Конкурс туралы жалпы ереже

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Германиядағы Фрайбург қаласындағы Альберт Людвиг атындағы университет клиникасына студенттердің жинақылығы (мобильность) атты бағдарлама бойынша оқуға жіберу үшін 4 курс «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын емдеу факультетіне қарасты қазақ бөлімі студенттерінің  арасынан білім алушыларды іріктеп алу мақсатында конкурс жариялайды.

1.Мақсаты

Халықаралық білім беру және ғылыми кеңістікте медицина университеттерінің араласуы мақсатында құрылған бағдарламаға және Германиядағы Фрайбург қаласындағы Альберт Людвиг атындағы университет (медицина факультеті) пен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісімге байланысты студенттердің академиялық жинақылығын (мобильность) дамыту. Осы бағдарлама  аясында халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын іске асыру және ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру іске асырылады.

2. Қойылатын талаптар

1) Оқу озаты – оқу үлгерімі «үздік» және «жақсы» (сынық кітапшасының көшірмесі)

2) Шет тілін білу – ағылшын немесе неміс тілін (тілі білу деңгейін растайтын сертификат)

3)Қатысқан ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар (дипломдар мен сертификаттар)

4) Атқарған қоғамдық жұмыс туралы  мінездеме

3. Конкурс жетекшілері

Конкурсты емдеу факультетінің деканаты жүзеге асырады.

  1. Конкурс комиссиясының мүшелері деканат қызметкерлері мен кафедра оқытушыларынан жасақталады.
  2. Конкурс комиссиясының мүшелері үміткерлерді таңдауға байланысты іс-шараларды жүзеге асырады.

4. Конкурсты өткізу тәртібі

  1. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген студенттер өтініштерін емдеу факультетінің деканатына өткізеді. Төле би 94, № ғимарат, № 219 бөлме
  2. Өтініш өткізу мерзімі: 2012 жылдың 28 наурызына дейін (сағат 14:00-18:00 аралығында)
  3. Өтініш қабылданып біткеннен кейін конкурстық комиссия әр үміткермен әңгіме-сұхбат жүргізіп, арасынан іріктеп алады
  4. Қосымша ақпараттарды емдеу факультетінің деканатынан аласыздар
  5. Конкурс қорытындысы университет сайтында (http://kaznmu.kz/) жарияланады