2011-2012 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕМДЕУ ФАКУЛЬТЕТІ СУБОРДИНАТОР — ТЕРАПЕВТЕРІНЕ АРНАЛҒАН № 3 ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚКЕ КЕЗЕҢДЕРІ БОЙЫНША ТРЕНИНГ КЕСТЕСІ

Кезең

Оқытушының аты-жөні

 Топтың нөмері

Күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Клиникалық    задача

Искаков Б.С.

001-1,2,3 қ. 16.04.12 ж.
004-1,2,3 қ. 19.04.12 ж.
007-1,2,3 қ. 24.04.12 ж.
010-1,2,3 қ. 27.04.12 ж.
013-1,2,3 қ. 04.05.12 ж.
016-1,2,3,4 қ. 10.05.12 ж.
019-1,2,3,4 қ. 15.05.12 ж.

Шерияздан Ж.С.

005-1,2,3 қ. 19.04.12 ж.
008-1,2,3 қ. 24.04.12 ж.
012-1,2,3 қ. 27.04.12 ж.
014-1,2,3 қ. 04.05.12 ж.
017-1,2,3,4 қ. 10.05.12 ж.
020-1,2,3,4 қ. 15.05.12 ж.

Токсанбаева Г.Т.

003-1,2,3 қ. 16.04.12 ж.
009-1,2,3 қ. 24.04.12 ж.
011-1,2,3 қ. 27.04.12 ж.
015-1,2,3,4 қ. 04.05.12 ж.
018-1,2,3,4 қ. 10.05.12 ж.
021-1,2,3,4 қ. 15.05.12 ж.

Сабырбаева Г.А.

002-1,2,3 қ. 16.04.12 ж.
006-1,2,3 қ. 19.04.12 ж.

Семенова Р.И.

022-1,2,3 ор. 03.05.12 ж.
023-3,4 ор.

024-1 ор.

08.05.12 ж.
025-1,2,3 ор. 14.05.12 ж.
026-3,4 ор.

027-1 ор.

17.05.12 ж.
028-1,2,3,4 ор. 22.05.12 ж.

Габбасова Э.З.

022-4 ор.

023-1,2 ор.

03.05.12 ж.
024- 2,3,4 ор. 08.05.12 ж.
025-4 ор.

026-1,2 ор.

14.05.12 ж.
027-2,3,4 ор. 17.05.12 ж.
029-1,2,3,4 ағыл. 22.05.12 ж.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анализдерді талдау және АҚ өлшеу

 

Сабырбаева Г.А.

001-1,2,3 қ. 17.04.12 ж.
004-1,2,3, қ. 20.04.12 ж.
007-1,2,3 қ. 25.04.12 ж.
010-1,2,3 қ. 30.04.12 ж.
013-1,2,3 қ. 07.05.12 ж.
016-1,2,3,4 қ. 11.05.12 ж.
019-1,2,3,4 қ. 16.05.12 ж.

Сайланова Д.К.

002-1,2,3 қ. 17.04.12 ж.
005-1,2,3 қ. 20.04.12 ж.
008-1,2,3 қ. 25.04.12 ж.
011-1,2,3 қ. 30.04.12 ж.
014-1,2,3 қ. 07.05.12 ж.
017-1,2,3,4 қ. 11.05.12 ж.
020-1,2,3,4 қ. 16.05.12 ж.

Шерияздан Ж.С.

012-1,2,3 қ. 30.04.12 гж.
015 -1,2,3,4 қ. 07.05.12 ж.
021-1,2,3,4 қ. 16.05.12 ж.

Токсанбаева Г.Т.

003-1,2,3 қ. 17.04.12 ж.
006-1,2,3 қ. 20.04.12 ж.

Искаков Б.С.

009-1,2,3 қ. 25.05.12 ж.
018-1,2,3,4 қ. 11.05.12 ж.

Енокян С.Г.

022-1,2,3 ор. 04.05.12 ж.
023-3,4 ор.

024-1 ор.

10.05.12 ж.
025-1,2,3 ор. 15.05.12 ж.
026-3,4 ор.

027-1 ор.

18.05.12 ж.
029-1,2,3,4 ағыл. 23.05.12 ж.

Чумбалова А.С.

022-4 ор.

023-1,2 ор.

04.05.12 ж.
024- 2,3,4 ор. 10.05.12 ж.
025-4 ор.

026-1,2 ор.

15.05.12 ж.
027-2,3,4 ор. 18.05.12 ж.
028-1,2,3,4 ор. 23.05.12 ж.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

        ЭКГ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зиманова Г.С.

001-1,2,3 қ. 18.04.12 ж.
004-1,2,3 қ. 23.04.12 ж.
007-1,2,3 қ. 26.04.12 ж.
010-1,2,3 қ. 03.05.12 ж.
013-1,2,3 қ. 08.05.12 ж.
016-1,2,3,4 қ. 14.05.12 ж.
019-1,2,3,4 қ. 17.05.12 ж.
029-1,2,3,4 ағыл. 24.05.12 ж.

Альмухамбетова Р.К.

002-1,2,3 қ. 18.04.12 ж.
005-1,2,3 қ. 23.04.12 ж.
008-1,2,3 қ. 26.04.12 ж.
011-1,2,3 қ. 03.05.12 ж.
015-1,2,3,4 қ. 08.05.12 ж.
017-1,2,3,4 қ. 14.05. 12 ж.
020-1,2,3,4 қ. 17.05.12 ж.

Бекишева А.С.

003-1,2, 3 қ. 18.04.12 ж.
006-1,2,3 қ. 23.04.12 ж.
009-1,2,3 қ. 26.04.12 ж.
012-1,2,3 қ. 03.05.12 ж.
014-1,2,3 қ. 08.05.12 ж.
018-1,2,3,4 қ. 14.05.12 ж.
021-1,2,3,4 қ. 17.05.12 ж.
027-2,3,4 ор. 21.05.12 ж.

Попельная Л.А.

022-1,2,3 ор. 07.05.12 ж.
022-4 ор.

023-1,2 ор.

08.05.12 ж.
023-3,4 ор.

024-1 ор.

11.05.12 ж.
024- 2,3,4 ор. 14.05.12 ж.
025-1,2,3 ор. 16.05.12 ж.
025-4 ор.

026-1,2 ор.

17.05.12 ж.
026-3,4 ор.

027-1 ор.

21.05.12 ж.
028-1,2,3,4 ор.

24.05.12 ж.


Өткізілетін жері: № 3 ішкі аурулар кафедрасы  (клиникалық база – ҚКО, 4 этаж).

Өту уақыты:  14.30 – 16.00 сағ.

 

 Инструментальды зерттеулерді талдау кезеңдеріне арналған  «Ішкі аурулар» дисциплинасы бойынша  (визуальды диагностика кафедрасы өткізеді)

КОНСУЛЬТАЦИЯ КЕСТЕСІ

 

Кезең

Күні

Топ №

 

Инструментальды зерттеулерді талдау

(УЗИ, рентген)

21.05.12

001-1,2,3 қ.

002-1,2,3 қ.

003-1,2,3 қ.

004-1,2,3 қ.

005-1,2 қ.

 

22.05.12

005-3 қ.

006-1,2,3 қ.

007-1,2,3 қ.

008-1,2,3 қ.

009-1,2,3 қ.

010-1 қ.

23.05.12

010-2,3 қ.

011-1,2,3 қ.

012-1,2,3 қ.

013-1,2,3 қ.

014-1,2,3 қ.

 

24.05.12

015-1,2,3,4 қ.

016-1,2,3,4 қ.

017-1,2,3,4 қ.

018-1,2 қ.

25.05.12

018-3,4 қ.

019-1,2,3,4 қ.

020-1,2,3,4 қ.

021-1,2,3,4 қ.

28.05.12

022-1,2,3,4 ор.

023-1,2,3,4 ор.

024-1,2,3,4 ор.

025-1,2 ор.

29.05.12

025-3,4 ор.

026-1,2,3,4 ор.

027-1,2,3,4 ор.

028-1,2,3,4 ор.

30.05.12

029-1,2,3,4 ағыл.  

 

Өткізілетін жері: Тәжірибелік дағдыландыру орталығының 4 оқу корпусының конференц-залы

Өту уақыты: 14.30 – 16.00 сағ. аралығында 

 

Қаз ҰМУ №3 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қазақ білім беру академиясының корреспондент-мүшесі, м.ғ.д., проф. М.И. Даулетбакова

 

Поисковые слова:

Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстар

Оториноларингология кафедрасы келесі тақырыптарды жүзеге асыруда бірнеше мәселелерді шешумен айналысады:

  • индустриялық қоғамның жағымсыз ықпалдарымен байланысты мәселелерді шешу, Азғыр, Тенгіз аймағындағы кен шығаратын жерлерде, Қызылордада, сонымен қатар Алматы қаласында жоғары тыныс алу жолдарына химиялық ластану және радиациялық орталықтардың әсерін зерттейтін бірқатар жұмыстар жүргізілуде;
  • медициналық микология мәселелері;
  • тонзилэктомия кезінде операция алдындағы дайындық пен операциядан кейінгі кезеңді оңтайландыру;
  • есті қабілетінің патологиясының белгілері ретінде, құлақтың субъективтік шулау мәселесі, диагностикасы мен емдеуі.
  • алапес ауруымен ауыратындарда мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың патологиясының емдік-қызметтік ерекшеліктері;
  • үстіңгі жақ қуыстарының патологиясындағы иммунологиялық және микробиологиялық аспектілер;
  • үстіңгі жақ қуыстарының іріңдеп ауруын ультрадыбыс қолдану арқылы хирургиялық жолмен емдеу;
  • полипоздық және кистоздық синуситтар кезінде төмен жиіліктегі ультрадыбыс, лазеротерапия арқылы остеопластикалық хирургия;
  • мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың іріңдеп қабыну патологиясының байланысты жұқпасының рөлін анықтау;
  • ЛОР-мүшелерінің ілеспелі патологиясымен аллергиялық ринитті диагностикалау және емдеу;
  • Перифериялық және орталық генездің тамырлық патологиясында вестибулярлық ауытқулар мәселелері.

Оториноларингология кафедрасының қызметкерлері практикалық денсаулық сақтау бөлімімен тығыз байланыста қызмет атқарады, Астана, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей, Тараз, Шымкент, Ақсай қалаларының дәрігерлері  үшін ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Жыл сайын, 7 жыл бойы, мастер-класстар өткізу үшін Германиядан профессор Э.Штайнбах арнайы шақырылады.

Поисковые слова:

Оториноларингология кафедрасы

Оториноларингология кафедрасы Қазақ медициналық институтында 1936 жылы, тумасынан ұйымдастырушы, ғалым, Ленинград қаласының  оториноларингологтар мектебінің өкілі Ермолаев Василий Гавриловичтің басшылығымен ашылды. Қазақстанда жұмыс істеген жылдарында ЛОР-ауруларының кафедрасын басқарғаннан басқа, ол қатарынан бірнеше міндеттерді атқарған:  халық комиссарлар Кеңесі емханасының бас дәрігері, №1 клиникалық емхананың бас дәрігері, ҚазМИ директорының орынбасары және ҚазКСР денсаулық сақтау халық комиссариатының орынбасары. Ол «Здравоохранение Казахстана» журналында табысты жұмыс атқарды. Еңбектегі жетістіктері үшін Қазақстан партиясы және үкіметімен ҚазКСР  ғылымына еңбегі сіңген қайраткер атағы берілген, Еңбек Қызыл Туы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Қазақстанның аудандық, облыстық комитеттерінің мүшесі болған.

1939 жылдан бастап, В.Г.Ермолаевтің Ленинградқа кеткенінен кейін, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., ал 1947 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы Борис Владимирович Еланцев болды. Ол  Томскідегі оториноларингология мектебінің өкілі, атақты, аса көрнекті ғалым, ұйымдастырушы, Қазақстандық оториноларингология мектебінің қалаушысы: 7 м.ғ.д., 37 м.ғ.к. дайындаған, ЛОР-мүшелерінің хирургиялық аурулары бойынша, қазіргі кезде де практикалық денсаулық сақтау саласында үлкен сұранысқа ие, монография жазған.

Ол құрметті демалысқа кеткен соң кафедраны 1973-2002 жж. профессор С.Е.Тайбогаров басқарды. Мамандықтың әр түрлі бөлімдері бойынша ғалымның 6 монографиясы жарық көрген. Оның  ғылыми мектебін 1 доктор және 11 медицина ғылымдарының кандидаттары құрады.

2002 жылдан бастап қазіргі кезге дейін оториноларингология курсын, кейін, 2005 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д. Д.Е.Жайсақова басқарады.

Д.Е.Жайсақова Алматыдағы ринологтар қоғамының төрайымы, 09.06.01 «Астана» ММУ ОП Диссертациялық Кеңесінің мүшесі, редакция алқасының мүшесі, №5 ҚКА Аурухана Кеңесінің мүшесі, КИЛИ мүшесі болып табылады. Оның жетекшілігімен 3 докторлық, 10 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертациялардың рецензенті мен оппоненті болған.

Ғылымға қосқан үлесі үшін профессор Д.Е.Жайсақова «Әл-Фараби» медалімен марапатталған. 2008 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігімен «ЖОО үздік оқытушысы» атағын иеленуге ұйымдастырылған Республикалық байқаудың нәтижелері бойынша, кафедра доценті Кулимбетов А.С. республикалық Грант иегері болды. Оған ҚР білім және ғылым Министрлігінің «2008 ж. ЖОО үздік оқытушысы» атты күәлігі мен төс белгісі берілді.

Оториноларингология кафедрасы іс-әрекеттерінің мақсаты:

Оториноларингология кафедрасының мақсаты болып, мамандарды даярлап шығару, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кафедрада білім алушылардың арасында тәрбие жұмыстарын атқару, ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау, тұрғындарға емдеу-кеңестік көмек көрсету және практикалық денсаулық сақтауға  оториноларингологиялық мамандықтағы ғылыми-практикалық жетістіктерді енгізу саналады.

Оториноларингология кафедрасының міндеттері:

оқу-әдістемелік жұмыстар; ғылыми-зерттеу жұмыстары; тәрбие жұмысы; емдеу-кеңестік жұмыстар.

Оториноларингология пәнінің теориялық міндеттеріне төмендегілер жатады:

  1. қабыну ауруында көмейдің жүйке-бұлшықет аппаратының бұзылу механизмдерінің мәселелерін зерттеу.
  2. аурудың асқынған кезінде және резидуалдық жағдайда балалардың мұрын патологиясына және мұрын жанындағы қуыстарына цитокиндердің әсер ету механизмдерін зерттеу.
  3. аралық құлақтың созылмалы қабыну ауруларындағы ерекшеліктер және пластикалық операцияларды қолдану мүмкіндіктері.
  4. зақымдалу жағдайындағы  ішкі құлақтың имплантологиясы.
  5. Мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың қабыну аурулары, хронизация үрдісін реттеудегі ағзаның жүйке, эндокриндік және иммундық жүйесінің рөлін анықтау.
  6. ЛОР-мүшелерінің патологиясын хирургиялық жолмен емдеуде шамалы инвазиялық операциялардың рөлі.
  7. Мұрын және мұрын жанындағы қуыстардың патологиялық жағдайының  оториноларингологиялық эндобейнехирургиясы.
  8. Құлақ патологиясының қазіргі жағдайындағы отоневрологиялық ауруларын емдеу диагностикасының мәселелері.

Поисковые слова:

Клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы

Топографиялық анатомия және оперативті хирургиясының меңгерушісі әрі профессор болып 1934 жылы доцент А.Н.Сызғанов тағайындалды. Ол кафедра негізігнің қалануы мен қалыптасуына айтарлықтай маңызды рөл атқарды.

Кафедраның дамуына, ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау ісіне зор ықпал еткен басшылар: профессори З.И.Рахман (1938-1944 жж.), Г.Е.Вознесенский (1946-1965 жж.), В.В.Александрович (1944-1946, 1965-1984 жж.), А.А.Идрисов (1984 жылдан қазіргі кезге дейін).

Көп жылдар бойы кафедра жоғары білікті оқытушылар, тәжірибелі доценттер М.Н.Сырлыбаева, И.Н.Демин, К.А.Кленов, А.В.Вагапова, З.Х.Казакова, С.Ш.Сарыбекова, М.М.Мырзабеков, Н.Г.Маргунова, медицина ғылымдарының кандидаттары, ассистенттер  Б.Т.Крыгин, Т.В.Успенская, В.П.Ким, А.У.Рысқұлбеков жұмыс істеді.

Қазіргі таңда клиникалық анатомия және оперативті хирургия кафедрасы білім берудің сапасын арттыру үшін оқу үдерісінде инновациялық технологияны енгізу, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау, оқыту жүйесін дамыту міндеттерін айқындайды.

Кафедра оқыту бағдарламасының электрондық нұсқасы бар, серверге қосылған 8 кампьютері бар интерактивті компьютерлік бөлме жұмыс істейді. Студенттердің оқу үлгерімі жеке тест түрінде тексеріледі, операция туралы фильмдерді көруге, пән бойынша әртүрлі электрондық оқулықтарды оқуға, интерактивті атластарды пайдалануға мүмкінідік жасалған. Серверде оқыту үдерісіне қажетті мультимелдиялық бағдарламалар жиналған. И. Литман редакциясымен шығарылған «Оперативная хирургия»  3 CD-дискінің электронды нұсқасы бар. электрондық бағдарлама қажетті ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. «Абдоминальды электроскопиялық хирургия» сериялық басылымы оқулық, көрнекілік сипатына ие. Осы серияның негізін билиар жолы мен ұйқы безінің эндохирургиясы мәселелері құрайды. Сонымен бірге қалыпты, топографиялық антомия, бауыр, өт, бүйректен тыс өт жолдары, ұйқы безінің гистологиясы туралы очерктер де бар. Асқазан, он екі елі ішек, көкбауыр диагностикасы кезіндегі типтік эндохирургия техникасы баяндалады. Сызба, көрнекілік, сурет және дыбысты бейнетүсірімдер арқылы эндохирургия техникасы ұсынылған.

Франк Неттердің адам анатомиясы бойынша көрнекті интерактивті атласы практикалық сабақтар мен студенттердің өз бетімен семинарға дайындығы үшін зор мәнге ие.

Студенттер үшін DVD жинақтар мен, оқыту бейнетақталары бар қазіргі заманға сай классикалық және ондоскопиялық операцияларды көрсететін DVD-плеерлермен, теледидарлармен жабдықталған оқу бөлмелері бар.

РФ Ғылымына еңбек сіңірген, РМҒА СҚ Президиумының мүшесі, РМҒА Лимфология Институтының директоры, академик Ю.И.Бородин кафедра қызметіне жоғары баға берді: «Сүйікті университеттің анатомиялық институттың Еуропала және Америкада абройын асқақтатып тұрған жұмыстың ұйымдастырылуына, тамаша мұражайына, заманауи техникалық және медициналық жабдықтарға ризашалығымды білдіремін».

Қазақстан морфологтар ассоциациясының президенті профессор А.А.Идрисовтың басшылығымен кафедра қызметкерлері I,II,III  және IV,V халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларды өткізді. Соңғы 10 жылда кафедра қызметкерлерінің бірқатар монографиялары жарық көрді: «Макро-микроциркуляторное русло органов живота в условиях регионарной внутриартериальной и системной химиотерапии» (Ә.А.Идрисов), «Профессор Акрам Идрисов» (С.Г.Азербаев, А.А. Идрисов), «Хромды улану кезіндегі лимфа жүйесі» (Т.Ж.Үмбетов, А.А.Идрисов, Т.А.Адайбаев). 20-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік құрал, «Клиникалық анатомия» пәнінен  медициналық ЖОО студенттерінет арналған оқулық-атлас, А.А.Идрисовтың жалпы редакциясымен «Адам анатомиясының» үштомдығы жарық көрді.

Кафедра қызметкерлері Қазақстанда, ТМД елдерінде және алыс шет мемлекеттерде өткен конгресстерде, симпозиумдар мен съездерде бағдарламалық баяндамалар жасады (АҚШ, Түркия, Үндістан, Африка, Германия, Ресей, Украйна, Қырғызстан, Өзбекстан).

Профессор А.А.Идрисов – «Морфология және клиника мәселелері» атты республикалық ғылыми жинақтың 25 шығарылымының редакторы.

Кафедра 10 докторлық, 40-тан аса кандидаттық диссертация қорғалып, 2000-ға жуық ғылыми еңбектер жарияланған, 14 патентпен авторлық куәлікке қол жеткізілген.

2010 жылдан бастап тоқсан сайын «Морфология және дәлелді медицина» халықаралық ғылыми-практикалық журналы шығарылды  (Бас редакторы-профессор Ә.А. Идрисов).

 

ДЕМЕУШІ: Профессор Идрисов А.А. атындағы жеке фонды

Президумның төрағасы және мүшелері солдан оңға қарай: 1. Идрисов Алим Акрамұлы – конференция төрасғасы, ҚР еңбек сңірген қайраткері, ҚазҰМу клиникалық  анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының меңгерушісі; 2. Акрамов Эрик Хошимович – Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының директоры. 3. Ибадильдин Аманкелды Сейтказиевич — №3 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор. 4. Габитов Валерий Хасанович — Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының директорының орынбасары.

Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының директорының«Клиническая концепция патогенеза геморрагического панкреонекроза» атты баяндамасы: Конференцияға қатысушылар және конференция қонақтары: Кулбачаев Бахтияр Кожанович — Қырғыз Респуликасының (НЦРВХ КР)  реконструктивтік-қалпына келтіру хирургиясы орталығының  бас хирургі

Конференцияға қатысушылар «Портальная гипертензия: Морфофункциональное состояние внутренних органов, особенности клиники и лечения; хирургия гепатодуоденальной зоны»

09.12.2010ж конференция аяқталысымен конференция резолюциясы бірдауыстан қабылданды және Қазақстан Республикасының морфологтары ассоциасиясының президентімен, профессор Идрисов А.А., қол қойылды.

Конференция РезолюциясыКонференция материалдары, АМНК академигі Идрисов А.А. редакциясымен басылып шығарылатын  «Морфология және дәлелдемелі медицина» 2010ж. №3 және №4 журналдарында басылым көрді.

Сонымен қатар конференция материалдары 2010ж Ресейлік «Морфология» журналының №4 санында жарияланды.

«Морфофункциональное состояние внутренних органов, особенности клиники и лечения; хирургия гепато-дуоденальной зоны» атты Қаз ҰМУ 80-жылдығының мерейтойына арналған конференциясында екі монография шығарылды.

  1. «Хирургическая анатомия ободочной кишки и варианты оперативных вмешательств» Акрамов Э.Х., Габитов В.Х., Идрисов А.А., Бишкек-2010.
  2. «Хирургическая анатомия гепато-дуоденальной зоны и резекция желудка» Акрамов Э.Х., Габитов В.Х., Идрисов А.А., Бишкек-2010.

 

 

Поисковые слова:

Онкология кафедрасы

1953 жылы рентгенологи және радиология кафедрасы ұйымдастырылды. Онкология кафедрасы 1972 жылы құрылды. 1995 онкология кафедрасында маммология курсы ашылды. Қазіргі кезде онкология кафедрасы құрамында онкология, маммология  және сәулемен емдеу пәндерінен сабақ беріледі. Емдеу факультетінің және жалпы медицина факультетінің 2,3,4,5 курс студенттеріне, интерн-хирург, акушер-гинекологтарға; резидент-онкологтарға, акушер-гинекологтарға, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, офтальмологтарға және  урологтарға сабақ жүргізіледі.

Кафедра қызметінің мақсатымен міндеттері: онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедрасының оқытушы профессорлық құрамы онкологияның жан-жақты даму бағытының саясатын жүргізуде.

  • Емдеу факультетінің және жалпы медицина факультетінің 2,3,4,5 курс студенттеріне, интерн-хирург, акушер-гинекологтарға; резидент-онкологтарға, акушер-гинекологтарға, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, офтальмологтарға және  урологтарға онкология, маммология және сәулелік терапия пәнінен сабақ жүргізіледі.
  • «Онкологиялық аурулардың диагностикасы мен алдын-алудың жаңаша тәсілдерін ендіру» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысы  атқарылады.
  • Сонымен қатар саяси — тәрбие жұмысы өткізіледі.
  • Кафедра қызметкерлері емдеу- кеңес беру жұмысына көмектеседі.

Штат бойынша ақпарат: кафедрада онкология, маммология және сәулелік терапия пәнінен сабақ жүргізіледі. Кафедра меңгерушісі проф. Қайдаров Б.Қ. 2011-2012 жылғы оқу жылында штат бойынша 7 профессор (Б.Қ. Қайдаров, А.Е. Есенқұлов, Б.В. Монахов, С.И. Игисинов, С.С. Садықов, С.А. Есенқұлова, А.А. Хожаев), 3 доцент (С.Д.Тәжібаева, У.Қ. Жұмашев, А.К. Джакипбаева), 4 ассистент (Т.Т. Садыкова, Ж.А. Аманғалиев, Н.А. Аманбеков, А.Б. Қайдарова), 1- стажер оқытушы (Г.А. Афонин), қосымша: 2 м.ғ.д. (Д.Р. Қайдарова – қалалық онкодиспансердің бас дәрігері, Н.Т. Балтабеков – Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ директорының орынбасары ) Н.А. Балтаев – қалалық онкодиспансерінің бас дәрігерінің орынбасары, лаборанттар: Филимонова Н.П., Спатаева Л.Р., Утелиева Д., Гомонова Л.В., Самбетов.

Клиникалық база және оқу бөлмелері.

Клиниалық база – Қазақтың онкология және радиология ҒЗИ, Алматы қалалық онкодиспансер, облыстық онкодиспансер.

Онкология, маммология және сәулелік терапия кафедрасында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 5 жылда 3 докторлық (Есенқұлова С.Ә., Хожаев А.А., Балтабеков Н.Т.) және 1 кандидаттық (Садықова Т.Т.) диссертация жоғарғы оқу мемлекет ішілік грант тақырыбында қорғалынды.

Сол сияқты осы 5 жылда 7 оқулық, 3-монография, 3 – оқу құралы, 2- әдістемелік құралы, 2 – әдістемелік нұсқау жазылды. Ғылыми студенттік үйірмелер белсенді түрде өткізілуде, студенттердің мақалалары ғылыми жұмысының жинағында (  Ақтөбе қаласында) жарияланды, оқытушы-профессорлар құрамы жиі-жиі теледидардың, радионың денсаулыққа қатысты бағдарламаларында  сұхбат береді. Кафедра қызметкерлері қалалық онкодиспансерде өткізілетін «Ашық есік» күніне  белсенді қатысып, науқастарға  кеңес береді.

Қатерлі ісік ауруларының алдын-алу мақсатында кафедра қызметкерлері Алматы қаласының көптеген мекемелерінде: колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының арасында сонымен қатар қаланың басқада мекемелерінің қызметкерлерінің арасында белсенді түрде дәрістер оқиды.

Кафедра меңгерушісі, профессор                                                            Қайдаров Б.Қ.

Оқытушылық-профессорлық құрамы

Кафедра меңгерушісі

М.ғ.д Жанайдаров Жанибек Срымович

Оқу ісі меңгерушісі:

М.ғ.к..Дубчев  Дамир Ильдусович (Телефон: 321-54-65)

 

М.ғ.к.доцент Муханов Темирхан Калиевич( Телефон 231 27 91)

ассистент Раимкулова Камилла Бекмуратовна

ассистент Ховдаш Айшаш Насимолдаевна

ассистент Жалбагаев Арман Елторевич

ассистент Омарбаев Кайрат Кабсадыкович

ассистент Кульмухамевтов Абай Советбекович

лаборант Байжуманова Назигуль Шайзадовна

Нейрохирургия кафедрасы

Клиникалық базалар:

 № 7 Қалалық клиникалық аурухана Мекен-жайы:  Алматы қаласы, Калкаман ықшамауданы

Жүру кестесі: автобустар № 303, 16, 67, 243. «Калкаман» аялдамасы

Облыстық клиникалық аурухана.

Мекен-жайы:  Алматы қаласы, Демченко к-сі,86.

Жүру кестесі:

 «Сункар» медициналық орталығы

Жүру кестесі: Мекен-жайы. Алматы қ-сы, Аксай4, 117үй .

Жүру кестесі: автобустар №118, 77.

 

Кафедра меңгерушісі:

Мед. ғыл. докторы, Алматы қ-сы Денсаулық сақтау Департаментінің бас нейрохирургы, руководитель отделения жедел нейротравматология және тамырлық нейрохирургия №3 бөлімінің басшысы , ҚКА № 7 Жанайдаров Жанибек Срымович (Телефон: 270 86 33 , ішкі 170)

 

Оқу бөлімінің меңгерушісі: м.ғ.к. Дубчев  Дамир Ильдусович (Телефон: 256 43 75)

Кафедра базалары жаңа диагностикалық жабдықтар және заманауи операциондық бөлімдермен жабдықталған. Онда күнделікті микронейрохирургиялық техника қолданумен күрделі операциялар жасалады.

 

Дәрістер өткізу үшін кафедра әр клиникалық базада мультимедиялық аппаратурамен, заманауи компьютерлермен жабдықталған. Нейрохирургия салалары бойынша 500 слайд бар және 5 қабырғалық презентациялар, 100 көркем құраалдар (рентгенограммалар, МРТ, КТ, ангиограмма),

Кафедра қызметкерлері мен нейрохирургияның әртүрлі салалары бойынша power point форматындағы компютерлік презентациялар он дәріс дайындалды.

 

Кафедра қызметкерлері Алматы қаласы стоционарларында жүйелі түрде дәрістік курстар өткізеді.

 

Кафедра қызметкерлері Қазақстандық нейрохирургтер ассоциоциясының мүшесі болып табылады.Баспа шыгару жұмыстарында белсенді үлес қосуда.Кафедра қызметкерлкерімен 80 ғылыми жұмыс жарияланған.

Зерттеудің басты бағыттары:

Бас ми аневризмасы, артериовенозды мальформация және гипертензивті ми гематомамен науқастардың хирургиялық емі.

Бас-ми жарақатының және бас-беттік зақымдардың әртүрлі түрлері , сонымен қатар оқ тиген жарақат пен бас-ми жарақатының кеш салдарының хирургиялық емі

Әртүрлі локализациялы бас ми ісіктерімен науқастардың хирургиялық емі

Гидроцефалиямен науқастардың хирургиялық емі

Омыртқа және жұлын зақымдары мен ауруларымен науқастардың хирургиялық емі

Мойынның магистральды тамырлардың стеноздаушы процесстерінің хирургиялық емі

Нейрохирургиядағы жедел жағдайлар кезіндегі интенсивті терапия

 

Кафедраның оқу ісі.

Кафедраның педогогикалық жұмысының басты бағыттары болып табылады:

Жоғары кәсіптік білім беру аясында”нейрохирургия”дисциплинасын емдеу факультетеінің күндізгі бөлімінің 5 курс студенттеріне сабақ бері.

“Орталық жүйке жүйесі аурулары кезіндегі жедел көмек циклы ”30сағатқа есептелген,оның ішінде 5 сағат дәріс оқуға белгіленген, 15 сағаты практикалық сабатар өткізуге.10сағаты студенттің өзіндік жұмысына берілген.

Дипломнан кейінгі білім беру:

Оку ісі бағдарламаға сәйкес клиникалық ординатура және аспирантураға дайындыық өткізу.

Жалпы білімін жетілдіру:нейрохирург,анестезиолог-реаниматолог,невролог,травматолог оқу ұзақтығы 288сағат,сонымаен қатар 144 сағатқа созылатын нейрохирург дәрігерлерге арналған тематикалық (сертификациялық) білімін жетілдіру.

Нейрохирургия және нейрореанимация кафедрасында димпломннан кейінгі білім беру аясында жедел нейрохирургия сұрақтары бойынша курстар өткізу ұйымдастырылды:”жарақаттық емес бас ішілік қан құйылу хирургиясы”,”бас миының жарақатың хирургиясы,видео эндоскопиялық нейрохирургиясы”.

Сабақтар кезінде дәрістер оқытылады, клиникалық талдаулар және де көрсетілетін операциялар жасалады. Әрбір қатысушыларға анатомиялық препараттарға операция жасау мүмкіндігі беріледі.

МІНДЕТТІ ДИСЦИПЛИНАЛАР- ссылка ретінде қою

5- курс  нейрохирургия кафедрасы

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ ЗАҚЫМДАРЫНДАҒЫ ЖЕДЕЛ КӨМЕК (30 сағат)

ЭЛЕКТИВТЫ КУРСТАР — ссылка ретінде қою

5- курс нейрохирургия кафедрасы

НЕЙРОХИРУРГИЯ НЕГІЗДЕРІ – 45 сағат

БАС МИ ЖӘНЕ ЖҰЛЫН АУРУЛАРЫ  ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР– 45 сағат

 

ЭЛЕКТИВТЫ КУРСТАР

6-курс  нейрохирургия кафедрасы:

НЕЙРОТРАВМАТОЛОГИЯ — 90 сағат (интерн-хирург);

ВЕРТЕБРОЛОГИЯ — 90 сағат ( интерн,  ВОП, терапевт);

 

ЭЛЕКТИВТЫ КУРСТАР

7- курс нейрохирургия кафедрасы:

ОПЕРАТИВТЫ НЕЙРОХИРУРГИЯ — 90 сағат ( интерн-хирург);

ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ  ИНСУЛЬТ — 90 сағат ( интерн, ВОП, терапевттерге арналған);

 

Кафедра тарихы.

Нейрохирургия кафедрасы ҚазҰМУ емдеу факультетінде ашылған.( Бұйрық№ 55 от 27 09.11 «Об организации кафедры нейрохирургии на основании решения Ученого Совета № 2 от 27.09.2011)

“Неврология нейрохирургия курсмен құрамында болған”

Нейрохирургияның өзіндік пән ретінде дамуына байланысты, диагностика әдістерімен емдеу әдістерімен жетілдіре түсуіне байланысты,сонымен қатар нейрохирургиялық науқастардағы  реанимация және интенсивті терапия қағидалары,білім алушылардың арнайы дайындықты қажет ететіндігіне байланысты,кафедра нейрохирургия кафедрасы болып өзгертілді. ( Бұйрық № 55  27 09.11 «Об организации кафедры нейрохирургии на основании решения Ученого Совета № 2  27.09.2011)

 

Поисковые слова:

Дерматовенерология және эстетикалық медицина кафедрасы

2010 жылдың мамыр айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУдың үздіксіз білім беру орталығында дерматовенерология және эстетикалық медицина кафедрасы құрылды. Кафедраның меңгерушісі болып медицина ғылымының кандидаты, жоғарғы санатты дәрігер Кабулбекова Ася Аликул қызы тағайындалды. Ол Денсаулық Сақтау Министрлігінің тері және венерология ғылыми зерттеу институттың  Ғылыми Кеңесінің мүшесі.

Кафедра коллективі:

  1. Оспанова С.А. – оқу әдістемелік жұмысының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, I санатты дәрігер. IUSTI жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларға (ЖЖЖА) қарсы мамандардың халықаралық гильдияның мүшесі.
  2. Сартаева Г.Ш. –  ассистент,  I санатты дәрігер.
  3. Лукина О.М. — ассистент м.ғ.к.
  4. Мотуз Н.Б. – ассистент, м.ғ.к.,  Америка академиясының эстетикалық медицинасының, Ресей фотомедицина мамандары қоғамының  мүшесі, Европа дерматологтары мен пластикалық хирургтар E2E қоғамының эксперті.

Кафедра мұғалімдерінің қатнасуымен  Республика және

Халықаралық көлемінде конференция мен симпозиумдар өткізіледі (Мәскеу, Новосибирск, Варшава, Париж және Стокгольм қалаларында).

Кафедра мұғалімдері өз жұмысының мамандары, олардың еңбегі тікелей тәжірибілік мамандығымен байланысты, нәтижесінде тыңдаушылардың білімін арттыруын және дайындығын жоғарлатады.

Кафедра Денсаулық Сақтау Министрлігінің тері және венерология ғылыми зерттеу институттың және Алматы қаласындағы Мәскеу өкілдігінің дерматовенерология және дерматокосметология институтымен жұмыс жасайды. Кафедраның клиникалық базаларында дерматоздар және ЖЖЖА-ға қарсы жүргізілетін жоғарғы технологиялық диагностика мен емдеу әдістердің тізбесі: терінің патоморфологиясы, 1 және 2 деңгейдегі иммунограмма, жұқпалы қоздырғыштардың түрін культуральды анықтау, ПЦР, ИФА,РПГА, РИТ, РИФ-диагностикасы, трихоскопия, дерматоскопия, кольпоцистоуретроскопия және т.б.

Негізгі емдеу инновационды технологиялар мен біріктіріп жүргізіледі. Вальдман кабинасында 7002К сәулемен емдеу (УФВ, УФА, селективті, ПУВА-терапия), физиотерапия (биоптрон, индукдоктермия, криотерапия, интратон, СВЧ, магниотерапия) және антицитокинді емдеу тәсілдерін қолданады.

«Дерматокосметология» мамандығы бойынша оқу семинарлары мен тәжірибелік тренингтер «Lanc`e Alen» және «Sheron Cosmetics GIGI» эстетикалық медицина-ның клиникалық орталықтарында жүргізіледі. Сұлулық және денсаулық клиникалық орталықтар заманауи кос-метологиялық аспаптармен жабдықталған: QUADRO аспабы, көпжүйелі комбайн Overline 1010, дерматоскоп, оттегі және микротокты Bio-Oxygen аспабтары, фото-эпиляция, фотожасару, IPL жүйесі, озонмен емдеу және безеу, купероз, гиперпигментацияны және т.б. жасқа байланысты өзгерістерді заманауи космецевтикаларды қолданып, емдеу әдістері жүргізіледі.

№ 2 Хирургиялық аурулар кафедрасы

№ 2 Хирургиялық аурулар  кафедрасы (2000 жылдың қыркүйек айына дейін Госпиталдық хирургия кафедрасы) 1935 жылдың  қыркүйек  айында құрылған.

Осы кафедраның  алғашқы меңгерушісі қызметін Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген дәрігері және ғылымға еңбегі сіңген қайраткері  Зикеев Виктор Васильевич  20 жыл бойы атқарды. Оның (1935-1955 жж.) басшылығымен 18 кан­ди­дат­тық,  2 докторлық диссертация жазылып, қорғалған.

 

 

1956-1957 жылдары  кафедра  меңгерушісі  қызметін  Николай Семенович Народецкий  атқарды. Ол 1917 жылы МГУ-дің дәрігерлік факультетін бітірген. 30 жыл бойы Қызыл Армияда болып, жай полк дәрігерінен үлкен соғыс госпиталының хирургия бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтерілген. 1946 жылдан госпиталдық хирургия кафедрасының доценті  қызметін  атқарып, соғыс кезінің хирургиясына арналған 13 ғылыми жұмыс жариялаған.

1957-1958 жылдары кафедра меңгерушісі болып  Валентин Сергеевич Гамов сайланды. Ол 1905 жылы туып, Ленинградтың Әскери-дәрігерлік академиясын бітірген.

 

 

1959 жылдан бастап,  21 жыл бойы,   Михаил Иванович Брякин кафедра меңгерушісі  болды.  1927 жылы Томск университетінің дәрігерлік факультетін бітірген. Ол 1947 жылы республикада бірінші рет өңештің  қатерлі ісігін емдеуде пластика қолданды. М.И.Брякин басшылығымен 3 доктор, 32 ғылым кандидаты диссертация қорғады.

 

1980-1986 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін  Көкеев Тұрар Қойшығараұлы атқарды. 1959 жылы Алматы дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін,  кафедрада аспирантурада қалдырылған.  Ол 155 ғылыми ең­бек­тің авторы, Қазақстан жоғарғы оқу орындарының құрметті қызметкері. Оның басқаруымен бір ғылым кандидаты дайындалып, қорғады. Қазіргі кез­­де осы  кафедрада  профессор  қызметін атқарады.

 

1986-2003 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор  Еділ Айдарханұлы Апсатаров атқарды. Ол Қазақстанда қантамырлары хирургиясының негізін қалаушы. Алматы дәрігерлік институтын 1962 жылы бітірген. Е.А.Апсатаров баспадан шыққан 450-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде бесеуі монография  түрінде.  Көп­теген  халықаралық конгресстер мен  кон­фе­рен­цияларға қатысқан. Е.А.Ап­са­та­ров­тың басшылығымен 8 доктор,  26 ғылым кандидаты дайындалды.

 

2003 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедраның меңгерушісі қызметін профессор Әбдірәлі Оспанов атқарып жүр. Ұлты – қазақ. 1950 жылы Шымкент облысының Шаян селосында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 1977 жылдан бері жұмыс істейді. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Гемосорбция в комплексном лечении облите­рирующих заболеваний нижних конечностей» (1985 ж.). Докторлық диссертация тақырыбы: «Озонотерапия в ком­плексном лечении разлитого гнойного перитонита» (1998 ж.). Ол баспадан шыққан 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде 1 монография және 5 өнертапқыштық патент бар. Оның басшылығымен 2 ғылым кандидаты және 2 ғылым докторы дайындалды. Ол жылына 130 жуық асқазан-ішек және өт жолдарына күрделі операциялар жасайды.

Қазіргі кезде кафедрада 9 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 2 профессор (Ә.Оспанов, Т.Қ.Көкеев), 4 доцент (Б.Р.Балмағамбетов, Нам Ч.Е., М.У.Жуловчинов, А.Б.Атантаев) және 3 ассистент (Н.Х.Мұсабаев,  Б.И.Айбергенов, Н.С.Досжанов) бар. Барлығыныңда ғылыми дәрежелері бар.

БАЛМАҒАМБЕТОВ БАҚЫТ РЫСМАҒАМБЕТҰЛЫ. Медицина ғылымының кандидаты (1993 ж.). Медицина доценті (1999 ж.). 1952 жылы Қызылорда облысының Қазалы поселкесінде туған. Ұлты — қазақ. 1975 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Жоғарғы санатты жүрек-қантамырлар хирургі.  Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Синдром грудного выхода». ҚазҰМУ-де 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 125 ғылыми еңбектің иегері. Оның ішінде қазақ тіліндегі  бір «Хирургиялық аурулар» оқулығы, 1 оқу құралы, 10 оқу-әдістемелік ұсыныстар және 12 өнертабыс авторлық куәліктер бар.

Нам Чун Ель. 1954 жылы Ресей Федерациясы, Сахалин аралының Корсаков қаласында туған. Ұлты – корей. Медицина ғылымының кандидаты (1993 ж.). Медицина доценті (2005 ж.).  1977 жылы №2 Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Профилактика нагноений послеоперационных ран при деструктивных аппендицитах». Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Ол 24 ғылыми еңбектің иегері. Оның ішінде 1 оқу құралы, 3 өнертабыс авторлық куәліктер бар.

Жуловчинов Марат УразайҰлы. 1953 жылы Мәскеу қаласында туған. Ұлты — қазақ. 1980 жылы Новосибирлік мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымының кандидаты (1991 ж.). Медицина доценті. 1977 жылы №2 Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Оптимизация хирургической тактики лечения ущемленных грыж у больных старшей возрастной группы». Жоғарғы санатты хирург. ҚазҰМУ-де 1991 жылдан бері. Ол 48 ғылыми еңбектің және 6 рационализаторлық үсыныстардың иегері.

КӨкеев   ТҰрар   КойшЫҒАРАҰЛЫ. 1933 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үш-Арал селосында туған. 1958 жылы ҚазММИ  үздік бітірген. Содан бері осы кафедрада қызмет істеп келеді. 1981 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері» деген құрметті атағы берілді, 1997 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургиялық орталығының «Құрметті профессоры» болып сайланды. Ол 155 ғылыми мақалалардың, 2 оқулықтың, 2 оқу құралының авторы.

МҰсабаев НҰрлан ХалыҚҰЛЫ. 1953 жылы Алматы қаласында туған.  Ұлты — қазақ. Медицина ғылымының кандидаты (1987 ж.). 1976 жылы Алматы  мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Отдаленные результаты селективной проксимальной ваготомии». Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 1997 жылдан бері. Ол 60 ғылыми еңбектің иегері. Оның ішінде 6 рационализаторлық ұсыныстар пен 1 өнертабыс авторлық куәлік бар.

Атантаев алибек БалабекҰЛЫ. 1964 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының Мирный поселкесінде туған. Ұлты — қазақ. Медицина ғылымының кандидаты (2003 ж.). Медицина доценті. 1991 жылы Алматы  мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Озонотерапия в комплексном лечении панариция».  Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 2004 жылдан бері кафедрада жұмыс істейді. Ол 15 ғылыми еңбектің иегері.

Айбергенов Бахытжан Ильясұлы. 1960 жылы туған. Ұлты — қазақ. 1991 ж.  Ақтөбе  мемлекеттік  медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Медицина ғылымының кандидаты (2007 ж.). Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Құрсақтың қысылған қайталама жарығына аллотрансплантант қолдану арқылы хирургиялық емдеуді жетілдіру».  Жоғарғы санатты хирург.  ҚазҰМУ-де 2006 жылдан бері кафедра ассистенті болып жұмыс істейді. Ол 19 ғылыми еңбектердің иегері. Оның ішінде  1 өнертабыс авторлық куәлік бар.

Досжанов Нариман Сапараліұлы. Семей мемлекеттік медицина институтын 1994 жылы бітірген.

Лауазымы – ассистент. Педагогикалық өтілі — 11 жыл. Ол 9 ғылыми еңбектердің иегері.

 

 

 

 

КАФЕДРАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ

«Іш қуысының жедел  хирургиялық ауруларының оңтайландыруы, диагностикасы және емдеуі».

Кафедрада 15 докторлық, 67 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Шығарылымдар: 18 монография, хирургия пәнінен 3 оқулық,  14 ғылыми еңбектер жинағы, 30 оқу-әдістемелік ұсынылымдар.

Поисковые слова:

Офтальмология кафедрасы

Қазақ ССР Халықтық   Комиссарлар кеңесінің №858/29 қаулысымен 21.10.1933жылы Аймақтық офтальмологиялық ғылыми-зерттеу  тәжірибелік институты құрылды, ал 1934жылдың қараша айында медицина институтында көз аурулары кафедрасы ашылды. Алғаш болып көз аурулары кафедрасының меңгерушісі  профессор В.П. Рощин тағайындалды, ол кафедраны 35 жыл бойы басқарды (1934-1969жж).

Қазақстанда офтальмологиялық  қызметтің  қалыптасуы Ұлы Отан Соғысы   басталуымен тоқтап қалды.  Соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданға жетік  маман — ассистенттер А.В. Ильченко, Л.Д. Мицкевич, Л.Д. Ципенюк соғысқа аттанды. Әрекеттегі  армияның емдеу мекемелерінде жұмыс істей жүріп, олар соғыс кезінде алған көз жарақаттарында жедел көмек көрсету және соғыс мүгедектерінің реабилитациясына хирургиялық көмек көрсету жұмыстары жайлы бірнеше бағалы ұсыныстар  кіргізді. Л.Д. Мицкевичпен ұсынылған   хирургиялық операциялар Ұлы  Отан соғысы тәжірибесінің фундаменталді  еңбектерінде жарияланған бұл жұмыстар қазіргі уақытта да көздің зақымдануларында көрсетілетін хирургиялық өңдеудің жетік компоненттері болып саналады.

Профессор В.П. Рощинның басқаруымен кафедра қызметкерлері Л.Д. Мицкевич,  Л.М. Ципенюк, А.В. Ильченко елімізде  бірінші болып, қасаң қабықты ауыстыру оталарын жасады.  Донорлық материалды залалсыздандырылған  вазелин майында консервациялау тәсілі ұсынылды, әртүрлі инфекцияда қасаң қабықтың зақымдануының морфологиялық аспектілері зерттелді. Осы жұмыстар Л.Д. Мицкевич (1942),  Л.М. Ципенюк (1945),  А.В. Кириллечеваның (1943) кандидаттық диссертация  қорғауларымен аяқталды.  Кейінірек, өзінің бүкіл өмірін қасаң қабықтың хирургиясына және оқытушылық қызметке арнаған кафедраның доценті О.М. Романико кератопластика мәселесімен айналысты.

Профессор В.П. Рощинның  басшылығымен 3 докторлық және 14 кандидаттық диссертациялар қорғалды, 100-ге жуық ғылыми мақалалар және монография  жарық көрді. Өзінің жұмысы үшін ол Ленин орденімен,  Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, Жоғарғы Кеңес Президиумының   мақтау қағаздарымен марапатталды. Оған ҚазССР ғылымға еңбек сіңірген қайраткері деген ардақты атақ берілді.

1970 жылдан 1988 жылға дейін көз аурулары кафедрасының меңгерушісі және институттың директоры  профессор Г.А. Ульданов болды. Оның басшылық ету кезеңінде Республиканың офтальмологиялық қызметін ұйымдастыру жұмысына көп көңіл бөлінді. Аймақтық офтальмологиялық құрылымдар дамыды, бас офтальмологтар және олардың атқаратын міндеттері анықталды, институттың жетекші мамандарының арасынан кураторлар тағайындалды. 1974жылдан бастап, офтальмологияда революциялық мәні бар емдеудің микрохирургиялық тәсілдері енгізілді, барлық аудандық офтальмологиялық орталықтар микроскоптармен және арнайы микрохирургиялық құралдармен жабдықталды.  Москвада алғашқы микрохирургтерді оқытқаннан кейін, сондай циклдер ҚазҒЗ көз аурулары институтында да ұйымдастырылды.     Емдеудің  микрохирургиялық тәсілінің дамуына донорлық тіндерді консервациялау қызметін ұйымдастырудың маңызы зор болды.

Профессор Г.А. Ульдановтың басшылығымен  25 кандидаттық және 2 докторлық диссертациялар қорғалды, 200-ге жуық ғылыми жұмыстар, соның ішінде 2 монография жарық көрді. Қазақстанда  көрнекті ғалым офтальмологтардың қатысуымен  офтальмологтардың 1 және 2 съездері өтті. Г.А. Ульданов институттың 10 ғылыми еңбектер жиынтығының редакторы, Қазақстан офтальмологтары қоғамының төрағасы, Бүкіл кеңестік офтальмогтар  қоғамы төрағасының  орынбасары болды.  Ол Халықтар достығы орденімен, Ұлы Отан соғысы уақытында қажырлы еңбегі үшін медальдармен, ҚазССР Жоғарғы Кеңес Президумының мақтау қағаздарымен марапатталды.

1989 жылдан 1995 жылға дейін кафедраны доцент Т.Г. Өтельбаев  басқарды. Профессор Г.А. Ульдановтың шәкірті кафедрада бірінші болып, Йемен республикасында  интернационалды көмек көрсету үшін офтальмолог ретінде жұмыс істеді. Кафедраның  ассистенттері К.Б. Көшеров, А.Н. Жұматаевпен бірге ол алғаш рет офтальмологиядан қазақ тілінде  оқулық басып шығарды.

1995 жылдан 2003жылға дейін кафедраны және ҚазҒЗ көз аурулары институтын тұңғыш рет әйел- профессор Ж.Ғ. Мұстафина басқарды. Оның және ҚазҰМУ ректоры профессор Т.А. Муминовтың басқаруымен кафедра мен институтты, сонымен қатар АМДБЖИ (АГИУВ) офтальмология кафедрасын қосатын «Офтальмология» атты оқу-әдістемелік, ғылыми-өндірістік бірігу құрылды. Мұндай интеграция студенттерді оқытуда ҒЗИ ғылыми- техникалық потенциалын пайдалану арқылы оқу, ғылыми-зерттеу үрдістерін жақсартуға ықпал етті.

Профессор Ж.Ғ. Мұстафинаның басшылығымен 18 кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды, 300-ге жуық мақалалар жарық көрді. Ол кісінің ынтасымен кандидаттық диссертацияны қорғауға арнайы кеңес ашылып, бірнеше жыл бойы ол оған төрағалық етті. Өзінің жұмысы  үшін Ж.Ғ. Мұстафина «Құрмет белгісі»  және «Парасат» ордендерімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің  құрмет мақтау қағаздарымен және «ҚР Еңбек сіңірген дәрігері» атағымен марапатталды.

2003жылдан 2009жылға дейін кафедраны профессор Б.О. Сулеева басқарды.  Оның 273 ғылыми мақалалары және 2 монографиясы, әдістемелік ұсыныстары жарық көрді,  ҚСРО, РФ және Қазақстан республикасының  24 өнертабысқа  куәліктер мен патенттер алынды.  Оның басшылығымен  7 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

2009 жылдың тамыз айынан бастап кафедраны профессор Т.К. Ботабекова басқаруда.  Ол 1988 жылы «Комплекс лечебных мероприятий, направленных на сохранение зрительных функций у больных с развитой и далекозашедшей стадиями первичной открытоугольной глаукомы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.  Осы ғылыми жұмыстың  нәтижесі 2003жылы «Новый вид квантового генератора лазер на парах золота и его возможности в лечении различной патологии глаз» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаумен аяқталды. Т.К. Ботабекованың 200 астам ғылыми жұмыстары, соның ішінде 3 монография жарық көрді, өнертабысқа бірнеше авторлық  куәліктер және Ресей федерациясы мен Қазақстан  Республикасының патенттерді беруге оң шешімдері алынды. Ол кісінің басшылығымен институт қызметкерлерінде ғылымға деген құштарлық  өсіп, Франция, Германия, АҚШ, Австрия, Италия,  Ресей, Украина және басқа да жақын және алыс  шетелдерде өтетін симпозиум, съезд, конференция және біліктілігін жоғарылату курстарына  жиі баруға мүмкіндік  бар.  Институт қызметкерлері Еуропа Офтальмологиялық Ұйым және түркі тілдес мемлекеттердің офтальмологтар Ассоциациясының мүшелері болып табылады.

Т.К. Ботабекова  «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» кеуде белгісімен, ал 2009 жылы отанымыздың  денсаулық сақтау ісіне  сіңірген көптеген еңбегі үшін үкіметтік «Парасат» орденімен марапатталды.

Поисковые слова: