішінде ревматология бойынша дәрістер оқытылады және тәжірибелік сабақтар жүргізіледі. Кафедрада «Денсаулық сақтаудың бірінші звеносының дәрігер көмекшісі» оқу-кәсіптік тәжірибесі 5 жеделдетілген және 6 курстарға жүргізіледі, соның ішінде «хирургтер», «акушерлер» бар.

Оқу жылы бойынша кафедрадан шамамен 1200-1300 студент оқып шығады.

Кафедраның клиникалық базалары болып табылады:

1. «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Білім беру – клиникалық орталығы»;

2. ҚКЕ № 5, № 7, № 8, № 11, № 16 қалалық емханалары;

3. Буын ауруларының орталығы.

4. НИИ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

5. «Жан» клиникасы.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты: ішкі мүше ауруларының, соның ішінде буын мен дәнекер тін ауруларының диагностикасы мен емін жетілдіру.

Кафедрада «Қазақсатан Республикасы ревматологиялық көмекті жетілдірудің ғылыми-дәлелденген тәсілдерін жете зерттеу» гранты бойынша ғылыми жоба жүргізілген (МТ 0.0433) (10.04.07.-31.12.09 жж.) Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясымен бірге.

Қазіргі таңда кафедрада 2 докторлық және 5 кандидаттық диссертациялар орындалуда. Ассистент Ногаева М.Г. 26.02.10 жылы «Реактивті артриттің ем оптимизациясы мен клиникалық негіздері» атты кандидаттық диссертацияны қорғады (14.00.39 – ревматология).

Кафедра қала ішінде, республика бойынша және шет елде жүргізілген семинарларға, конференция, съездтерге белсене қатысады. Жыл сайын кафедра қатысуымен әр түрлі ҚР қалаларында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар (ҒТК) Ресейден, Орталық Азия және т.б. ғалымдарының қатысуымен өткізіліп отырады.

Кафедра төмендегілердің ұйымдастырушысы болып табылады:

  1. Алматылық ҒТК «Дәнекер тіннің диффузды аурулары мен жүйелі васкулиттер: қазіргі заманғы аспектілері» (26 наурыз 2008ж.).
  2. Ревматологтар мектебі «Ревматологияның қазіргі заманғы мәселелері» (27 наурыз 2008 ж.)». Алматы қ.
  3. Халықаралық ҒТК «Ревматологиялық қызметті жетілдіру» (Шымкент, 28-29 сәуір 2008 ж.)
  4. «Білім берудегі инновационды технологиялар». ҚазҰМУ, 2008 жыл.Қалалық ҒТК «Дәлелдеу медицинасының көзқарасы бойынша артрология мен остеология мәселелері». Алматы, 17-18 қараша 2008 жыл.
  5. Қазақстан терапевтерінің II съезді, Алматы қаласы, 14-16 қазан.
  6. «Университет Күндері», ғылыми-тәжірибелік симпозиум «Ревматикалық аурулар және атеросклероз » 2 желтоқсан 2009. Алматы қ.
  7. Университет Күндері «Ревматоидты артриттің биологиялық терапиясы: теориядан тәжірибеге». Рахат Палас. 03.12.2009. Алматы қ.

Кафедраның халықаралық байланыстары Ресей медициналық ғылым Академиясының ревматология Институтымен бірге, ревматологтардың Европалық лигасымен, Азиялық ревматологтар лигасымен бірге тұрақты түрде ынтымақтастық сақталады. Профессор Б.Г.Исаева Орталық Азия мен Қазақстан Ревматологтар Ассоциациясының Вице-Президенті, Ресей Ревматологтар Ассоциациясының мүшесі болып табылады және «Жанұялық медицина қоғамдық академиясының» ұйымдастырушыларының бірі болып келеді. Исаева Б.Г. жылсайын EULAR халықаралық конгресстеріне қатысады (Жапония, Австрия, Испания, Дания, Франция Турция).

Доцент Габдулина Г.Х. Остеопороз бойынша дәрігерлердің Қазақстандық Ассоциациясының президенті, Ресей Ревматологтар Ассоциациясының мүшесі, остеопороз бойынша ресейлік Ассоциацияның мүшесі болып табылады.

2007 жылдан бастап, жылсайын кафедра қызметшілері Ресей медициналық ғылым Академиясының ревматология Институтының ҒТК қатысады, ревматологтардың Европалық конгресіне, Азиялық ревматологтар конгресіне (2008) қатысып тұрады. 2009 жылы 23-27 наурызда Мәскеу қаласында өткен Ресей ревматологтар Съезді жұмыстарына белсенді қатысты. Кафедра қызметкерлері келесі тақырыбтарда докладтар оқыды: «Жүйелі қызыл жегі еміндегі базисті терапияның эффективтілігі» (Исаева Б.Г., Кайыргали Ш.М.), «Ревматоидты артриттің ауыр түрлерін емдеудегі Мабтераны қолданудың тәжірибесі» (Аманжолова А.С., Исаева Б.Г), «Мұнайөндіруші салада жұмыс істейтін жұмыскерлер арасындағы буындық шағымдардың таралуы» (Айнабаева С.И., Исаева Б.Г.).

РМҒА ревматология Институтының базасында (Мәскеу қаласы, Ресей), «Ревматология» мамандығы бойынша, кафедраның көптеген қызметкерлері тақырыбтық жетілдіру өтеді, барлығы — 144 сағат.

Кафедра оқытушылары кафедраның ғылыми жетістіктерін енгізуде және өнертапқыштық әрекетпен белсенді түрде қатысады.

Соңғы жылдары алдын ала патенттер алынды:

  1. Инновационды патент №19788. «Қалқанша бездің гипофункциясы бар науқастардың остеоартрозын емдеу әдістері». Сапарбаева М.М., Исаева Б.Г., Полимбетов Д.С. Патент № 19668, 2008
  2. «Реактивті артриттің емдеу әдістері». Авторлары: Ногаева М.Г., Исаева Б.Г. – алдын ала патент № 2007/0058:1
  3. Инновационды патент №20495.2008. «Гипотиреозбен қабаттасқаностеоартрозы бар науқастардың сүйек тінінің минералды тығыздығының бұзылуын емдеу әдістері». Сапарбаева М.М.

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына үлкен назар аударылады. Жылсайын студенттік байқауларда студенттер жүлделі орындарды алады. 2009-2010 оқу жылында студент А.Айдарованың «Әйелдерде минуттық тест қолданып остеопороздың қауіп-қатер факторларын анықтау және емдеу» (жетекшісі ассистент Сапарбаева М.М.) атты ғылыми жұмысы «Ғылым Күнінде» бірінші орынға ие болды, ал студент Суюмбаева Г.М. «Вирусты инфекциямен ассоциирленген ревматоидты артриттің комбинирленген терапиясының эффективтілігі: ЦМВ (цитомегаловирус) және ЖГВ (жай герпес вирусы)» (жетекшісі ассистент Тулеутаева С.А.) жұмысы 2-ші турда бірінші орынға ие болды. Профессорлық-оқытушылар құрамның жұмысының маңызды бөлігіне тек клиникалық базаларда ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласы мен республика қарқынында орындалатын емдеу-кеңестік жұмыс-әрекеттер жатады. Кафедра қызметшілері тәжірибелік денсаулық сақтауда реформаны енгізудің инициаторы болып келеді – бұл амбулаторлы күндізгі стационарларға бесенді қолдау болып табылады. Кафедраның алғабасар мамандары Алматы қаласының босану үйлеріне, реанимациялық бөлімшелерде және басқа стационарларда кеңес жұмыстары жүргізіледі. Кафедра қызметкерлері ауыр науқастар консультациясын барлық қалалық емдеу орындарында телемост түрінде және республиканың басқа қалаларына шығумен жүргізіледі.

Кафедра қызметкерлерімен Қазақстанда алғашқы рет және қазіргі кезеңге дейін ревматологиялық ауруларды емдеуде инновкационды әдістерді енгізуде. Профессор Исаева Б.Г Қазақстанда алғашқы рет биологиялық препараттарды моноклональді антиденелер ретінде ( МабТера, Ремикейд), ауыр жүйелі ревматикалық ауруларды емдеуде қолданады. Қазіргі таңда науқастарды емдеуде, қазіргі заманға сай биологиялық препараттарды қолданудағы ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алғаш рет Қазақстанда (сәуір-мамыр 2010) «Хофманн-Ля Рош» компаниясы өткізген Халықаралық клиникалық «Еркіндік» бағдарламасына м.ғ.д. профессор Исаева Б.Г. және ассистент Тулеутаева С.А. қатысып, қазақстандық ғылымның дамуына сай жүргізілген бұл зерттеуді кіргізді.

Кафедра қызметкерлерімен ҚазҰМУ даму стратегиясына сай бірнеше бағытта тәрбие жұмыстары жүргізіледі: үлгерімшілдікті бақылау, рухани-адамгершілікті, патриоттық және идеологиялық, профессионалды және құқықтық тәрбие, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау жайында әңгімелер жүргізіліп отырады.

2007 жылдың қыркуйек айынан бастап кафедрада «Ревматологияның таңдамалы сұрақтары» атты квалификацияны жоғарылату циклы тәжірибелік дәрігерлерге және оқытушыларға арналып жүргізіледі. Өткен уақытта тақырыбтық жетілдіруді шамамен 50 дәрігер өтті.

Университеттің структуралық құрылымы ретінде, амбулаторлы-емханалық терапия кафедрасы жақын жылдары университеттің даму стратегиясын орындауды белсенді қатысып жүр, университеттік ырымдарды сақтап одан ары көбейтуде және теориялық жағынан әрдайым өсіп, дамуда, өзарабайланыстық пен өзарасыйластықты, өнер рухын және халықаралық бірлестікті мықтап сақтайды, жаңа бақталасты жас дәрігерлер мен ғалымдар сатысын көбейтуге белсенді түрде атсалысады.

Поисковые слова: