Дерматовенерология және эстетикалық медицина кафедрасы

2010 жылдың мамыр айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУдың үздіксіз білім беру орталығында дерматовенерология және эстетикалық медицина кафедрасы құрылды. Кафедраның меңгерушісі болып медицина ғылымының кандидаты, жоғарғы санатты дәрігер Кабулбекова Ася Аликул қызы тағайындалды. Ол Денсаулық Сақтау Министрлігінің тері және венерология ғылыми зерттеу институттың  Ғылыми Кеңесінің мүшесі.

Кафедра коллективі:

  1. Оспанова С.А. – оқу әдістемелік жұмысының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, I санатты дәрігер. IUSTI жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларға (ЖЖЖА) қарсы мамандардың халықаралық гильдияның мүшесі.
  2. Сартаева Г.Ш. –  ассистент,  I санатты дәрігер.
  3. Лукина О.М. — ассистент м.ғ.к.
  4. Мотуз Н.Б. – ассистент, м.ғ.к.,  Америка академиясының эстетикалық медицинасының, Ресей фотомедицина мамандары қоғамының  мүшесі, Европа дерматологтары мен пластикалық хирургтар E2E қоғамының эксперті.

Кафедра мұғалімдерінің қатнасуымен  Республика және

Халықаралық көлемінде конференция мен симпозиумдар өткізіледі (Мәскеу, Новосибирск, Варшава, Париж және Стокгольм қалаларында).

Кафедра мұғалімдері өз жұмысының мамандары, олардың еңбегі тікелей тәжірибілік мамандығымен байланысты, нәтижесінде тыңдаушылардың білімін арттыруын және дайындығын жоғарлатады.

Кафедра Денсаулық Сақтау Министрлігінің тері және венерология ғылыми зерттеу институттың және Алматы қаласындағы Мәскеу өкілдігінің дерматовенерология және дерматокосметология институтымен жұмыс жасайды. Кафедраның клиникалық базаларында дерматоздар және ЖЖЖА-ға қарсы жүргізілетін жоғарғы технологиялық диагностика мен емдеу әдістердің тізбесі: терінің патоморфологиясы, 1 және 2 деңгейдегі иммунограмма, жұқпалы қоздырғыштардың түрін культуральды анықтау, ПЦР, ИФА,РПГА, РИТ, РИФ-диагностикасы, трихоскопия, дерматоскопия, кольпоцистоуретроскопия және т.б.

Негізгі емдеу инновационды технологиялар мен біріктіріп жүргізіледі. Вальдман кабинасында 7002К сәулемен емдеу (УФВ, УФА, селективті, ПУВА-терапия), физиотерапия (биоптрон, индукдоктермия, криотерапия, интратон, СВЧ, магниотерапия) және антицитокинді емдеу тәсілдерін қолданады.

«Дерматокосметология» мамандығы бойынша оқу семинарлары мен тәжірибелік тренингтер «Lanc`e Alen» және «Sheron Cosmetics GIGI» эстетикалық медицина-ның клиникалық орталықтарында жүргізіледі. Сұлулық және денсаулық клиникалық орталықтар заманауи кос-метологиялық аспаптармен жабдықталған: QUADRO аспабы, көпжүйелі комбайн Overline 1010, дерматоскоп, оттегі және микротокты Bio-Oxygen аспабтары, фото-эпиляция, фотожасару, IPL жүйесі, озонмен емдеу және безеу, купероз, гиперпигментацияны және т.б. жасқа байланысты өзгерістерді заманауи космецевтикаларды қолданып, емдеу әдістері жүргізіледі.