Қымбатты ханымдар!

Қымбатты ханымдар! Сіздерді,  8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Осынау жарқын мерекенің сіздердің барлық үміттеріңіз бен армандарыңызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

Емдеу факультетінің деканаты